Басы » Бастауыш сыныптар » 4  санын қосу және азайтуды бекіту

4  санын қосу және азайтуды бекіту

Сабақтың тақырыбы: 4  санын қосу және азайтуды бекіту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:1,2,3,4, сандарының қосу кестесі туралы білімдерін пысықтау;қосу мен азайту амалдарының  компоненттерін білдіру;

Дамытушылық:есептер шығара алу дағдыларын дамыту; логикалық ой өрісін кеңейту;ақыл-ойын дамыту;

Тәрбиелік: адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау

Әдіс -тәсілдері: түсіндірме, сұрақ, талдау,өздік жұмыс

Қолданатын технология: педагогикалық шеберхана

Көрнекті құралдар: интерактивті тақта

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын

Бейсенбінің күні

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

0-ө

Кіл бестіктер болсын!

 

Индуктор: Ребус шешу. Торт суреті.  

Сонда 4 деген сан шығады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Санға 4 ті қосу және саннан 4 –ті азайту . Сабағымыздың мақсаты:  сандарды 4-ке қосу және азайтуды бекіту.

 

«Тез ойла» ойыны. Карточкада жазылған өрнектерді оқу.

2 + 4
4 + 4
9 — 4
8 — 4
7- 4
5+4

 

 

 

Математикалық тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

 

Жеке құрастыру Дәптермен жұмыс 12  бет. №1 тапсырма. 7және 4 сандарын көркем жазу. Тақтада жазып көрсету, ауада жазу.Дәптерде жазу.

 

Әлеуметтік құрастыру . Интерактивті тақтада бос торкөздің орнына тиісті санды жазып, өрнекті оқиды.Оқуы: 1-мен 2-нің қосындысы 3-ке тең.    6-мен 2-нің айырмасы 4-ке тең.

1 1
3

 

 

 

1+х=3                       х-2=4             3+4=

1+х=5                       х+4=6            4+3=

 

Әлеуметтіндіру. Балалар, барлығымыз 119 беттегі 2 есепке қараймыз. №2 есепті мұғалім оқиды, бір оқушы оқиды.

Есепте қандай командалар  туралы айтылған? (Спартак және Қайрат)

Бұл екі команда арасында не болды? (ойын болды, доп соқты) «Спартак»  командасы неше доп соқты? Ал «Қайрат» командасы ше?  Не белгілі? Не белгісіз?

Қандай амалмен орындаймыз? (+)  Шешуін кім айтады?  Ал жауабын ше?

Есептің шартын дәптерге жазайық.

«Спартак»- 3д                   3+4=7 (д)

«Қайрат » -4д       ?д        Жауабы: 7 доп соғылды.

 

Сергіту сәті  Қане, түзу тұрайық

Кесіндіні құрайық

Сәуле болып созылып

Нүкте болып қалайық.

 

Әлеуметтік құрастыру. Балалар, кесінді дегеніміз не? Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігін кесінді деп атайды. .                    .

 

Дәптермен жұмыс. №3 тапсырма. Берілген кесінділердің ұзындықтарының қосындысы мен айырмасына тең кесінділер сыз.

Сызғышпен  қызыл түсті кесіндіні өлшейміз. Неше сантиметрге тең? 7см

Енді көк түсті кесіндіні өлшейміз? Ол неше сантиметрге тең?  2 см

Екі кесіндінің қосындысы дегенде қандай амалды орындаймыз? Қосу, яғни 7см+2см=9см

Екі кесіндінің айырмасы  дегенде қандай амалды орындаймыз? Азайту, яғни 7см-2см =5см

Қосу мен азайтуды ауызша орындап, тек кесіндіні ғана жазамыз.

 

Жеке құрастыру. Дәптерге осы екі кесіндіні сызайық

Ол үшін торкөздің қилысқан жеріне нүкте белгілейміз. Ол жерге сызғыштың 0 цифрының көрсеткішін қоямыз да, 9 цифрында нүкте қоямыз, енді екі нүктенің арасын қосамыз.

Тура солай екінші кесіндіні сызамыз.

 

Әлеуметтік құрастыру. Сынық сызықты кім тақтаға сызып береді?

Сынық сызықтың әр кесіндісі қалай аталады.(Сынық сызықтың әр кесіндісі буын деп аталады)

№3 тапсырма. Алмас сынық сызықтың 4 буынын  өлшеп қойды. Егер сынық сызық 6 буынан тұратын болса, онда өлшенбеген неше буыны қалады?

Тақтада 4 буынды сынық сызық сызамын.

Буынға толықтыру үшін енді неше буын салуымыз керек.

 

 

 

Қолға жаттығу.

Жаза, жаза саусағым,

Әлсіредің, шаршадың

Азырақ дем алайық

Сосын қайта жазайық

 

Жеке құрастыру.Оқулықтағы №4 тапсырмаға назар аударамыз. Салыстыру.

6 см-4см …  5 см-2 см                                          3 см …10 см-4 см

3 см+1см….  4 см -2 см                                      10 см… 8 см+ 2 см

 

Үзіліс: №5  3 шаршы қалу үшін 2 таяқшадан қалай алуға болады? 2 шаршы қалу үшін ше?

Оқушыларға таяқшалар таратылып беріледі. Шаршы деген не? (барлық қабырғалары тең төртбұрыш)

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік құрастыру.  Дәптерден №5 тапсырма  Бұл тапсырманы бірінші рет орындап тұрғандықтан, тақтада бірге орындаймыз.7-ні 2арттырып, 4-ке кемітеміз. Яғни, 2-нің қосу кестесін пайданып қосындының мәнін табамыз. Есептеу . Енді қосындының мәнінен 4 ті азайтамыз.

 

7 4 3 8

5

 

 

8-ді 2-ге кемітіп, 4-ке арттырамыз

8 5 4 7

6

 

Рефлексия: Бүгін қандай тақырыппен таныстық? Қандай есептер шығардық?

Ойын: Қай сан артық? (тақтадан артық санды қоршап белгілейді)

1 7 8 5 3            
2 4 8 6 5

 

 

 

 

Ойын: Қандай фигура артық?

 

 

 

 

 

 

 

 

Логикалық тапсырмалар:

 

  • Айгерім тығылған достарын іздеп жүр. Ол шымылдықтың артынан 10 аяқты көрді? Сол жерге оның неше досы тығылған? 5
  • Динараға әжесі 5 кітап сыйлады. Екеуінен басқасын оқып шықты. Оған әлі неше кітап оқу керек?-2
  • Аулада өсіп тұрған биік ағашқа 2 торғай және 4 көбелек ұшып келіп қонды. Барлығы неше құс болды?-2

Қосымша    1-10 дейін тура, кері санау.

  • Жұп, тақ сандармен санау.
  • Ең кіші бір таңбалы сан-1
  • Ең үлкен бір таңбалы сан-9
  • Ауызша есептеулер: Азайғыш тоғыз, азайтқыш бес. Айырманың мәнін тап 9-5

Азайғыш бес, айырма екі  Азайтқыш неге тең?      5-х =2  8 санынан 3-ті азайт. Айырманы тап.  8-3    9-х=5 т.б.

  • Құмырада 9 райхан гүлі болды. Оның 3- і солып қалды. Неше гүл қалды?
  • Автобуста 9 адам отыр еді, аялдамадан 4 адам түсіп қалды. Автобуста неше адам қалды?
  • Қорапта 8 кәмпит бар. Оның 4-еуін жеп қойды. Қорапта неше кәмпит қалды?

 

Бағалау.Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Үйге: №5 тапсырма. Таяқшамен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *