Басы » Cыныптан тыс » «Отбасы – өмір аясы» Ата –аналар үшін тренинг

«Отбасы – өмір аясы» Ата –аналар үшін тренинг

otbasy-mir_ajasy«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

              Сынып жетекшісі: Кенесбаева Г.С.

Ата –аналар үшін тренинг

Тақырыбы: «Отбасы – өмір аясы»

Мақсаты мен міндеттері: ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,  ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.

Тренингтің барысы:

Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу ерекше болады деп сенеміз. Тәрбие беру проблемалары жайында әңгімелесетін боламыз. Әуелі танысып алайық… ( барлығы өздерін таныстырып өтеді). Тәрбие беру үрдісін болжап айту қиын. Мұнда ата-аналардың да, ұстаздардың да өкілдері бар. Сіздер тәрбие берудің әр түрлі баррикадасында емес, бір топтасыздар. Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз.Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді. сіздермен бірлесе отырып  бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.

Психологиялық дайындық.

Қар көшкіні.

Әрбір қатысушы өз есімдерін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім қосады.Мысалы:Айнаш есіміне алғыр сияқты сын есім қояды.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар біз неге шеңберге тұрып, тренингмізді бастадық?

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.

Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» — әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» — әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

Отбасы- кішкентай адамның  өміріндегі  алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады.

Нақ  отбасында- мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы- отбасы  мүшелері арасындағы –өз ара қарым-қатынасқа  байланысты. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге

(ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесініңең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.

Отбасылық өмір көп қырлы, қиындығы, проблемасы жоқ от басы болмайды.Бірақ сонда да идеалды отбасы сияқты түсінік бар.

Слайд№1

  • Ата – аналардың педагогикалық мәдениеті – олардың педагогикалық мақсаттардың және бағыттардың деңгейі.
  • Ата – ана тәрбиеші ретінде педагогикалық дәрежеге жету.
  • Ата – ана практикалық білім, білік түрлері және сапалы және саналы тәрбиеде қалыптасу.

Өзгертілген жұмыс. «Аяқталмаған сөйлемдер әдісі» (ата-аналарға сөйлемдер оқылады, олардың жауаптары тыңдалады, қажет болған жағдайда толықтырылады)

Бала қандай болады

Егер:

—   Баланы сынап отырса , ол  … (жек көруді) – үйренеді

—   Бала өшпенділікпен өмір сүрсе, ол…  (агрессивті болуды) үйренеді

—   Бала кінәлап отыруда  өмір сүрсе, ол… (кінәлі адамдай сезініп өмір сүруді) үйренеді.

—  Бала төзімділікте өссе,  ол…. (басқаларды түсінуге) үйренеді.

—  Баланы қолдап отырса,  ол… (басқаларды түсінуге) үйренеді.

—  Баланы келемеждей берсе, ол… (тұйық) үйренеді.

— Бала түсіністікте және ынтымақтасуда өмір сүрсе, ол… (бұл өмірде сүйіспеншілікті табуға) үйренеді.

— Егер де бала мадақтаулар арасында өмір сүріп жатса…..( ол өзгелердің құнын таниды)

(өзіңіздің айтылған сөздерге қарым-қатынасыңызды айтып беріңіз, өмірден мысалдар келтіріп ойыңызды растаңыз).

Топтық жұмыс. (ватман мен маркерді дайындау)

Қазір біз ватманды екі бөлікке бөлеміз де, біреуіне өз балаларымызды мадақтайтын, ынталандыратын сөздерді, екінші жағына- ұрсатын сөздерді жазамыз (қай бағанда көп сөз жазылғандығына талдау жасалынады,ата-аналарға өздері үшін қорытынды жасау ұсынылады….)

Аталмыш жұмыс (плакатта көрсетеді) әңгімелесуге келесі тақырыпты ашады: мадақтау мен жазалау.

Миға шабуыл.( Сұрақтарға жауап, өз тәжірбиелерімен алмасу)

Ата-ана болу –бұл қуанышты, сонымен бірге көп күш салуды қажет ететін еңбек. Осы жұмысты атқара отырып, біз бірнеше мәрте тығырыққа тірелеміз. Баланы жазалауға болады ма?, Қашан және мұны қалайша жасау керек?, Баланы мадақтаумен бұзуға бола ма?, Баланы не үшін мадақтауға болады?

Сіздердің назарларыңызға  ұсынылатын нақыл сөздермен таныс болыңыздар және осы нақыл сөздер туралы өз ойларыңызды құрыңыздар.

Ұлы адамдардың, халық даналығының ойларымен келісесіз бе әлде жоқ па?

  1. Кім мені мақтаса- сол менің жауым ( корей мақалы)
  2. Өзіңді мақтаған адамға сенбе ( жапон мақалы)

 

  1. «Бала өзін жақсы көрген адамды ғана жақсы көре алады. Және де оны тек сүйіспеншілікпен тәрбиелеуге болады» Ф.Э. Дзержинский.

«Балада еркіндік көп болған сайын, жазалау қажеттілігі де соғұрлым аз. Мадақтау көп болған сайын, жазалау соншалықты аз» Я. Корчак

4.«Қылмыскерді емес, істеген әрекетін кінәла» Жапон мақалы.

«Адамды емес, оның әдеттерін кінәла» Фин мақалы.

  1. «Баланы дүре соғумен емес, ұятпен жазала» орыс мақалы.
  2. « Ашумен берілген жаза мақсатына жетпейді. Оған балалар өздеріне емес, салдарына сияқты қарайды» И.Кант.
  3. «Аялаумен ала алмаған, қаталдықпен ала алмайды» А.П. Чехов.

Мадақтау. Сіздің балаңыз сізді таңқалдырды деп елестетіңіз. Сіздің жауабыңыз қандай болады? Оған не деп айтасыз? Қалай қолдайсыз?- мысалы жақсы! Ертегідегідей! Сен ғажапсың! ж/е т.б.

Отбасы құрылымы

1.Мен

2.Күйеуім

3.Отбасы

4.Жұмыс

5.Ата – ана

Бейнеролик бала тәрбиесі.

Психологиялық тест.

-ит

-мысық

-күн

-қап

-тау

-жол

-жылан

-үй

-гүл

«Мен бейнесі» фольгамен жұмыс.

Әр қатысушы өз бейнесін фольгамен жасап, қорғау және өзін мақтау.

Бейнеролик. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің»

Кері байланыс.Мен  білемін/мен үйрендім/мен нені білгім келеді.

Құрметті ата –аналар! Өз балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз.

Сонда барлығы жақсы болады! Көп рахмет!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *