Басы » Бала бақша » Біздің ойыншықтарымыз

Біздің ойыншықтарымыз

  Тақырыбы: Біздің ойыншықтарымыз.

Мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы түсінік беру.

Ойыншықтардың түрлерімен таныстыру.

 

Балаларды достыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ойын арқылы өмірдегі жағдайларды балаларға түсіндіру арқылы ой өрісін  дамыту.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, көрсету, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Ойыншықтар, суреттер, ойнап отырған балалардың әр түрлі сюжетті суреттері.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Өткенді қайталау.

 

  • Балалар біз өткен іс – әрекетімізде жыл мезгілдері туралы айтқан болатынбыз.
  • Балалар жылдың неше мезгілі болады?
  • Кім атап береді?
  • Жылдың басы қай мезгілден басталады?
  • Ендеше осы қыс мезгілі туралы кім әңгімелеп береді?
  • Көктем, жаз, күз мезгілдері туралы кім әңгімелеп береді?
  • Сіздер осы жыл мезгілдері туралы көптеген тақпақтар жаттадыңыздар.
  • Кім бізге жыл мезгілдері туралы тақпақ айтып береді?

Тақпақтар:

Жаттаған тақпақтарыңызды ұмытпаған екенсіңдер.

Төрт мезгілге байланысты жұмбақ жасырамын.

-Балалар сіздер ең бірінші жаттаған тақпақтарың естеріңде барма?

-Қай мезгіл туралы еді?

-Ал осы күз мезгілінде ең алғаш рет қайда келдіңіздер?

-балабақшаға келмес бұрын қайда болдыңыздар?

-Сол кезде, яғни үйде болған кездеріңде не істедіңдер?

-Ойын ойнадық.

-Немен ойнадыңдар? Балабақшада да немен ойнайсыңдар?

-Ойыншықтармен.

-Міне, балалар бүгін біздер осы ойыншықтар туралы әңгімелесеміз.

-Сіздер қандай ойыншықтарды білесіңдер?

-Кімнің қандай ойыншығы бар?

-Ол ойыншықтармен не істейсіңдер?

-Қандай ойыншықтарды ұнатасыңдар?

                               

  1. Жаңа тақырып:

       Кіріспе сөз:

Ойыншықтар ертеден келе жатқан қол өнердің бір түрі. Оны қолданда  жасауға болады. Сіздерге бұл ойыншықтарды әдейі заводтарда жасап шығарады. Бұл ойыншықтармен ойнай отырып, сіздер өмірдегі заттармен танысасыңдар.

          

                Ойын:   «Ғажайып дорба»

  • Балалар бізге Дымбілмес қонаққа келді.

Ол бізге  «Ғажайып дорба» алып келіпті. Бірақ дорбасында не барын білмейді, бізден көмек сұрайды. Көмектесемізбе?

Мен сіздерге көрсетемін, сіздер атап айтыңдар,- деп бір – бірлеп заттарды көрсетемін.

Бұлардың барлығы нелер екен? Ал осы ойыншықтармен қалай ойнауымыз керек?

Суретпен жұмыс.

  • Балалар бәрің мына суретке қараңдаршы.
  • Сіздер нелерді көріп тұрсыңдар ? ( шелек, машина. қуыршақ т.б )
  • Осылардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
  • Яғни әр заттың жеке атауы және жалпы атауы болады екен.
  • Ал енді мында қараңдаршы. Мынау не?
  • Қасқыр, аю,түлкі бұларды да атағанда жабайы аңдар дейміз екен.
  • Көкөністер, ыдыстар, үй жануарлары деп атайды екенбіз

 

Сергіту сәті.    «Ұшты — ұшты ойыны.»

 

Сурет бойынша әңгіме құрату.

 

Өз қалаулары бойынша әр түрлі суреттерге әңгіме құратамын.

 

Ойын ойна:   «Не жоғалды?»

 

Тақпақтар:         

Ойыншықтар туралы жаттаған тақпақтарын сұраймын.

 

Тыныш тыныш балалар

Қуыршағым Ақмарал

Ұйықтап жатыр дамылдап

Ән айтайық ыңылдап

Уақыт болды тұратын

Ойын сауық құратын

Би билейді Ақмарал

Қол соғайық балалар

Мен ойыншық мысықпын

Басқалардан пысықпын

Мектепте мені ойлаңдар:

«Мысық тышқан» ойнаңдар!

Мен ойынпаз күшікпін

Көп ойынға түсіппін!

Сендермен енді қоштасам,

Бөбектермен достасам

Бақа, бақа, бақ – бақ,

Таңдайлары тақ – тақ.

Бәрі бірдей тақпақ

Жатқандай – ақ, жаттап

 

Машинамын – көлікпін,

Мектепке де келіппін

Үйренген соң білімді

Білесіңдер тілімді

Самолет – ау, самолет

Мені өзіңмен ала кет

Ел аралап қайтайық

Орман тауды шарлайық

Добым менің, добым менің,

Өзің неткен көңілді едің!

Зымырайсың, қутыңдайсың

Бірақ менен құтылмайсың

Аттарыңмын сәйгүлік,

Көрген жоқпын жәй жүріп:

Сендерге жігер қосқанмын,

Сау болыңдар, достарым!

Кір басқан қуыршақ,

Қайтеді жуынсақ?

Айтқанды тыңдамай

Отырсың бұл қалай?

Тоңады деп аяғы,

Жылы шұлық кигізіп,

Қуыршағын қояды,

Төр алдында тұрғызып.

Жұмбақ жасыру:

Мадақтап, жақсы белсенділік танытқан балаларға ойыншықтардың суреттерін беремін.

Қорытындылау.

Сонымен бүгін біздер не туралы айттық?

Ойыншықтың түрі өте көп болады екен.

  • Ойыншықтарды қайда жасайды?
  • Ойыншықтарды сындыруға болмайды.
  • Енді, мына суретке қараңдар.

Сұрақ қою арқылы суретпен жұмыс жүргіземін.

Мына суретке қарап, біз былай айтуымызға болады.

«Ойыншықтарды жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.»

Балалар, осы ойыншықтар туралы жаттаған әнімізді орындап берейік.

Ән: «Ойыншықтар»

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі немесе хабардар болуы: Балалар ойыншықтардың қандай заттардан жасалатыны жайында хабардар болды.

Қалыптасқан әдет: Балалар оқу іс – әрекетіне қызығушылық танытады. Тақпақтарды жақсы айтады. Ойыншық атауларын неден жасалатыны жайында білді.

Істей біледі: Балалар  оқу іс – әрекетіне белсене қатысып, қойылған сұрақтарға жауап бере білді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *