Сабақтың тақырыбы : «Кімнің мекені жақсы? »
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды өздері табады, сұрақтар қойып үйренеді, өз ойын ,көзқарасын өз сөзімен жеткізе біледі.Мәтінді өмірмен байланыстырады .Жаңа мысалды талқылайды.
- Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайды, қиялы мен ойлау шеңберін дамытады. Креотивтті ойлау қабілеттері дамиды ,байланыстырып сөйлеуге дағдыланады.
3.Тәрбиелік: Оқушыларға туған жерін суюге үйренеді, туған жерін сүюге үйренеді.Топтасып жұмыс істеуге дағдыланады.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ,әдебиеттік оқу 2-сынып Б..Қабатай,С.Рахметова. «Атамұра» 2013 ,электронды оқулық
Күтілетін нәтиже : Топпен бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді,ынтымақтастыққа қалыптасады, диалог арқылы бір-біріне сұрақ қоюды,ізденеді,сыни тұрғыдан ойлауы дамиды,сөздік қоры молаяды.
Қолданылатын материалдар: Проектор ,слайдтар,маркер,стикер,суреттер, үнтаспа.
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: СТО элементтері , АКТ,БББ, шығармашылық тапсырма, диалог, ой-толғау,автор орындығы, постер, Блум түймедағы. аялдама әдісі.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,Синквейн, түсіндірмелі жұмыс , постер ,блум түймедағы,топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слаид, аудио таспа, көрнекілік суреттер
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері,өзін-өзі тану
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Себебі бүгін бізге қонақтар келді. Қане қазақы дәстүрімізбен қонақтармен сәлемдесейік. Бүгін біз қонақтарға, сыныбымыздың үлгілі, тәртіпті білімді екенін көрсетеміз. Ендеше сабағымызды бастайық.
Психологиялық дайындық
Талаптанып,
Қанаттанып,
Өмір сырын ұғамыз.
Білім алып,
Тұлғаланып,
Азамат боп шығамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Көкқұтан қандай құс ? –зерттеу тапсырмасы 1 оқушы
- « Кімнің мекені жақсы? » 1—2 оқушыдан сұрау;
- « Менің туған жерім » әңгіме-эссе жазуға берілді. 2 балаға оқытамын.
- Әңгіме бойынша салынған суреттер көрсету, жіпке ілу (бағалау) 6-7 бала
— Жарайсыңдар балалар. Бүгін өте жақсы дайындалып келіпсіңдер
ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс.
Осы мәтінді әрі қарай жалғастырамыз. 76-беттегі жаңылтпашты оқиық.
(2-минут.уақыт беріп, жаттағаннан кейін 3-4 баладан сұрау. )
Шалшық, балшық,
Балшық, шалшық,
Балшықтан ал шық.
— Шалшық дегеніміз — жиналып қалған су.
— Балшық – жаңбырсуы мен топырақтың раласқан қоймалжыңы.
— Ал шық – аяққа жабысқан балшықтан арылу, шық дегені.
— Осы жаңылтпаш оқыған мәтіннің қай кейіпкеріне қатысты?
— Көк құтан жайлы не білесіңдер? (балалардыңжауабы)
-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ? ары қарай ертегіде не болды екен?
Қане, өз ойымызды айтып жіберейікші (Автор орындығы)
1-2 бала
— Жақсы. Содан кейін не болды екен? Тыңдайық (мұғалімнің суретті бейнемен баяндауы )
АУДИОТАСПАДАН тыңдау.
-Балалар жаңағы сендер айтқан нұсқамен сәйкес келді ме?
-Автордың жазғаны ұнады ма, әлде Бақытбектің әңгімесі ме? (бағалау)
СЕРГІТУ СӘТІ. «БАҚАЛАР»
Оқулықпен жұмыс. Топтың ережесін алтын ережесін құру.
«Аялдама » әдісін пайдаланып мәтінді үшке бөліп ,таратамын. №1,№2,№3 ге бөлінеміз. Өз бетінше , тізбектеп оқу.
5- минут.таймер
Оқып болған соң тапсырманы нөмір бойынша бөлініп отырамыз, түсіндіреміз
Қарама-қарсы топқа сұрақ қоямыз???
Түсініксіз сөздерді белгілейміз, мағынасын түсіндіремін
ПОСТЕР ҚОРҒАУ. БОЗТОРҒАЙ , ЖАУЫН ҚҰРҚА , ҚҰМЫРСҚАҒА .
