1) Заттың қимылын білдіретін сөздер
туралы мағлұмат беру және өлеңді түсі-
ніп оқып, нан қасиетті екенін оқушылар-
дың бойына сіңіру .
2) Оқушылардың ойын, тілін дамыту,
Шығармашылыққа баулу, қызығушылы-
ғын арттыру, тану, іздену, қолдану.
3) Оқушылардың бойына әдептілік және
алғырлық, адамгершілік қасиеттерін қа лыптастыру.Сауатты көркем жазуға тәрбиелеу.
түрі: интерактивті сабақ
әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау
көрнекілігі: интерактивті тақта
пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Психалогиялық дайындық
Жер мен аспан көкпеңбек
Айналамыз жайнайды.
Көктем! Көктем!көктем!-деп
Құс біткендер сайрайды.
ІІ «Ой қозғау» стратегиясы.
— Қазір қай мезгіл?
— Көктем мезгіліндегі өзгерістер қандай?
— Кім дайын?
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1) Өлеңді мәнерлеп оқыту.
2) Сұрақ-жауап
І кезең «Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап»
—Өлең неліктен «шуақ» деп аталған?
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Ол сөздер нені білдіреді?
224-жаттығу ( ауызша орындау)
Заттың қимылын білдіретін сөздің астын сызу, сұрақ қою.
— Ережені жатқа айту.
«Топтастыру» стратегиясы
ІІ кезең: «Ексең егін, ішерсін тегін».
1)Жаңа сабақ бойынша түсінік беру.
А) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Б) Жеке оқушыларға оқыту.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді рөлге бөліп оқу.
Автормен таныстыру.
ІІІ кезең: « Берсең аларсың,
Ексең орарсын».
Мәтін бойынша сұрақ-жауап алу.
— Егіншінің еңбегі жайлы әңгімелеу.
— Бауырсақ туралы не білесің?
Кластер құрау
тіршілік нәрі
ән өмір
дән тыныштық
IV кезең: «Артық болмас білгенің»
1) Нан туралы тыйым сөздер.
2) Мақал-мәтелдер айту.
V кезең: «Нан-тіршілік нәрі»
1) Ұннан жасалатын тағамдарды атау, суреттен көрсету.
2) Картамен жұмыс. Орал, Ақтөбе, Шымкент,Ақмола, Қостанай.
Оқулықпен жұмыс
245-жаттығу (ауызша орындау) Оқушы оқиды.
Тасбақа – ең ұзақ жасайтын бауырымен жорғалаушы. Олар жүз жылдан артық өмір сүреді.
Қолтырауындар өзендерді мекендейді. Олар жүзген кезде судың бетінде оның тұмсығы мен көзі ғана көрінеді.
Акулалар екі жұма сайын тістерін жаңартады.
— Қимылды білдіретін сөздерді табу.
VI Сергіту жаттығуы.
VII Дәптермен жұмыс. Психалогиялық дайындық
1-тапсырма. а) Жаңылтпашты оқу.
ә) Қимылды білдіретін сөздерді тауып, астын сызу.
Айта – айта жақ талды,
Қайта – қайта жатталды.
Қайта – қайта жақ талды,
Айта – айта жатталды.
2-тапсырма. Аяқтап жаз.
Біз айттық.
Сендер …
Сіздер …
Олар … ( оқушыларға оқыту)
3-тапсырма. Көркем жазу
Дд бидай диірмен диқан
Қорытынды
VIII кезең: «Наннан тәтті еш нәрсе жоқ»
Сәйкестендіру стратегиясы.
Егінші нан сатады
Дүкенші ұн тартады
Диірменші егін егеді
Елтаңбада – бидай масағы, пырақ қанатында бейнеленген.
Әнұранымызда «Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы» деген жолдар бар. Ол біздің отанымыздың байлығын көрсетеді.
Бағалау: бауырсақ тарату
Үйге тапсырма: а) 247-жаттығу
ә) Өлеңді жаттау
Ұстаздарға тілек