Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп
Өткізген: Қадір Гүлсім
Сабақтың тақырыбы:7 саны мен цифры
Сабақтың мақсыты: Оқушыларды 7 санның пайда болуымен, 7 цифрымен таныстыру.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру. 7 цифрын дұрыс жазуа үйрену. Ұлттық дәстүрімізді дәріптеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, топтастыру,ақыл-шапшаңдығы,еркін жауап әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: сандар,плакаттар,дөңгелекттер, 7 байланысты ұғымдар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
1) Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу, сабаққа дайындау(оқулық, дәптер, қалам, сызғыш, санаттыш таяқша).
2)Оқушылардың білімдерін дөңгелектермен бағалауды ескерту.
ІІ.Өткен сабақты тиянақтау.
-Оқушылар біз қандай сандармен таныстық?
-(0,1,2,3,4,5,6)
-Ал, енді осы сандарды кері санайық.
-(6,5,4,3,2,1,0)
-Сонымен қатар немен таныстық?
-(Сандар құрамымен)
-Қанеки, сандар құрамын еске түсірейік? (Сандар қатарын әр оқушыдан сұрау, дөңгелектерін беріп отыру.)
2-нің құрамы, 3-тің құрамы, 4-тің құрамы,5-тің құрамы,6-ның құрамы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Мұғалімнің түсіндірмесі:
-Оқушылар, кассада қанша төртбұрыш бар? (Алтау)
-Қандай түсті? (Көк түсті)
-Мен енді нені қостым? (1 қызыл төртбұрышты)
-Осы төртбұрыштар арқылы өрнек жазуға бол ма? (Иә)
-Кім жазады? (6+1 Бір оқушыға жаздыру)
-Енді барлығы қанша болады? (Жеті)
— Олай болса біз бүгін 7 санымен танысамыз, 7 цифрын жазып үйренеміз. Сонымен 6+1=7 тең. Қанеки, 7-ні орналастырайық. (7-ні көрсет, орналастыр)
-Оқушылар 7 саны тақ сан, киелі сан. Біз 7 санымен танысып қоймай, сонымен бірге 7 саны туралы қазақтың ұғымдарымен де танысамыз, білетіндерімізді еске түсіреміз. Енді тақтаға қарайық. Тақтада 7 санына байланысты ұғымдар 4 цифрымен берілген. Әр цифрдың астындағы ұғымды білу үшін менің берген тапсырмамды орындауыңыз керек. Сіздер жаңа өткен сабақтар бойынша сандар құрамын, содан соң 7 санының шығуын орындадыңыздар. Енді оқулықтағы 1 тапсырманы орындаңыздар. Тақтадағы 1 цифрын ашып, ондағы ұғыммен танысамыз.
- Оқулықпен жұмыс. (Топпен жұмыс)
1 тапсырма.
-Нелер берілген? (Қорапшалар)
-Үстіңгі екі сөреде қанша қорапша бар? (Алты)
-Астыңғы сөреде ше? (Біреу)
-Барлығы қанша? (Жеті)
-Сонда 6+1=7 Бұл өрнек тақтадағы кассада жазылған.Солай ма? (Иә)
-Екінші суреттен не көріп отсыздар? (Қорапшалар)
-Үстел үстінде барлығы қанша қорапша? (Жетеу)
-Соңғы қорапшаны бала не істеп жатыр? (Бұзып жатыр)
-Нешеуін бұзды? (Біреуін)
-Қорапша азайды ма, көбейді ме? (Азайды)
-Қаншасы қалды? (Алтауы)
-Қандай өрнек жазуға болады? (7-1) (Бір оқушыға жаздыру, мәнін таптыру, дөңгелегін беру)
-Біз оқушылар тапсырманы орындадық.Енді тақтадағы 1 цифрын ашайық.Ондағы 7-ге байланысты ұғыммен танысайық (7қазына)
— Қанеки, жеті қазынаны білеміз бе? (Білсе сұрау, білмесе мағлұмат беру, егер айтса дөңгелегін беру)
-Енді 2 цифрының астындағы 7-ге байланысты ұғымды білу үшін біз оқулықтағы 2, 3, 4 тапсырманы орындауымыз керек. Сонымен қатар 3 тапсырмаға байланысты дәптердегі тапсырманы орындауымыз керек. Бұл сонда күрделі тапсырма. Ал, кәнеки бастайық.
Оқулықтағы 2-тапсырма
Алдымен кесіндіні өлшету. Кассага 7см > _ cм. (Оқушыларға таптыру, жаздыру)
3-тапсырма
-Оқушылар біз сабақтың басына 7 цифрының баспа түрімен таныстық (баспа түрін көрсету). Енді, кәнеки жазба түрімен таныс болайық. (7 санының жазба түрін көрсету, ауада жазып көрсету). Енді дәптерімізге назар аударайық 7 цифры дәптерімізге назар аударайық. 7 цифры дәптерге қалай жазылған? (2 рет 7,содан соң бір бос көз қалдырып, тағы рет 7 жазылған)
— Мен сіздерге енді тақтаға жазып көрсетейін (тақтаға жазу).Енді дәптерге орындайық. 77 77 (Оқушыларға дәптерге орындату. Өте жақсы орындағандарға дөңгелек тарату) Оқулықтағы 3- тапсырманың суреттерімен жұмыс жүргізу.
-Бірінші сөреде не берілген?(Қысқаш) Мағұлмат беру.
-Қанша қысқаш?(Алтау)
-Екінші сөреде не берілген?(Кілт)Мағұмат беру.
-Қанша кілт?(Жеті)
-Қайсысы кем?(Қысқаш)
-Нешеуі кем?(Біреуі)
4-тапсырма.Салыстыру.Тақтаға орындатy
_ > 6 6< _ 6=6 (Тақтаға орындату, оқыту, дөңгелектерін беріп отыру)
-Тапсырмаларды өте жақсы орындадық. Енді тақтадаға 2 цифрын ашайық. (2 цифрын ашу, наурыз көжеге салатын 7 түрлі тағамды атату, білмесе мағұлымат бер)
- 7-ге байланысты 3-інші ұғымды білу үшін оқулықтағы 5-тапсырманы сонымен бірге дәптерге қалған тапсырманы орындаймыз.
5-тапсырма. (Тақтаға жаздыру,кері амалын табу)
_+_ = 6 6 -_ = _ _ +_= 6 6 — _ =_ (Екі оқушыға орындату, дөңгелектерін беріп отыру)
Дәптермен жұмыс. (Алғашқы 3 оқушыға дөңгелек беру)
А) Дәптерге хоккей таяғына байланысты есепті шығарту. (түсіне отырып шығару)
6+1=7 7-1=6
Ә)Салыстыру. Өз бетімен жұмыс. Мәнін тап.
4<7, 7>3, 2<7, 7>1, 0<7, 7см>5см, 5см<7см
Б)Соңғы тапсырма, өз бетімен жұмыс. Мәнін тап.
6+1=7 7-1=6 7-6=1
-Барлық тапсырманы орындадық. Енді 3-інші ұғымды ашайық. (7ата) (Бір оқушыдан 7 атасын сұрау)
5.Сергіту минуты.
- Енді соңғы 4 ұғымды білу үшін шығармашылық тапсырманы орындайық (тақтаға тапсырманы орындату).
Шығармашылық тапсырма: Ақыл шапшаңдығы.
-Нені көрдік? (Бір төртбұрышты, бір үшбұрышты)
-Бір төртбұрышта бір үшбұрышты қосқанда қанша? (Жетеу)
-Ендеше кесіндіні санайық. Жетеуі шыға ма?
-Неше кесінді құралған? (Алтау)
-Неліктен 6 кесіндіден құралған? Қане, ойланайық. (Себебі бұнда біреуі ортақ кесінді. Тапқанға дөңгелек беру)
Соңғы тапсырма. Еркін жауап.
Санақ таяқшасынан 7 таяқшаны санап шығарып алайық. Осы таяқшадан не нәрсе жасауға болады?
(Өте жақсы орындадық)
-Оқушылар бұл тапсырманы да орындадық . Қанеки,4-інші ұғымды ашайық.(7күн)
-Аптаның жеті күнін білесің бе? Ата
- Сабақты қорыту. Топтастыру әдісі.
-Біз не үйрендік? (7 санын, оның жазылуын)
-7 санын қалай шығарып алдық? (6+1=7 арқылы) (Тақтаға 7-ні ілу)
-Сонымен бірге қандай ұғымдармен таныстық? Еске түсірейік? (7 ата, 7 күн, 7 қазына, 7 тағам)
- Бағалау.
-Енді қолымыздағы дөңгелектерді санайық. (5-6 дөңгелек 5, 4-3 дөңгелек 4, 2 дөңгелек алған оқушыларды 3 деген бағамен бағалау)
- VI. Мадақтау.