Сөздікпен жұмыс:
— көде – далалы жерде өсетін шөп.
— үйіріліп – аспанды жапты.
— жердің миы шығып – балшық.болды.
— деп қамықты — уайымдады.
— жарықшақ – жердің тілінген жерлері.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС. (доп арқылы сұрақ-жауап)
— Біздің кейіпкерлеріміз нелермен кездесті? (бозторғай, жауынқұрт)
— Бозторғайдың мекені қандай екен? (жазық дала, аптап тұрған ыстық )
— Ал жауынқұрттыңше? (жауыннан кейінгі батпақ жер)
— Ал,сендерге осы айтылған мекендер ұнады ма? Неге? ( балалардың жауабы. )
СИНКВЕЙН .5 ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ
— Ендеше бүгінгі екі кейіпкердің бірі-бозторғайға арнап 5 жолды өлең құрайық.
Бірінші жол – синквейн тақырыбы, талқыланатын нысан мен заттың атауы бір сөзден тұратын (зат есім немесе есімдік).
Екінші жол – екі сөз (көбіне сын есім), тақырыпта талқылайтын нысан мен затты сипаттайтын болуы керек.
Үшінші жол – үш етістіктен тұратын, автордың тақырыпқа өз көзқарасын көрсететін фраза.
Төртінші жол – төрт сөзден тұратын, автордың тақырыпқа өз көзқарасын көрсететін фраза.
Бесінші жол – тақырыптағы зат, нысанның мәнін сипаттайтын бір сөз.
Бозторғай
Ұсақ, қоңыр
Ұшады, қонады, қоректенеді
Даланың сәні – сұлу бозторғай
Құс
Бақа. Құмырсқа
ЖАРАЙСЫҢДАР БАЛАЛАР.
Ал, балалар бүгінгі өткен сабақты қорыта келе, Блум түймедағындағы сұрақтарға жауап беруге ат салысайық.
Блум түймедағы
Сары түс- қарапайым сұрақ
Көк түс- дәлелдеуші сұрақ
Жасыл –түсіндірме сұрақ
Қызыл-бағалау сұрақ
Ақ -шығармашыл сұрақ
Көгілдір-практикалық сұрақ
СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРУ
Сары- Балалар, сендердің мекендерің қайда?
Көк-көкқұтанға шалшық неге ұнайды?Саған ауылың неліктен ұнайды?
Жасыл- неге жауынқұрттары жауыннан соң топырақтың үстіне шығады?
Қызыл- Сенің ойынша кейіпкерлердің қайсысының мекені жақсы деп есептейсің?
Ақ- Сендер қалай ойлайсыңдар? Ары қарай не болар екен?
Көгілдір- ең жақсы үйде тұруға мүмкіндігің бар ма? Оны қалай орындауға болады?
БАҒАЛАУ
Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады.
Көрсете қойыңдар .
ҚОРЫТЫНДЫ.
Қазақстан – біздің Отанымыз, туған жеріміз, атамекеніміз, туған өлкеміз.
Ол – кең байтақ, табиғаты әсем де көркем, пайдалы қазбаға бай, көп ұлт өкілдері тұратын мемлекет.Бақытты, бейбіт елде туып, өмір сүріп жатырмыз. Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне – 25жыл. Біздің қосатын үлесіміз – сабақтан қалмай, сапалы да саналы білім алу.
Кері байланыс
— Олай болса, Қазақстанға, туған жерімізге арнап тілек жазайық. (үйшікке тілек жазу) (жазғандарын оқып, картаға іледі )
— Мінекей, балалар, мынау – сендердің кішкентай жүректеріңнен шыққан тілектер. Осы жазған тілектерің орындалсын. Ол үшін біз жақсы білім алып,оқуымыз керек.
БАҒАЛАУ.
— Бүгінгі сабаққа біріміз де өте жақсы қатыстық.. Бірақ кейбір балаларды былай бағаламақпын.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
- Мәтінді мазмұндау
- Кейіпкерлерге сипаттау мәтінін күншуаққа толтырып келіңдер.
Балалар, сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар! Өзімізді мадақтап қойсақ , өте жақсы болар еді.
Сабақтың перезентанцясын жүкте
[bws_related_posts]
сабақ ұнады