Құстар

 

Пәннің аты: Дүниетану Уақыты: 28.04.2017ж Сынып: 3 «А» Мұғалім: Бисенбаева А
Сабақтың тақырыбы Құстар
Сабақтың мақсаты Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсінеді.
Күтілетін нәтиже Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытады. Сөздің мағынасын аша алады.Мәтін идеясын табады. Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды.
Ресурстар Кұстардың суреттері,
Іс әрекет барысы Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
 

Тұсаукесер

Сабақты бейнежазба көрсетуден бастау.2 мин

-Құстар туралы не білесіздер?

Топ басшыларын атап,бағалау парағымен таныстыру

Топ туралы оқушылардан мәлімет алу.2мин

Бейнежазба көріп әңгімелеп, сұрақтарға жауап береді.

Топтың атаулары:қарлығаш,аққу,

қыран,бұлбұл туралы оқушылар сипаттайды.

 

Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс. ДЖИГСО әдісі. 10мин

Топтарға мәтіннің бөліктерін беру,оқу,талдау.Сұрақтар қою арқылы бекіту.

1-топ- Құстың бәрі ұша ма?

2-топ-Балапандарының ерекшелігі не?

3-топ-Үй құстарын не үшін қолға үйретеміз?

4-топ-Қазақстанның Қызыл кітабына құстардың неше түрі енген?

«Еркін микрофон»1 мин

-Біздің елімізде құстың қанша түрі бар?

-Үй құстарын ата.

-Құстардың пайдасы.

-Құс тіршілігін зерттейтін маман.

 

«Құстар»

мазмұнымен танысады.

 

 

 

Сұрақтарға топпен бірге жауап береді.

 

 

 

 

 

Оқушылар топтарға микрофон арқылы сұрақ қояды.

Топтық жұмыс 3 мин

1-Сәйкестендіру

2-5 жолды өлең

3-Венн диаграммасы

4-Егер де мен құс болсам

Сен білесің бе? 1мин

Күн көзіне тура қарайтын құс-бүркіт.

Тоқылдақтың балапандары өте ашқарақ болғандықтан 5 минут сайын қайтып келіп тамақтандырады.

Қоқиқаз-суда баспен тұрып қоректенетін жалғыз құс.

Торғай шаңға аунаса,жаңбыр жауады.

Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса,қыс аяз болады.

Бірігіп жұмыс жасайды.Қорғап шығады.

 

 

 

 

Қызықты мәлімет алады.

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма

 

 

 

Бағалау

-Бүгінгі сабақта не үйрендік? 7мин

1.     Құстар өз балапандарына қандай қамқорлық жасайды?

2.     Құстардың басқа жануарлардан басты ерекшелігі неде?

3.     Құстар табиғатта қандай рөл атқарады. Адам өміріндегі маңызы.

4.     Неліктен біз құстарды «қанатты достарым» дейміз?

Құстар жайлы қандай халық болжамдарын білеміз?

-Сұрақтарға жауап береді..
Оқушылар алдымен өздері бағалайды, кейіннен мұғалім бағалайды 5 минут Күнделіктеріне жазады.
Кері байланыс Саусақтарға өз ойын жазады.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *