Басы » Бастауыш сыныптар » Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Қазақ тілі сабағы
2 — сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын туралы түсінік беру.
2. Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың , ойлау қабілеттерін   дамыту, танымдық қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту.                
3. Тәрбиелік: Балаға жастайынан дене тәрбиесімен шуғылдануға, оны батылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
 
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, қима қағаздар, аудиотаспа, бейнероликтер, ватман, маркер, желім
Пәнаралық байланыс: сурет сабағы            
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс -әрекеті Уақыты
І Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру. Оқушылармен амандасу. Қайырлы күн, досым
Қайырлы таң досым
Бүгінгі күніміз сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз кілең бестік болсын
1 мин.
1 Топқа бөлу Балаларға карточка тарату Карточкадағы суреттерге байланысты топқа бөліну. Үй жануарлары жеке бір топ, жыртқыш жануарлар жеке бір топ болып отырады. 1 мин.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасы, балалар, сұрақтарға жауап табу болды. Орындаған үй тапсырмаларыңды тексеріп көрейік. (слайд №1) Бір оқушы тақтадағы сөздерді оқиды. 1. Баспен не істейміз? 2. Сиыр, қой, жылқы қандай жануарлар? 3. Жылқының төлі? 4. Немен демаламыз? 5. Адамдарды кім емдейді? 6. Сиырдың төлі? Үй жануарлары қайда тұрады? Жауаптары:1. ойлаймыз, 2.Үй, 3. Құлын, 4. Мұрын, 5. Дәрігер, 6. Бұзау, 7. Қора 4 мин.
ІІІ Жаңа сабақ Сонымен, балалар, сөзжұмбақтың кілтті сөзі қандай? Ендеше бүгінгі сабағымыздың бүгінгі тақырыбы — «Ұлттық ойындар» (слайд №2) «Ойындар» 1 мин.
1 Сұрақ-жауап Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? Тақтаға назар аударту Оқушылардың жауаптарын тыңдау 1 мин.
2 Сөздікпен жұмыс (Жазылым) Тақтадағы сөздерді бірнеше рет қайталап, дәптерлеріне жазып алайық (слайд №3) Сөздерді аудармасымен оқып, дәптерлеріне жазу. 3 мин.
3 Бейнеролик Қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Солардың кеййбіреулеріне тоқталып көрейік. Назарымызды тақтаға аударайық. Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерімен танысу. 3мин.20сек
4 Топтастыру. Сонымен, балалар, ұлттық ойындардың қандай түрлерімен таныс болдыңдар? Осы ойындардан басқа, тағы қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? Тақтада жазу Бәйге, қазақша күрес. Тағы да асық, тоғызқұмалақ, алтыбақан, арқан тарту ойындары бар. Балалар кезек-кезек тақтаға шығып, ойын түрлерін жазады. 4мин.
5 Аудиотаспаны тыңдау (Тыңдалым) Аудиотаспаны қосып, тыңдау. Бұл мәтіннен не түсіндіңдер? Мәтінді мұқият тыңдау 1 мин.
6 Мәтінмен жұмыс (Оқылым) Аудиотаспадағы мәтінді балаларға тарату, бір балаға оқытқызу Мәтінді оқу. Мәтінмен танысу 2мин.
7 Сұрақ-жауап (Айтылым) Бұл мәтін не туралы? Мәтінді қысқаша мазмұндау. 4мин.
ІV Сергіту сәті «Қара жорға» биін қосу Биге қосылып, қара жорға биін билеу 54сек.
8 Интерактивті тақтамен жұмыс. (грамматикалық тапсырма бойынша) табыс септігі қатысқан сөздерді қолдану Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңдар. (слайд №4) Бұл қандай септіктің жалғаулары? Табыс септіктің жалғаулары қандай? (слайд №5) Тақтаға шығып, жалғауларды жалғау.  Табыс септігінің жалғауы екенін айқындау 3мин.
9 Тақтамен жұмыс Берілген сөздерді оқып, суреттерімен жұптастырыңдар. (слайд №6) Ұлттық ойынның атауын суретімен жұптастыру. 2мин.
10  «Білектесу»  ойыны Бір үстелдің шетіне қарама-қарсы отырған екі оқушы оң қолдарымен қарсыласының қолын жығуы керек. Ұшатын құстар атаулары болса, қолдарын көтереді, басқа атауларды айтқанда қолдарын көтермейді. 1мин
11 Топпен жұмыс. (Тілдесім) Екі топ бір-бірінеұлттық ойындар туралы сұрақ дайындаңдар. Дайындаған сұрақтарын бір-біріне қою 4мин.
V Сабақты қорытындылау Ватман, суреттер, маркер, желім тарату. Балалар, ұсынылып отырған суреттерді пайдаланып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бойынша қабырға газетін дайындаңдар. Тақырыпқа қажетті суреттерді іріктеп алып, оларды ватманға жабыстырыңдар. Дайындаған қабырға газетін айналадағы адамдарға көрсету. 5мин.
VІІ Оқушылардың білімін бағалау Алдарында жатқан парақтарға өзіңнің отырған досыңа әділ баға қойыңдар. Бес  болсын  алар  бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.   Жанында отырған оқушыға бағаның белгісін қою.
2мин
Үй тапсырмасын беру жаңа сөздерді жаттау, осы сөздермен сөз тіркесін құрату. Дәптерлеріне жазып алған сөздермен сөзтіркесін құрау. 1мин.
Сабақты құрастырған: Абельдинова Алмаш Абдикаримовна
Мектеп: Павлодар обл. Екібастұз қаласы.

 №7 мектеп гимназиысы

[bws_popular_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *