Сабақтың тақырыбы: «Таза бұлақ»әңгімесі Ыбырай Алтынсарин.
Мақсаты:Білімділігі::Мәтінді оқи отырып,негізгі ойды аша білу,Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы арқылы оқушылардың өз ойын,пікірін айтуға машықтандыру Ы.Алтынсарин туралы білетіндерін тиянақтау.
Дамытушылығы:: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Мәнерлеп оқу шеберліктерін қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі::Әңгімені оқи отырып еңбек етуге,жақсылық жасауға,таза болу идеясын бойға сіңіру,еңбекқор,адамгершілігі мол,жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,проблемалық әдіс,топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:Ы.Алтынсарин суреті,Таза бұлақ суреттері,мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз-еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла
5-ке қолды тез жеткізу.
Үй тапсырмасын бекіту:Сыныпаты 2 топқа бөлу. «Серпілген сауалдар»
.Оқушыларға сұрақтар жоспар бойынша беріледі.Соңынан 2 оқушы толық «Баланың айласы» әңгімесін айтып береді.
Жаңа сабақ:Жұмбақты шеш. Бірде былдыр-былдыр.
Сәбилердің тіліндей
Бірде сыңғыр-сыңғыр
Қоңыраудың үніндей
Ән сап жатқан ерінбей
Бұл не?/Бұлақ/Бұлақтың сыбдыры естіледі.
Бұлақ дегеніміз не?Жолаушы дегеніміз кім? ІІ-топ мағынасын ашады.«Өнер, білім бар жұрттар!»өлеңі оқылады. Балалар бұл кімнің шығармасы?
Ы.Алтынсарин.Ендеше Алтынсарин туралы не білеміз?
1-топ.Өмірі. 2-топ-Шығармалары.
Жақсыдан үйрен.Мақал –мәтелдермен жұмыс.
Мәтінді оқушылар іштей оқып,сұрақтарға жауап береді.Мәтін мәнерлеп оқылады.Әңгіме неге Таза бұлақ деп аталған?.Ғибрат алу-үлгі алу.Мәтінді тізбектеп оқыту.
1-топқа тапсырма:Әңгімеге жоспар құру.2-топқа:Сахналау.
Мақал -мәтелдермен жұмыс: Қай мақал қай жолаушының сөзіне сәйкес?
:Бірлік болмай,тірлік болмас.
Ер жігіт ел үшін туады,ел үшін өледі.
Ақ жүрген адам азбас.
Отан елдің анасы
Ер-елдің анасы.
Жақсы адам- елдің ырысы
Жақсы жер-жердің тынысы. Еңбетің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті.
Қайырымдылық жасасаң
Қайырын өзің көресің.
Сергіту сәті ұйымдастырылады.
1-топқа: Су,бұлақ туралы өлең құрастыру.
2-топқа: «Су-тіршілік көзі» эссе жазу.
«Сусыз өмір жоқ»тақырыбына сурет салғызу.
Су туралы ырым-тыйымдар,мақалдар айту.Судың да сұрауы бар.
Су ішкен құдығыңа түкірме
Судың бетін ашық қалдырма.
Түнде суға барма.
Бұлақ көрсең көзін аш…….
Сабақты бекіту: Қандай ой түйдік?
Табиғатты қорғау үшін сендер не істер едіңдер.
Тест тапсырмасы. Жауабымен өздерін-өзі тексереді.
Рефлексия.Оқушылар сабақ сендерге ұнады ма?
Қорытынды:Оқушыларды бағалау.
Қостанай облысы
Аманкелді ауданы
«Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:Мырзахметова Гүлнұр Қалижанқызы.
[bws_related_posts]