Сонау 90 –шы жылдардың басы. Жаздың соңы еді. Анам келіп балам енді сен балалықты қой сабаққа баратын кез келді деп Алтайдағы нағашы атам үйінен келіп алып кеткені әлі есемде. Үйге келсем сөмке, дәптер қалам, мектеп формасы (ол кезде барқыттан тігілуші еді, маған орыс порым тапсыртып алыпты.) анам алып қойыпты Керемет қуандым. Сөйтіп аймақ түбінде бірнеше апта болдым. Қырдан келген кейіпті мектепке дайындап дегендей. Сосын не керек 1990 жылдың 1 қыркүйегі таңнан тұрып көпірдің ары жағындағы 3 –ші он жылдықтың табалдырығын аттадым. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, партаға отырған кезім. Сыныпта балалармен қатар ата-аналарда көп. Маған сол күні сынып іші адамға толы секілді. Сол күні менің адам болып, қалыптасуыма, «А мен Я» арасын біліп хат тануыма ықпал етуіме еңбек еткен. Тек мен емес жүздеген жасқа хат танытқан Қалимаш апайды көрдім.
Айтайын дегенім мектеп табалдырығын аттағанда Қалимаш апайымның алдына тап болғаныма қуанам. Апайым сол заманда Моңғол Халық Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі деген атқа ие. Расыменде атына заты сай. Кезінде ол кісіге барлығы баласын оқытуға беруге таласады екен. Сол бір жылдары сыныбыма 50 –ге жуық бала келіп еді деп еске алады. Өзіндегі бар жақсыны алдындағы шәкіртіне дарыта білген қадірлі жан. Ел тәуелсіздік алып Атамекенге үдере көшкенде 1992 жылы мұғаліміміз Қазақстанға көшкен еді. Мұғаліміміз көшіп кеткенен кейін 1993 жылы біраз үйрене алмағанымды жасыра алмаймайын. Осы орайда мына өлең жолдары сіз секілді ұстаздарға арналғаны шүбәсіз.
Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын
Есімде, әліппені жаттатқызып
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның — деп автор дәл айтқан.
Сол, Қалимаш апайым Атбасарда тұрады деп сырттай естіп жүретінмін, барып кездесу әр қашан ойымда жүретінді. Бірақ жол болмады. Нені ниет қылсаң орындалады демекші, мұғаліммен кездесу ойым биыл іске асты. Апайымыз Астананың іргесіне көшіп келгенін естіп, апайымның қызы әрі сыныптасым Гаухармен бірге биылғы жазда 21 жылдан кейін отбасында мұғаліммен кездестім. Құдайға шүкір апайым сонау 1992 жылғы бейнесінен көп өзгермепті. Қазір Қалимаш апамыз отағасы Мүсәйіп ағамызбен бірге ұлын ұяға, қызын қияға қондарып Астананың іргесіндегі Талапкер ауылында тұрып жатыр. Мұғалімім алдында әр қашан басымди иіп өтемін. Сіздің алғаш берген білім нәрі біздердің болашағымызға нық қадам болды.
ПыСы: Уа, әріптес сіздерде ұрпақ тәрбиелеп отырсыздар, сіздердің еңбектеріңіз ел болашағына тікелей әсер етеді. Әлбетте елдің болашағына жауапкершілікпен қарайық. Кәсіби мереке құтты болсын. Алдарыңыздағы шәкірттеріңізді мейірімдеріңізге бөлей жүріп, оладың рахметіне бөленіңіздер!
Ия устазга жетер пенде барма! Менде мына макаланы окып,алгашкы Балкумис апайым есиме тусип отыр,негізіұстаздар кауымынын барин жаксы коремин,бірі білімділігімен коринсе,бири улагатты созимен,ал тагы бири киер киимимен ерекшеленеді.Жалпы ұстаздар кауымын мерекелеримен куттыктап,шыгармашылык табыс,отбастарына береке-бірлік тилеп,алдагы жылы»Ұстаз мәртебеси»атты жана зан жобасы кабылданып,Ұстаздар мартебесинин артуына тилектеспин.
Айбек агай керемет!!! Мерекенизбен!!! Алгашкы устазынызды умытпай журегиниздин калауын орындаганыныз дурыс болды…… сиздин де шакирттериниз сизди еш умытпасын!!!
Рахмет, Алмагул омирде саттилик тилеймин!
Айбек. ұстазы жақсының ұстанымы жақсы дейді ғой өзің сияқты шәкірттері іздеп келетін ұстаздар жасай берсін!!!