Ақмола облысы, Егіндікөл ауданының
«Жаңақоныс негізгі мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Утебаева Жанаргүл Серікқызы
Кембридж әдісі бойынша өтілген ашық сабақ жоспары
Сыныбы: 3 сынып
Пәні: Дүниетану
Тақырыбы: Денелер Заттар.
Мақсаты мен міндеттері: Заттар мен денелер туралы ұғым берге отырып, оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы түсінік қалыптастыруына ықпал ету; заттарды бір-бірінен қасиеті жағынан айыра білуге оқыту.
1.Білімділік: Дене мен заттың не екені, айырмашылығын көзбен көре отырып, сипаттау, салыстыру арқылы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
2.Дамытушылық: әңгімелеу, сипаттау, талдау, тәжірбие жасау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін арттыру;
3.Тәрбиелік: табиғатты бақылауға, зертеуге баулу, табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі : жаңа тақырып
Көрнекіліктер: термометр, ауа райы шарттары, доп.
Әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, диалог, жеке жұмыс, жұптық , топтық жұмыс, талдау бақылау, тәжірбие жасау.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалаймыз
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы – деп оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Психологиялық ахуал: «Шаттық шеңбері» (1-слайд)
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру (2-слайд)
«Өзіңді тексер» ойыны арқылы
ІҮ. Жұмбақтар әлемі (3 слайд, 4 слайд)
Жұмбақтың жауабына назар аударту. –Ал балалар, жұмақтың шешуі сонымен не болды? Жауабын кім оқиды? (5слайд)
Оқушылардың жауабы: — Денелер.
Дұрыс. Ендеше «Дене деген не?», «Зат деген не?» осы сұрақтың жауабына постер құрастырайық.
Ү. Миға шабуыл. Постер құрастыру (6 слайд)
ҮІ. Оқулықпен жұмыс (7 слайд).
- Қәне, балалар барлығымыз оқулығымызды ашып, мәтінді оқиық. Енді мәтінді оқып топта талқылаймыз.
ҮІІ. Сергіту сәті (8 слайд)
ҮІІІ. Жаңа сабақ. Электрондық оқулық арқылы өтіледі. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру мақсатында «Заттар. Денелер» ойыны ойнатылады. (9,10,11,12 слайд)
ІХ «Топтастыру» ойыны. (13 слайд)
Топтық жұмыс. Берілген тапсырманы топтаса отырып орындайды.
Х. Жұптық жұмыс «14, 15 слайд)
1 –жұп тапсырмасы: Бірнеше заттан тұратын денелерді ажыратып айту.
2- жұптың тапсырмасы: «Түймедақ» туралы ақпарат жинау
ХІ. «Бағдаршам» ойыны. Жаңа сабақты меңгеруге көмек және қалай меңгергенің анықтауға арналған ойын. (16,17 слайд)
ХІІ. «Жас зерттеушілер» тапсырмасы. (18 слайд)
1 тапсырма: Қантпен тәжірбие жасау.
2 тапсырма: Тұзбен тәжірбие жасау.
ХІІІ. Топтық және жеке жұмыс. (19 слайд) тапсырмаларын орындау
Жеке жұмыс
1 оқушыға: Қалта, ішінде мақта бар. Қалтаның ауызы бекітілген. Сипап, ұстап көріп ішінде не бар екендігін табу. Жобалау әдісі.
2 оқушыға: Сырты қатты қорабша. Ішінде асық бар.
3 оқушы: Сырты қатты ұзын, жіңішке ұорапша. Ішінде ұшталған қарындаш.
ХІҮ. «Ойлан тап» ойыны (20 слайд)
ХҮ. Семантикалық карта (21 слайд)
- Қәне, балалар, енді жаңа тақырып бойынша не білдік соны «Семантикалық картаға» Сұйық, қатты, газ тәрізді заттарды белгілеуді өтінем.
ХҮІ. Үйге тапсырма (22 слайд)
Мәтінді оқу. 2 тапсырманы орындау. Жұмбақ құрастыру.
ХҮІІ. Қорытынды. (23 слайд)
ХҮІІІ. «Өзіңді тексер» жеке жұмыс (24 слайд)
ХІХ. Бағалау. Берілген парақшаға бағалап, қорытынды бағасын шығару.
Ашық сабақ |