Басы » Бастауыш сыныптар » «С» дыбысын дұрыс айтуға үйрету

«С» дыбысын дұрыс айтуға үйрету

 Алматы облысы Алакөл ауданы

«№2 Қабанбай орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар»коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

дефектологы

Кенешева Индира Маратовна

Тақырыбы: «С» дыбысын дұрыс айтуға үйрету.

Мақсаты:

Білімділігі:  «С» дыбысының артикуляциясын  түсіндіру, тыныс шығару жаттығуларын дұрыс орындау.Сурет арқылы  ажырату, есте сақтау қабілетін дамыту.

Дамытушылығы: Танымдық белсенділігін арттыру, ой-өрісін дамыту. Әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды тиянақтылыққа,адамгершілікке, тазалыққы тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кеспе сөздер,суреттер, С дыбысы.

Әдістәсілі: Сұрақ-жауап арқылы түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Амандасу. Сәлеметсің бе?

Оқушы:Сәлеметсіз бе!

Мұғалім: Қазір жылдың қай мезгілі?

Оқушы: Қазір күз мезгілі.

Мұғалім: Бүгін аптаның қай күні?

Оқушы: Сәрсенбі, үшінші күн.

Мұғалім: Бүгін нешесі?

Оқушы: Қыркүйектің он сегізі.

Мұғалім: Бүгін сабақта не істейміз?

Оқушы: Тыңдаймыз, оқимыз, сөйлейміз.

ІІ. «С» дыбысының артикуляциясын  түсіндіру.

  • Ерін жымиып тұрады.
  • Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық.
  • Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады.
  • Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы жүреді.
  • Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға азу тістерге тиіп тұрады.

ІІІ. «С» дыбысын дұрыс айтып дағдыландыруға арналған жаттығулар.

А) Пойыз жүргелі тұр. Паровоз ысылдап, бу шығарады с-с-с

Ә) «Дөңгелек жарылды». Самат велосипедпен қатты келе жатыр еді. Кенеттен дөңгелегіне шеге кіріп кетіп, жарылып қалды. Қандай  дыбыс шығарады? С-с-с!

Б) «Жыланның ысылы». Балалар  орман ішінде келе жатыр еді. Алдарынан жылан шыға келді де қатты ысылдады. Олар қорқып тоқтай қалды. Жылан қалай ысылдады? С-с-с!

В) «Ысқырғыш шәйнек» .  Әжем базардан жаңа  шәйнек сатып алды. Ол шәйнек ішінде су қайнаған кезде қатты ысқырады. Қалай ысқырады? С-с-с!

Г)  «Милиционер». Балалар көшеден өтіп бара жатыр еді. Бір кезде милионер ысқырып, оларды тоқтатты. Қараса,бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр екен. Милиционер қалай  ысқырды? С-с-с!

ІҮ. Тілге жаттығуы. «Мен бастайын,сен аяқта» ойыны.

Мұғалім                         Оқушы                               Мұғалім

Ба                                        с                                      Бас

Қы                                       с                                      қыс

Та                                        с                                      тас

Туы                                     с                                      туыс

Құ                                       с                                       құс

Қамы                                  с                                       қамыс

Алғы                                  с                                       алғыс

Баты                                   с                                       батыс

Ү.«С» дыбысын сөзде айтуға дағдыландыру.

Сөзді дұрыс оқы және айт.

Сақа

Сана

Сабақ

Сандық

Саусақ

Сайрады

Салтанат

Сақал

Сая

Сары

Сапар

Сырымсақ

Сағым

санамақ.

ҮІ.Сабақты қорыту.

Бүгін сабақта қандай дыбысты айтып үйрендік?

«С» дыбысын.

Оқушыны бағалау, мадақтау.

ҮІІ.Үйге тапсырма. «С» дыбысын буында,сөзде  дұрыс, анық айтып үйрену.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы Алакөл ауданы

«№2 Қабанбай орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар» коммуналдық

 мемлекеттік мекемесінің

дефектологы

Кенешева Индира Маратовна

 

Психикасының дамуы  тежелген  балаларды түзету жолдары

Қазақстан Республикасының  «Мүмкіндігі шектеулі балаларды  әлеуметтік және медициналық-педпгогикалық коррекциялық қолдау көрсету туралы» 2002 жылы 11-шілдедегі № 343 заңның орындалуы мақсатында Алматы облысы Әкімінің 30.04.2004 жылғы №75 қаулысы бойынша 2004 тамыз айынан бастап Алакөл ауданының Үшарал қаласындағы №4 Облыстық психологиялық –медициналық-педагогикалық консультация мемлекеттік мекемесі ашылды.

