«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Марданова Маржан Сайрановна
Әке-асқар тау
Әке-асқар тау
Мақсаты:
- Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту;
- Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, өз өнерлерін көрсете білуін қалыптастыру
- Әкені құрметтеу, сыйлай білуге дағдыландыру
Тәрбие сағатының әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Педагогикалық технологиялар: дамыта оқыту, СТО
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка
Барысы:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар «Әке –асқар тау» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке-отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке-асқар тау, ана-қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке-бәйтерек» дейміз.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез-келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала жетім. Әке-асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке-баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.
Ертеде бір қария қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
-Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
-Балам, анау не?-деп сұрапты.
-Ол түйе,-деп жауап беріпті.Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Баласы әлгі жауабын тағы қайталапты.Әкесі үшінші рет сұрағанда баласы:
-Ол түйе, түйе! Өзім шаршап келе жатқанда қайта-қайта неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:
-Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір»,-деген екен.
Әкені ренжітуге болмайды. Әкегк бағыну-аллаға бағыну. Әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау. Ата-анаңа не істесең, алдына сол қайтады дейді қазақта.
Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген,
Суыққа бір шалдырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық-сайран, құрыпжүрміз,
Біз бүгін әкелердің арқасында.
Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді арқаланып,
Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.
Жүзге жет жүзің жарқын, денің сау боп,
Оны да аман-есен қарсы алалық.-дей келе, ұл-қыздарыңыздың өнерлерін тамашалауға шақырамыз.
Әдеби монтаж
1.Зарина:Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Құттықтап келді бүгін боталарың.
Әрқашан анамызбен аман болып
Тең көріңдер бала-шаға қуанышын!
2.Адель:Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Арқа сүйеп еркелейтін асқар тауым!
Ерекше қайталанбас даралығың
Өміріме жол сілтейді даналығың!
3.Аружан:Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Тілеймін өзіңізге Жамбыл жасын.
Бақ-даулет, береке, ырыс болып
Ата бабам әруағы қолдасын!
4.Асан: Арманы едім аңсаған,
Әкелем бақыт мен саған.
Ұрпағым болып жалғастым,
Қуаншы, әке, сен соған.
5.Аслан:Теңіздей шалқып жүремін,
Сүйенер сенсің- тірегім.
Барсам да қайда, жан әке,
Өзіңмен бірге жүрегім.
6.Арнұр:Атам айтса «ұлым» деп,
Әжем айтар «күнім деп.
Екеуінен қаймығып,
Айтады мені інім деп.
Ықыласы бір менде,
Бір шытпайды қабағын.
Үйде, түзде, жүргенде,
Соған ұқсап бағамын.
7.Еркежан: Ата-анамның күнімін,
Туған елдің қызымын.
Тілімде бал, өзім –бал,
Балдай тәтті қылығым.
8.Гүлім: Өзіңнің ерке қызың бұл,
Арнайды бүгін саған жыр.
Жақсылық тілеп жолына,
Әрқашан әке, аман жүр.
- Қарақат:Әкем біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз, табылмас ақшаға да,
Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін бере ме басқа бала.
Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары,
Ана — тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуы таралады.
- Мирас
Мен сізді жақсы көрем әке жаным,
Мен сіздің кіп-кішкентай балапаның.
Қолыма қалам алып алғашқы рет,
Құттықтап мерекеңе жыр арнадым.
Ән: Әкелер орындайтын Қабдеш Аслан
Ойын: Мақал-мәтелдердің жалғасын табу
Әкелеріміздің тапқырлығын байқайық
Тәні саудың……..сау (жаны)
Денсаулық….. байлық (зор)
Шынықсаң…. боласың (шымыр)
Маймақ, дәу, қоңыр (аю)
Өзі қу, жүрген жері шу (түлкі)
Би: Менің әкем биі
Ойын: «арыстандай айбатты
Әкем менің қайратты» әкелеріміз күштерін сынап, қол күрестіреді.
Ән: Анашым-әкешім орындайтын Зарина
Ойын: «Әке мені тамақтандыршы»
Әкесі баласына сүт береді.
Би: «Құстар» қыздардың орындауында
Қимыл қозғалыс ойыны
«Ия» десеңіздер қолдарыңызды шапалақтаңыздар.
«Жоқ» десеңіздер аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1.Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2.Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?
-егер «жанұя» десеңіздер жымиыңыз.
-егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолды алдымызға созамыз.
3.Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыздар?
-егер «әке» десеңіздер,қолды шапалақтаңыз,
-егер «шеше» десеңіздер, қолды бұлғаймыз.
-егер «екеуі» десеңіздер, орнымыздан тұрамыз
Би: «Жапырақтар» қыздардың орындауында
Би: ұлдардң орындауында
ӘКЕ ТУРАЛЫ МОНОЛОГ
Би: «Гүлдер» қыздардың орындауында
Балаңызға қандай тілек айтасыз. Сол тілекті баласына береді. Баласы «Бәйтерек» ағашына жабыстырады.
Қорытынды
Шешесін ұқпайтын
Әкеден ықпайтын
Ұл болмайды.
Шешеге тартпайтын,
Әкеге жүк артпайтын
Қыз болмайды-деп тегін айтпаған. Оларды жақсы тәрбиелеп, өнегелі еңбекке баулып, еліне пайдалы азамат етіп өсіру сіздердің абзал борыштарыңыз.
Ертеме, кешпе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.
Өсіріп баптап баласын
Әкелер әркез «Жарайсың»
Бар өнерін үйреткен
Оздырған да жүйріктен
Әке- деген ардақты ат.
Менің әкелерге тілегім:
Қыстай суық денсаулық.
Жаздай ыстық махаббат
Күздей шат көңіл,
Көктемдей күліп жүре беріңіздер.
Хор: «Егеменді ел Қазақстан»
Бүгінгі кездесу сағатымызға уақыттарыңызды бөліп, бала деп келгендеріңізге көптен-көп алғыс айтамын.
[bws_related_posts]