Басы » Бастауыш сыныптар » Өз ізі. Шырша жыры.

Өз ізі. Шырша жыры.

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Ембі қаласы

№2 орта мектебі

Бастауыш класс мұғалімі

Темирбаева  Нургул Зейнуллиевна

 Сабақтың тақырыбы:   Өз ізі.  Шырша жыры.

Сабақтың   мақсаты:   Мәтіннің мазмұнын  меңгерту, негізгі идеясын ашу, балалар жазушысы М.Төрежанов туралы қысқаша мәлімет беру. Шырша жырын әуенімен айтуға жаттығу, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыта отырып, сыйластыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс

Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау, ойын технологиясы

 Пәнаралық байланыс:  қазақ тілі, музыка

Көрнекілігі: интербелсенді тақта

 

                                           Сабақтың  барысы:

I.Ұйымдастыру  бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Тату-тәтті достармыз біз,

Ынталы да талапты.

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.

II.Түстер бойынша  топқа бөлінеді.

Қызыл түс таңдаған оқушылар «Алғырлар» тобы

Сары түс таңдаған оқушылар   « Білгірлер» тобы

Көк түс таңдаған оқушылар    «Тапқырлар» тобы

Оқушылар өз орындарына жайғасады.

III.Үй тапсырмасын сұрау.

А) «Түйе мен тышқан» ертегісі.

Ертегі 2-3 оқушыдан сұралады.Экраннан ертегі көрсетіледі.

Ә ) Үй тапсырмасын қорыту мақсатында  «Шырша» ойыны ойнатылады. Шырша тармақтарына  қазақша жыл атауын ретімен айтып шық. Кәне, кім жылдам екен?

            (Үй тапсырмасы қорытылып, сабаққа жақсы қатысқан

             оқушылар мадақталады.)

 

М: — Балалар, бүгінгі сабағымызға Аяз ата қонаққа келіп отыр. Аяз атаның бірнеше тапсырмалары бар екен.Сол тапсырмаларды кім көп орындап, білімін көрсетсе, сол балаларға беретін сыйлығы бар екен. Олай болса, Аяз атаның тапсырмаларын орындауға асығайық!

Әр топқа тапсырмаларды орындаған сайын жұлдызшалар беріліп отырады. Әр топтың топ басшысы сайланады. Әр топ басшысы құрамындағы топ мүшелеріне тапсырмаларды орындап, дұрыс жауап берсе,10 балдық жүйемен белгілеп отырады.Сабақ соңында қорытындысы айтылады.

  IY.Жаңа сабақты меңгерту.

А) Қызығушылықты ояту.         Аяз атаның  1-тапсырмасы:

Ойын: Кім жылдам?

Мақсаты: Суретке қарап, кімнің ізі, ненің ізі екенін  анықтап көр. Кәне, кім жылдам екен?

Дәл тауып, белсене қатысқан топқа жұлдызша беріледі. Топ басшылары қатысқан балаларға ұпай жазады.

 

Ә) М: — Олай болса, балалар, «Өз  ізі» атты мәтінінің авторы балалар жазушысы   Мәдіхат Төрежанов туралы сызбаға зер сал.

Мәдіхат Төрежанов  Ақмола облысында туған. Ол  жазушы, педагог. «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек», т.б. прозалық кітаптардың авторы. Осындай қысқаша мәлімет «Пікірлер ағашына» толтырылады.

 Y.Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс. «Өз ізі» мәтіні.

А) Мұғалім мәнерлі түрде оқып отырады, экранда бейнелі  сюжет түрінде  көрсетіліп отырады.

Ә) «Өз ізі» атты мәтінді оқушылар  тізбектей, тұтастай оқып шығады.

Б) Аяз атаның 2-тапсырмасы:

«Кубизм» әдісі бойынша сұрақтар беріледі. Нөмірленген кубиктің қай жағы түссе,сол жағындағы  берілген сұраққа жауап береді.

№1  Мәтінде кім туралы айтылған?

№2 Жылдың қай мезгілі суреттелген?

№3  Жолда ненің, кімнің ізі жатыр?

