Басы » Tәрбие сағаттары » Қарты бардың – қазынасы бар.

Қарты бардың – қазынасы бар.

Екібастұз қаласы

С. Торайғыров атындағы

№22 гимназия-мектебінің мұғалімі

          Әбибекова Р.Қ.

Қарты бардың қазынасы бар.

Мақсаты:

Оқушыларды адамгаршілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор, болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды-ұнамсыз, әдепті-әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету сабағымның басты ұстанымы.

Көрнекілігі:

Слайдтарды, «Анажүрегі» бейнеклипін,  дисклер, көрініске қажетті құралдарды пайдалану.

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Кіріспе бөлімі

1-жүргізуші:  Әсем

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тиым қояды. Бұның бәрі тәрбие.

2-жүргізуші:  Мадияр

Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда біздің сүйікті ата-әжелеріміз қонақта. Олар сіздерге бар мейірімін, бар ықыласын төгіп келіп отыр. Хош келдіңіздер!

1-жүргізуші:  Әсем

Бізде қонақта мектебіміздің ән-күй пәнінің мұғалімі Дәметкен апайға кезек берейік

Орындауында «Қариялар азайып бара жатыр»

1-жүргізуші:  Әсем

Ардақты аталарымызға және  асыл әжелерімізге арнап  9 «б» сынып оқушысы Молдахметова Жансаяның орындауында « Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Мадияр

Халқымызда «Өз балаң өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар. Бала немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай деген екен:

Бала деген бал екен,

Бала дегенің бал екен.

Немеренің бойында,

Бар тәттілік бар екен.

Туған балаң жәй ғана,

Демесең де жат, бөтен.

Нағыз балаң ойласаң,

Немере екен, тәтті екен, —

дегендей ата-әжелерімізге мынадай сұрақ қойып әңгімеге тартқымыз келіп отыр.

2-жүргізуші: Мадияр 

  1. Сіздер отбасында немерелеріңізге қандай тәрбие беріп келесіз?

1-жүргізуші:  Әсем

  1. Өз немереңіздің қандай адам болғанын көргіңіз келеді?

2-жүргізуші: Мадияр

  1. Немереңіздің ұнамай қалатын немесе көңіліңізге келетін қылықтары бар ма? Ондай кезде қандай ойда боласыз?

2-жүргізуші: Мадияр

Ата-әжелерге  Молдахметова Жансаяның орындауында «Анаға хат» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Әсем

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз – дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, өзі нәр.

Ата салты – ардақты

Сол сөздерді ұқпасақ,

Тістерсің бір күн бармақты, —

дегендей,  қариялардың кеудесі – алтын сандық. Ол сандықта атадан балаға жалғасып келе жатқан имандылық, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттері тұнып тұр.

2-жүргізуші: Мадияр

Ертуғанның орындауында күй  «                    »    тыңдаңыздар

1-жүргізуші: Әсем

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мақал текке айтылмаса керек.

Көне тәмсілдегі « Бір бала бар  — атаға жете туады, бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.

Көрініс.

Әке – Хаким

Бала — Әлібек  

1-жүргізуші: Әсем: 

Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:-          Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, — депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

—          «балам анау не?» деп сұрапты.

—          «ол – түйе» — деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:

—          «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі:

—          «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.

Мұғалім:

( оқушылардан осы көріністен қандай ой түйгендері сұрайды)

2-жүргізуші: Мадияр

«Ата-ананың ақылы-сайрап жатқан жолмен тең» деген сөз де аталардың өмір тәжірибесінен қалған.

Ендеше Жансаяның орындауында «Анаға хат» әнін тыңдайық 

1-жүргізуші: Әсем:

Келесі кезекті мектебіміздің ардагер ұстаздарымызға арнайық

Әнел, Әсем, Толғанай — өлең оқиды.

2-жүргізуші: Мадияр

Қарияларды құттықтау сөз әнелге беріледі

1-жүргізуші: Әсем:

Сыбымыздың оқушысы Толғанайдың орындауында « Жан анам» әнін тыңдайық

2-жүргізуші: Мадияр

Ал, енді Ақбота мен Мадинаның биін тамашалайық.

1-жүргізуші:

Міне, балалар, ата-әжеміз бар, әке-шешеміз бар біздер бақыттымыз. Бүгінгідей егеменді елде қайғы-қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек.

Бұл туралы көремсөз оқиды:

Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кеміп бара жатыр қартайып

Отбасында, бала-шаға қасында,

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім, болмаған соң сыңары,

Жалқы тірлік жаман сөзден сынады.

Жас баладай жаутаңдаған жанарға,

Қайта-қайта қарағың кеп тұрады.

Қағыс естіп қалбаңдайды баладай

Ниеті ақ, пейілі кең даладай.

Кімге болса қарттық жетер аяңдап,

Мәпелеңдер, қарт біткенді аялап.

ІҮ. Қорытынды

Мұғалім:

Ата-ананы сыйлау – адамгершіліктің ең басты қағидасы. Сол ата-ана балаға бар өмірін арнайды. Ата-ананың адам өміріндегі орны ерекше. Халықта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда оның жақсылығын қайтара алмайсың» — деген сөз бар. Бұл ата-ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. Ата-ана тіпті қартайып, аяқ-қолынан әл  кеткен кезде де оған «ищай» деуге балаларының қақысы жоқ. Имандылық қағидалары бойынша әкесі мен шешесінің ризашылығын алмаған балаға жәннәттың есігі жабық дейді. Ата-анамен қарым-қатынаста баланың оларға «Сіз» деп сөйлегені жарасымды. «Сен» деп тұрған бала ертеңгі күні оны менсінбей, жаман жат қылықтар көрсетуі мүмкін. Екіншіден, ата-ананың айтқанын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны абзал. Үшіншіден, мейлі ата-ана қандай болса да, бала ата-анасын жамандамауы, оларды мүмкіндігінше мақтан тұтуы керек. Адам ата-анасына артық-ауыс айқан сөздері болса, оған кешіріммен қарай білгені, жүректерін ауыртпай, үнемі көтермелеп жүргені жөн.

Міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адамның жүрегінде орын алатын қасиет. Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал,

мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер. Қарттардың алдында әрқашан да бас иіп тұрыңдар деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймын.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *