Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кенті Мұса Баймұханов атындағы орта мекетбінің мектепалды даярлық сыныбының І санатты тәрбиешісі: Аменова Жанар
ХХІ ғасыр көшбасшы.
Мақсаты: балалардың білім, білік дағдыларын байқау. Өздерін еркін ұстай білуге үйрету,
шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрметті балалар, ұстаздар, ата-аналар!
Бүгін сіздер мектепалды даярлық «А» тобының «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының куәгері болғалы отырсыңдар.
Ақыл-тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім-кен, қанша алсаң азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, — деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді балаларымызды ортаға шақырамыз.
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы –алқаларын.
1.__________________________________
2.__________________________________
3.__________________________________
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан, -деп Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойнымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сонымен сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
І «Бәйге».
ІІ «Ғажайып алаң».
ІІІ «Полиглот»
ІV «Жорға»
Сонымен І сайысымыз «Бәйге». Мұнда барлық сайыскерге ортақ мектеп бағдарламасынан
және одан тыс 24 сұрақ беріледі. Әр жауап 5 ұпайдан
есептеледі. Бұл айналымда аз ұпай жинаған 2 баланы
ойыннан шығарамыз.
Ақылдылық тобымызға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ- жауап сайысында
Сыналар білім мен парасатың,- дей отырып, «Бәйге» кезеңін бастаймыз.
- Бір жылда неше жыл мезгіл бар?
- 8 наурызда қандай мерекені тойлаймыз?
- Қазақ тілінде неше әріп бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Біз қай мектепте оқимыз?
- Сол башпайда неше башпай бар?
- Біздің ұлтымыз қандай ?
- Бізді қоршаған ортаны не дейміз?
- 1 мамыр күні қандай мерекені тойлаймыз?
- «Орман дәрігері» деп қай құсты атаймыз?
- 1 таңбалы санның ең кішісі қандай сан?
- Оң қолымызда қанша саусақ болады?
- 12 сәуір күні қандай мерекені тойлаймыз?
- Түйенің төлі қалай аталады?
- «Шалқан» ертегісінде шалқанды отырғызған адам?
- Кемпірқосақтың неше түсі болады?
- Айналаның бәрі аппақ қар. Бұл жылдың қай мезгілі?
- Аспанда неше күн болады?
- Ұшбұрышта неше бұрыш болады?
- 1 таңбалы санның ең үлкені қандай сан?
- Өзі қу, әрі айлакер. Жүрген жері айқай шу?
- Күн ұзарып, түн қысқаратын жылдың қай мезгілі?
- Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал, оның баласын «көжек» дейді?
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.
Сөз кезегін әділ-қазыларға берелік, ұпайы аз 2 баланы ойыннан шығарады.
(10 бала-келесі турға 8 бала өтеді)
Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған жас өрендерімізге сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.
Ал жас өрендер ІІ кезең «Ғажайып алаң» .
«Ғажайып алаң» шартына құлақ салыңыздар! Мұнда балалар өздеріне ұнаған ұяшықты таңдап, математика әлеміне сапар шегеді. Әр жауап 5 ұпайдан есептеледі. Қателескен жағдайда әр жауабынан 1 ұпай шегеріледі.
Ойын толық айналғанда қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреуі озып келеді қатарынан,
Біреуі қалып жатады ағыстан.
Тапсырмалар:
1 ұяшық. 2 ұяшық. 3 ұяшық. 4ұяшық. 5 ұяшық. 6 ұяшық. 7 ұяшық. 8 ұяшық.
(8 бала- келесі турға 6 бала өтеді)
ІІІ кезең «Полиглот». Бұл кезеңде әртүрлі сұрақтар берілген, оған жас ұландар қазақ- орыс- ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ тілінде жауап бергені үшін 1 ұпай, орыс тілінде жауап бергені үшін 2 ұпай, ағылшын тілінде жауап бергені үшін 3 ұпай қосылады. Егерде сұраққа толық жауап берген жағдайда оған 5 ұпай қосылады.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын!
Білімдерден шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын.
І балаға: ІІ бала:
-Гүлдерге кеп күнәра, -Алма ағашта 5 алма,
Қонушы еді бір ара. Қандай тәтті жесең алма.
Бүгін екі туысын 1-еуін жеп қойсам,
Ертіп кепті бұл ара. Қалады сонда неше алма?
(үш-три-сри). (төрт-четыре-фо)
-Өзіңнен үлкен ер бала, саған кім болады? -Әкеңнің әкесі, саған кім болады?
(аға-брат- бразе) (ата-дедушка-гранд фазе)
ІІІ бала: ІV бала:
-Қолымда 4 алма, -10 асықтың 3-еуін,
Табақта 2 алма. Досың сұрап алады.
Барлығы қосқанда, Айтшы сонда нешеуі,
Болады неше алма? Өз қолыңда қалады.
(алты- шесть-сикс) (жеті-семь-севэнь)
-Өзіңнен үлкен қыз бала, саған кім болады? -Әкеңнің анасы саған кім болады?
(апа-сестра- систэ) (әже- бабушка- гранд мазэ)
V бала: VІ бала:
-Ағашта 10 өрік, Аспанда ұшқан көгершін,
Үзіліп түсті 2-уі. Қол соза оған қарарсың.
Сонда ағаш басында, 2 ұшты оң жаққа, 2-уі ұшты сол жаққа,
Неше өрік қалады? Нешеу болды, көгершін?
(сегіз-восемь-эйт) (төрт-четыре-фо)
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Мұздай бесік таянған,
Ол кім десеңдер…(Ана-мама-мазэ)
(6 бала-келесі турға 4 өтеді)
ІV кезең «Жорға». Бұл кезең ұпайең аз баладан басталады. Оларға жеке-жеке сұрақтар қойылып, әр жауапқа 2 ұпайдан беріледі.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Балалардың дарабозы деп жүрейікші.
Әділқазылар тек әділдікті,
Ал, білімді жастарға сәт-тілік тілейікші, — деп отырып сайысымыздың соңғы кезеңін бастаймыз.
І бала:
-Жапырақтардың сарғайып жерге түскен мезгілі?
-Көктем келгенін хабарлайтын қандай құс?
-Бағдаршамның қандай түсі жанғанда адамдар жүреді?
-Сөйлем біткеннен кейін не қойылады?
— 2 қоянның құлағы нешеу?
ІІбала:
-Айналаның бәрі аппақ қар, бұл жылдың қай мезгілі?
-Бейбітшілік құсы қандай құс?
-Альфавиттің ең бірінші әрпін ата?
-Әріптер бірігіп- бірігіп не болады?
-3 мысықта неше құйрық?
ІІІ бала:
-Қызғалдақ пен бәйшешек жылдың қай мезгілінде шығады?
-Орман дәрігері деп қандай құсты атаймыз?
-Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын дыбысты ата?
-Адам аты қандай әріптен басталады?
— 2 сиырдың аяғы нешеу?
ІV бала:
-Балалар сырғанақ теуіп, шанамен ойнайтын жылдың қай мезгілі?
-Адам досы деп қандай құсты атаймыз?
-Ғ әрпінде қандай ерекшелік бар?
-Ең қорқақ аң?
-қаздың аяғы нешеу?
Әділ-қазылар бүгінгі ойынның шешімін шығарғанша балаларымыздың арасынан «Кім шапшаң!» ойынын ойнатамыз.
Бүгінгі көріп тамашалаған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысымыз осымен аяқталды. Келгендеріңізге, тамашалағандарыңызға көп-көп размет! Балаларыңыз тек биіктен, жеңістен көріне берсін демекпіз!.
[bws_related_posts]