2008-2009 оқу жылы қыркүйек айынан бастап   №2 Қабанбай   орта мектебінде    психикалық  дамуы тежелген балаларды түзету- дамыту  сыныбы ашылды.

Бүгінгі күнде балалардың құрамында психикалық дамуы бұзылған  балалар саны көбейіп келеді.Жалпыға  бірдей  білім беру мекемелерінде арнайы  білім алуға мұқтаждығы бар балалар көптеп келеді.

Психикалық дамуы тежелген балаларды түзете-дамыту үдерісіндегі міндеттерім:
1. Дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабілеттерін шешу және дамыту жолдары: дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту;
2. Балалардың ой — өрісін дамыту;
3. Оқу қажеттілігін қалыптастыру;
4. Баланың әлеуметтік — адамгершілік мінез — құлқын қалыптастыру;
5. Баланы жан — жақты бақылау;
6. Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру
7. Баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту;
8. Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;
Психикалық дамуы тежелген балаларды түзете-дамыту  процесiнде әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып, төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлемін:
♦ Жалпы білім беру циклі сабақтарында, сондай — ақ арнайы оқыту кезінде әр баламен жеке жұмыс жүргізу;
♦ Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл — ой мен тәжірибелік жұмыстарды алмастырып отыру;
♦ Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің түрліше әдіс- тәсілдерін қолдану;
♦ Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;
♦ Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;
♦ Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аударамын.

Өзімнің теориялық және практикалық іс-әрекетімдегі бақылау – байқау жағдайымен зерттеу жұмысын байланыстыра келе сыныптағы балалардың  психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, көпшілік жағдайда ескерілмейтін жағымсыз жағдайлар мен кедергілер анықталды:
— Оқушының білім алуға саналы құлшынысының аздығы;
— Өзін — өзі алдауы;
— Ішкі ресурсын еркін аша білмеуі;
— Қоғам ортасына байланысты өзгеруі;
— Пәндерге қызығушылық танытпауы;
— Тапсырманы баға үшін, мұғалім үшін, ата-ана үшін орындауы;
— Болашақ туралы аз ойлануы;
— Көркем әдебиеттерді оқымауы;
— Жағымсыз теледидар ақпаратымен, компьютерлік ойындардың — сана сезімі мен ой — өрісін тежеуі (ойлауы, есте сақтауы, қабылдауы, т.с.с)
-Ерік – жігерінің төмен болуы;
-Өзіндік «Менінің» төмен болуы;
-Агрессиялық күй – жағдайда болуы (ішкі жан дүниесінің тұйық болуы, қорқу, күдіктену сезімдерінің болуы);
-Ата-ананың жанұяда жайлы орта туғызбауы;
— Ортамен еркін қарым – қатынасқа түсе алмауы (жасқаншақтық, ұялшақ болуы, сөздік қорының аздығы);
— Басқа біреудің көмегін қажет етуі.

Психикасы дамуында тежелуі бар балалардың ата-аналарына мынадай кеңес беруге болады:

-Дамуында тежелуі бар балалардың ақыл-ойы дұрыс ,тежелу уақытша болатын

жағдай;

-Бала жеке тұлға , қоғамның бір мүшесі, ол өз деңгейінде білім алуға құқылы;

-Дамуында тежелуі бар балаға үнемі көңіл бөлу керек;

-Баланың дамуында ,денсаулығында, көңіл-күйінде өзгеріс болса,дәрігерден кеңес алу керек.

Мен оқушыларға түзете-дамыта оқыту  үрдісінде түрлі ойындарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар бере отырып, онда оқушылардың оқуға деген ынтасы арттырып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиеттерін дамытып ,оқыту іс-әрекетінде динамикасын жақсартып  оқушыларды өз сыныбына қостым.

 

 

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *