Басы » Бастауыш сыныптар » Кіріспе. Мен зерттеушімін

Кіріспе. Мен зерттеушімін

 

Қарағанды қаласы №22 мектеп-интернаты КММ

 

Сабақ тақырыбы: Кіріспе          

Мен зерттеушімін

Мектеп: №22
Күні : 06.09.2016   Мұғалімнің есімі: Сейсенова Қамажай Жұмабаевна
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: •                     Барлық оқушылар:  қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну;
  •                    Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жүргізу.
•                     Кейбір оқушылар:  жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Ресурстар:             бөлме өсімдіктері;

табиғи және жасанды заттар;

сызғыш;

таразы.

Күтілетін нәтижелер:             Оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің қажеттілігін түсінеді;

қоршаған ортадағы құбылыстарға қалай бақылау­ жасау керектігін біледі.

Сабақтың мақсаты: 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар  

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Зерттеу дегеніміз — қандай да бір құбылысты ғылыми түрде оқып-үйрену үдерісі. Адам ба­ ласы қоршаған ортаны тани бастаған шақтан зерт­ теушілер пайда бола бастады. Алғашқы зерттеу­­ шілер философтар және дін қызметкерлері еді. Олар ғылымның жеке салаларын зерттемей, тұтас қарастырды. Мысалы, Ежелгі Мысыр абыздары бір мезгілде жыл санаумен, астрономиямен, матема­ тикамен және медицинамен айналысты. Ұлы ғалым­-дардың көпшілігі Ежелгі Грекиядан шықты. Олар — есімдері дүниежүзіне белгілі Сократ, Платон, Аристотель, Пифагор, Гиппократ, Архимед т.б.

 

Қазіргі заманғы ғылымның көптеген бағыттары бар. Өмірін ғылымға арнаған ғалымдар теориялық та, практикалық та тұрғыда зерттеулер жасай алады. Олар барлық қолда бар құжаттарды зерттейді немесе әртүрлі тәжірибелік бақылаулар жүргізеді.

 

Кіріспе сабағының барысында оқушылар зерт­ теушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді. Олар өз жұмысында ғылыми әдістерді пайдаланады және тексерістен өткен деректерге сүйеніп, зерттеу жасайды. Деректер құбылыстарды тікелей бақылау, өлшеу, тәжірибелер жасау арқылы алынады. Ғалым жұмысының негізгі бөлігі мәліметтермен жұмыс жасап, оларды жазу және сараптау болып табылады.

Есте сақта!  

Зерттеушілер  бізді  қоршаған

Әлемді           зерттейді. Олар бақы­

лайды,­           өлшейді,  тәжірибелер

жасайды­ және нәтижелерін жазып отырады.

%d0%b7%d0%b5Кіріспе тапсырма. Оқулықтағы мәтінді оқу. Оқушыларға айна­ ламыздағы заттар мен құбылыстарды зерттейтін адамдарды зерттеушілер деп айтатынымызды түсіндіру. Ғылым саласындағы зерттеулермен ғалымдар айналысады. Олардан ғалымдардың нені зерттейді? Талқылау барысында оқушылардың жауаптарын толықтыру: ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде табиғатта өсімдіктер мен жануарлар өте көп, олардың қандай түрге жататынын, қайда өсіп, мекендейтінін, немен қоректенетіндерін біл­ дік. “Заттар қалай қозғалады?” және “Не үшін қозғалады?” деген сұрақтарға ғалымдардың өз пайымдауы болады. Тапсырманы жұппен ауызша орындау.

 

Талқылаудан кейін ойын ойнату. Оқушыларға әртүрлі заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың суреттерін тарату. Әрбір оқушы зерттеуші рөлін ойнап, өз қолындағы суретті көрсетеді. Мысалы, аюдың суретіне қарап, оқушы: “Мен зерттеушімін, мен аңдарды зерттеймін”, — деп айтады.

 

 

Бақыла.

Сен білесің бе? Оқушыларға қазіргі заман зерттеушілері табиғатта болып жатқан әртүрлі құбылыстар мен заттарды да бақылай алатынын айту. Қазіргі таңда олар көзге көрінбейтін заттарды бақылауды үйренді. Ғалымдар көзге көрінбейтін заттарды бақылау үшін лупаны (үлкейтіп көрсететін арнайы құралдарды) пайдаланады. Oқушыларға көзге көрінбейтін ұсақ затты үлкейткіш әйнекпен немесе микроскоппен бақылату.

 

Бөлме өсімдігін зертте. Оқулықтағы тапсырмаға кіріспес бұрын, оқушыларға өлшеу әрекеті туралы мәтінді оқып беремін. Оқулықтағы суретке назарларын аударып, балалардың не істеп жатқандарын сұрау. Жақсы зерттеуші болу үшін заттарды өлшей білу қажет екенін айтыңыз. Өлшеудің көмегімен олар заттың көлемін немесе салмағын анықтай алады. Оқушыларды топтарға бөлу. Oларға өлшеу жасай алатындай әртүрлі заттарды ұсыну. Өлшеуге пайдаланатын затты оқушылардың өздеріне таңдату. Оқушыларға бөлме өсімдіктерін беріп, оларға ұқыпты болуларын сұрау. Тәжірибеге мысал келтіру, мысалы: өсімдіктің биіктігі 2 қаламға сәйкес т.б. Оқушылар өз өлшеулерінің нәтижелерін сурет салу арқылы көрсетеді.

 

 

Нәтижесін жаз. Оқушылардың назарын оқулықтағы мәтінге аудару, зерттеушілердің өз бақылаулары мен өлшеулерінің нәтижелерін не үшін жазатыны туралы сұрау. Жауаптарды тыңдап алып, оқушыларға бұл нәтижелерді ұмытып қалмау үшін және кейін тексеру кезінде қолдану үшін жазу керек екенін айту. Оқушыларға өздерінің бақылаулары мен өлшеулерінің жазбаларына қайта қарап, оларды сыныптағы басқа оқушылардың жазбаларымен салыстыруды ұсыну.

 

 Пәнаралық байланыс

 

Қосымша тапсырмалар

 

Дүниетану. Адамдар өздерін қоршаған ортанықалай зерттейтіндіктері туралы талқылайды.

 

Көркем еңбек. Бақылау барысында сурет салу.Oқушылар зейінді болып, заттың суретін неғұрлым нақтырақ салулары тиіс.

 

 

Кейбір оқушыларға оқулықтағы тапсырмаға қосымша ретінде өсімдіктерді сызғыштың көмегімен өлшеуді ұсынамын.

 

Бөлме өсімдігін зертте.

Бөлме өсімдігінің бірін ал.

Оның биіктігін қолыңда бар

заттармен өлше.

Нәтижесін жазып отырады.

 

Сен өсімдіктің биіктігін әр түрлі заттармен өлшедің. Зерттеу нәтижесін қағазға жазып ал немесе суретін сал.

 

Бағалау

 

            Оқушылар бақылау жасай алады.

 

Оқушыларға өздерінің айналасындағы заттарға бақылау жасату.

 

Оқушылар әртүрлі өлшеулер жасай алады. Қолда бар заттардың көмегімен заттарды өлшеуді тапсыру.

 

Оқушылар жасаған бақылаулары мен өлшеулерінің нәтижесін жаза алады.

 

Бақылаулары мен өлшеулерінің нәтижелерін жазып отыруды ұсынамын.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *