Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 02.11.2012ж
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Сәндік «Қазақтың өрнегімен өрнектелген кітап арасына салатын белгі»
Мақсаты: Балаларды әсемдікті көре білуге үйрету. Ою-өрнектермен жолақшаны әшекейлеу.Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай білуге дағдыландыру. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Үлгі сурет, түрлі-түсті қағаздар, желім, сүлгі.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы | 1 Балалар шеңберге тұрып амандасады.
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз. Қайырлы таң, балалар, Қайырлы таң, апайлар! Сәлем, сәлем, сәлем. |
Шеңбер ішінде балалар қол ұстасып бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. |
Ұйымдастыру-іздестіру | -Балалар, біз кітап оқыған кезде кітапты майыстырмау үшін не пайдаланамыз?
-Дұрыс. Мынау – кітап арасына салатын жолақша. Ол немен әшекейленген? -Балалар, ендеше біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде осы жолақшаны жасаймыз. Балаларға кітап арасына салатын жолақшаны түрлі-түсті қағаздардан қиып, өрнектеп жасауды ұсынады. Жапсыру технологиясын түсіндіріп, көрсетеді. Сергіту сәті. |
-Кітап арасына салатын жолақша. -Ою-өрнекпен.
Балалар өздері жұмыс жасайды. |
Рефлексивті-түзетушілік | Балалардың іс-әрекетін қорытып, жақсы, ынталы балаларды атайды, барлық балалардың жұмыстарын мақтайды.
|
Өз жұмысын салыстыра бағалайды, ең таңдаулы жұмысты атап, әңгімелейді. |
Күтілетін нәтиже:
Не білуі керек: Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерін.
Нені игереді: Жолақша жасауды.
Не үйренді: Жолақшаны ою-өрнекпен әшекейлеуді.
[bws_related_posts]