№4 Әлкен қандай жермен жүрді?

№5 Неге ол жолсыз жермен жүрді?

Дұрыс жауап айтқан топқа жұлдызша беріледі. Топ басшылары қатысқан оқушыларға бағалау парағына ұпай жазады.

  YI.Сергіту сәті.

Жел уледі  у-у,

Боран келіп биледі  зу-зу,

Қатты қатты жел соқты гу-гу,

Жапалақтап қар жауды ду-ду.

Балалар парта арасынан шығып, қолдарын ауыздарына жақындатып, жай дыбыстайды.Екі қолды қайшылап, дауыстарын үдетеді, қолдарын соғады.

YII.Мәтінмен жұмыс. Аяз атаның 3-тапсырмасы:

А) «Алғырлар» тобына: Мәтіндегі оқиға жылдың қай мезгілінде болған? Оны неден аңғардың?

Ә) «Білгірлер» тобына:  Қарға қатысты жазушы қолданған көркем сөзді тап. Қардың қандай түрлері болады?

Б) Мәтіннің соңғы сөйлемін оқы.  Осы тілекті сен қалай түсінесің?

(Әр топ берген жауабына қараай топ басшылары ұпай

           береді  және  жұлдызша алады)

  YIII. Дәптермен жұмыс.

А) Өмірде  де  өз ізің, өз белгің болсын!

Оқушылар  дәптерлеріне жазып алады.

           Ой қозғау:  -Бұл қандай сөйлем?

  • Сөйлемнің қандай түрлері бар?
  • Лепті сөйлем дегеніміз не?

 

Ә) Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында жаттығу есебінде

жаңылтпаш жатқа айтылады.

IX.Ұжымдық жұмыс.  Сөзжұмбақты шешу.

  1. Адам аты. 2.Аяз атаның серігі. 3.Соңғы жыл атауы.4.Жаңа жыл көркі.5.Жыл атауы. 6.Жыл басы. 7.Аяз ата дорбасындағы зат.

Шешкеннен кейін  ар жағынан шыршаның суреті шығады.

Оқушылар   «Шырша жыры»  әнін айтатынын бірден тауып алады.

«Ой қозғау:  -Жаңа жылға дайындығың қандай?

(Оқушылардың ой –пікірі тыңдалады.)

         X.Аяз атаның 5-тапсырмасы:

М: -Әннің сөзін жазған: Ә.Дүйсенбиев, әнін жазған: Л.Хамиди

«Шырша жырын» әуенімен айтуға жаттық. Әр топ бір шумақтан айтып шығады.

 (Топ басшысы  ұпай береді және әр топқа жұлдызша беріледі)

XI.Топпен жұмыс.  Аяз атаның 6-тапсырмасы:

«Алғырлар» тобына:  «Шырша» туралы мәтінін құрастыру.

«Білгірлер» тобына:  «Шырша»   туралы қандай  тақпақ білесің?

«Тапқырлар» тобына:  «Шырша» туралы қандай жұмбақ білесің?

(Жауап берген оқушыларға топ басшысы ұпай береді және әр топ жұлдызша алады.)

 

XII. Сабақты бекіту.

  • Мәтіннің авторы кім?
  • Қандай шығармасымен таныстық?
  • Мәтіннің негізгі түйіні:

Біреуге жасаған жақсылығыңды,қамқорлығыңды  ел  айтсын!

Бір –біріңе жақсы тілек айт.

XIII. Бағалау.

Аяз ата  балалармен қоштасып, келесі оқу жылында да жақсы оқып, озат,үлгілі оқушы болуларыңа тілектестігін білдіріп, сыйлықтарын таратып береді.

Сөз кезегі әр топ басшыларына беріліп, «Бағалау парағы» бойынша кім қанша ұпай жинағандары тексеріліп, оқушылардың білімдері бағаланады.

  • пай – «5», 30-40 ұпай – «4», 20-10 ұпай- «3»

XIY.Үйге тапсырма:

«Шырша жырын» жаттау.

Мәтінді оқу, мазмұнын айту.

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *