Басы » Бастауыш сыныптар » Синонимдер

Синонимдер

%d0%ba%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%ba%d0%b0%d1%82Алматы қаласы

Әуезов ауданы

№72 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Игілік Қарақат

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәннің аты

Қазақ тілі

Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Синонимдер
Мақсаты ü  Білімділік. Синонимдер туралы түсінік беру.

ü  Дамытушылық. Жаттығу жұмысын жүргізе отырып, сөздік қорын, ауызша, жазбаша сөйлеу тілін, танымдық белсенділігін дамыту.

ü  Тәрбиелік.Ой еркіндігіне, ізденімпаздыққа баулу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.

Психологиялық ахуал Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Жылы атмосфера қалыптастыру «Жақсы тілек — жанға тірек». Балалар шеңбер жасай отырып, бір-біріне жақсы тілектерін айтады.  Тілектер қайталбауы қажет.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Бағалау парағымен таныстыру.

Теориялық білімді жинақтауға байланысты зымыран сұрақтар. Алдыңғы  тақырыпты қысқаша қайталау.

1. Омонимдер дегеніміз не?

2. Көп мағыналы сөздердің омонимдерден қандай айырмашылығы бар?

3. Мәтін дегеніміз не?

4. Ауызша тіл дегеніміз не?

5. Әдеби тілге түсінік беріңіз

Мағынаны тану Жаңа тақырып туралы түсінік беру

Жаңа сабақты меңгерту алдын ала плакат бетіне жазылған мысалдарды оқи отырып түсіндіруден басталады.

1. Зат есімдер    2. Сын есімдер    3. Етістіктер    4. Үстеулер

Кім?                  Қандай?                  Не істеу?         Қашан?

Мұғалім            қадірлі                     күту                  тез арада

Ұстаз                 қатерлі                    тоқтау               жуықта

Педагог             құдіретті                 кідіру                таяуда

Оқытушы          құрметті                 аялдау               жуырда

Тәрбиеші           қадірменді              тосу                  жақында

 

Әр бағанға сөздерге сұрақ қойып,бір-бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып, синонимдердің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығарып, кітаптағы ережемен салыстырамыз.

Енді сол айтылған қорытындыны плакат бетке жазылған сөйлемдер арқылы дәлелдеу.

1.Абырой да,бақ та,атақ та,даңқ та – бәрі осы егістікте.

2. «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала — өжет, тапқыр, шешен әрі ақылды кейіпкер.

3. Ата – анамыз бізді жан аямай бағады, өсіреді, тәрбиелейді.

4. Айшылық,алыс жерлерден,

Көзіңді ашып – жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Келтірілген мысалдар арқылы синонимдердің  бір сөз табынан болатынын түсіндіріп, бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқаратынына көз жеткізу.

Ереже.

Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады. Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады.

1)      Сөздердің дыбысталуында өзгешелік болу керек ;

2)      Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек ;

3)      Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.

Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің (не толықтауыштың,не анықтауыштың,  не пысықтауыштың,  не баяндауыштың,не бастауыштың қызметін атқарады.  Мысалы : ас,тамақ,дәм,тағам,ауқат дегендер бір-біріне синонимдес сөздер. Бұлар дыбысталуы ,жазылуы жағынан әр түрлі. Бірақ бәрінің беретін ұғымы-адамбаласының жейтін қоректік заты. Бесеуі  де сөз табы жағынан зат есім болады. Қонақтарға арналған ас  өте дәмді болды деген сөйлемдегі ас сөзінің орнына қайсысын қойсақ та,бұлер бір ғана не? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.

Оқулықпен жұмыс

70-жаттығу.

71-жаттығу.

 

Ойтолғаныс Бекіту. Сонымен қорыта айтсақ, қазақ тілі – синонимге өте бай тіл. Синоним сөздердің мол әрі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін көрсетеді. Синонимдерді көп білу бір сөзді қайталай беруден арылтады.

Бүгінгі жаңа сабақты қаншалықты түсінгендеріңді тапсырмалар орындау арқылы тексеріп көрейік.

Біліміңді тексер

(Синонимдер. «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ №4364.).

1.      №1 тапсырма

2.      №2 тапсырма

3.      №3 тапсырма

Төмендегі синоним сөздерді мағынасына қарай топтап жаз

Ауру. Алыс. Ажар. Науқас. Дәу. Кесел. Нән. Келбет. Үлкен. Ауқат. Қашық. Тамақ. Шалғай.

 

Үйге тапсырма Синоним сөздерді пайдаланып өз сыныптасына,  досына сипаттама беру. Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Бағалау парағындағы бағаларға қарап мұғалім өзінің жиынтық бағасын қояды

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

 

 

 

Жапсырма қағазға оқушылар өздерінің ұсыныс-пікірлерін, көңіл-күйлерін жазып, тақтаға жабыстырады.

Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *