Басы » Tәрбие сағаттары » Біз қазақпыз,қазақпыз,тәуелсіз біз азатпызбет 30

Біз қазақпыз,қазақпыз,тәуелсіз біз азатпыз

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Аққұдық негізгі мектебі»ММ

Сынып жетекшісі:Бегжанова Г.Қ.

 «Біз қазақпыз,қазақпыз,тәуелсіз біз азатпыз»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.                                                     Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.                                                                                                                        Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

Қазақ елі суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Н.Ә Назарбаевтың суреті.

Нақыл сөздер, Қазақстан туралы

Тәрбие сағатының барысы:

Қазақстан туралы не білеміз?

Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Мұғалім сөзі.

Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

Оқушы:

16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Оқушы:

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. «Туған ел» суреті

Оқушы:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы:

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Оқушы:

Бостандық құтты болсын ерікті ел,

Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Ән «Отаным — Қазақстан»

Оқушы:  

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы, білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.           «Бәйтерек» суреті

Оқушы:      

Халқымның мақтанышы — алып тұлға.

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

 

Оқушы:      

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.

Оқушы:        

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Оқушы:        

Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!

Хор «Елім менің» Сөзі: Н. Назарбаев Әні: Б.Тілеуханов
«Астанаға саяхат»  суреттер көрсетіледі.

Оқушы:        

Көз қуанып күн сайын көркеміне,

Көңіліміз сенеді ертеңіне

Қазақстан – алып ел, төрі Астана,

Таңым ғана лайық ел төріне.

Оқушы:        

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз

Ел намысын ешбір жанға бермейиіз,

Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?

Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.

Оқушы:          

Отаным – Қазақстан туған жерім,

Мұнай мен газ болады асыл кенім

Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,

Артамыз елбасына үлкен сенім.

Оқушы:    

Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған,- деп — Әнұран?!

Оқушы:

Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы — Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

Хор  «Әнұран»  Бәріміз әнұранды айтып берейік.

Оқушы:          

Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр…

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

 

 

Оқушы:          

Көк аспанда нұлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға.

«Сөзжұмбақ»  шешу.

Оқушы:          

Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім

Самғап жүрсек бостандықта, биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.

Хор  «Қазақстан»

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *