Басы » Бастауыш сыныптар » М.Жұмабаев Бесік жыры

М.Жұмабаев Бесік жыры

ШҚО. Тарбағатай ауданы.

                                   «№2 Ақсуат орта мектебінің

                                 бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанбекова Амангүл

                                         Тіл дамыту. 3 сынып

Сабақтың тақырыбы:М.Жұмабаев Бесік жыры.

Сабақтың мақсаты:Бесік жыры туралы мағлұмат беру.М.Жұмабаев туралы білімдерін толықтырады.

Міндеттері:

1.Өлеңді түсініп оқуға үйренеді, мазмұнын ұғады,біледі.

2.Шығармашылық қабілеттерін дамытады, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырады, өз ойларын айтуға үйренеді.

3.Ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты біледі, сақтайды ананы құрметтеуге үйренеді.

Қолданылған технологиялар: СТО технологиясы стратегиялары.Аквариум стратегиясы,ассоциация,кіші дөңгелек үстел,бағыттап оқу.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,ой қозғау.

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев суреті, бесік суреті, пікірлер ағашы, слайд

Күтілген нәтиже:

1.Топпен жұмыс  жасайды, пікірін дәлелдеуге үйренеді. Топта кеткен қателерді түзетеді, талдайды.

2.Қамтылатын модульдер түсіндіру, сұрақ-жауап, топтау, сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары.

  Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық.

Алдарындағы  бетке аналарыңа қандай тілек тілейсіңдер, соны жазыңдар. /Жазған тілектерін оқиды/

2.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге қандай тапсырма берілді?

«Әже» өлеңін жатқа айту.

3.Жаңа сабақ

А/Аквариум стратегиясы /ортаға екі оқушы шығады/

-Анаңды жақсы көресің бе? /жауап/

-Анаңның алақаны қандай? /жылы, жұмсақ/

-Анаңды неге теңер едің? /жеміс ағашына, біз балалар жемістерміз/

Ой қозғау «Ана»

Ана туралы не білеміз, не ойлаймыз? Соны қағаз бетіне түсірейік.

АНА

2.Мағынаны тану

Жұмбақ өлең оқылады. Оқушылар кім туралы айтылғанын табады.

Бала, бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік  таянған

Ол кім? АНА

-Әрине Ана. Ендеше балалар осы өлеңнің авторы Ы.Алтынсарин . Ы.Алтынсарин туралы не білеміз? /кіші дөңгелек үстел/

 

Ы.АЛТЫНСАРИН

 

/оқушылар жауаптарын айтады/

-Біз қандай шығармаларымен таныстық?

«Бір уыс мақта», «Кел, балалар, оқылық!», «Малды пайдаға жарату», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»

-Балалар   осы өлеңнің мына жолдарына назар аударайық.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік  таянған  /жаңа туған сәбиді/

-Сәбиді, бөпені ұйықтату үшін аналарымыз не істейді?

/Бесік жырын айтады/

-Мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.Сөзжұмбақ. «Бесік жыры». Бүгінгі өтетін тақырыбымыз М.Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі. Бесік туралы оқушылар ойларын білдіреді. -Бесікке жатқан бала барма?/иә/

Бесік қасиетті, киелі құтты сәбидің алтын ұясы. Бесікте тал, қарағай, қайың сияқты мықты ағаштардан жасайды. Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Бесік арқылы бала таза, жылы жатады, әрі ұйқысы тыныш болады. Бесіктің құралдары: жастық, мамық, түбек, шүмек, жөргек, қолбау.

  1. Таратпа материалдар арқылы бесік жыры өлеңі таратылады.Оқушылар оқиды. Өлеңнің ұйқасына мән береді. Бірінші қатар мен екінші қатар ұйқасады, үшінші қатар ұйқаспайды. Ендеше бұл егіз ұйқас деп аталады. Оқушылар тізбектей оқиды.
  2. Өлеңді талдайды.

І бөлім не туралы айтылады?

-Балаға жылы сөздер айтып, бесікке бөлейік дейді.

ІІ бөлімінде-Тыстағы ауыл жайлы айтылады.

ІІІ бөлімінде-Баланың жылы, жұмбақ төсегі-бесік екені жайлы айтылады.

ІY бөлімінде- Анасы баласына әлди, әлди деп көзіңді жұмып тәтті ұйқыға бата ғой,- дейді

Y бөлімінде- Қорадағы малдар, төлдері барлығы да ұйқыда

YI бөлімінде-Баланы жұлдызға, күн нұрына теңеп, тәтті ұйқыға кіре ғой дейді.

3/Сергіту сәті: Бесік жырын тыңдату

Сендерге ұнады ма? Жырдың авторы туралы не білеміз?

 

Мағжан

Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс

Кітаптағы суретпен жұмыс

Суретте кім бейнеленген ? Ана/

-Ана баласына қандай жылы сөздер айтады?

Жауап /жаздыру/

-Анаң сені қалай атайды?

Суретке қарап, Алтынсариннің жоғарыда берілген өлеңнің қара сөзбен әңгімеле.

Түнде баласы ұйықтап жылағанда, барлығы ұйықтап жатқанда анасы тәтті ұйқысынан тұрып, баласын тамақтандырады. Бесігін тербетіп жұбатады.

Анаға хат. /әр оқушы өз аналарға хат жазады/

-Міне көрдіңдер ме, балалар? Ана мен баланың арасындағы осындай сүйіспеншілік пен махаббат сезімі болғанда балаларымыз мейірімді, қайырымды болып, аналарымыз бақытты болады. Ата-аналарымыз бақытты болса, ел де бақытты болады.

6.Бағалау

7.Үйге тапсырма «Бесік жыры» өлеңін әуенімен жатқа айту.Бесік жыры туралы мәлімет жинау.

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *