Басы » Бастауыш сыныптар » М м дыбысы мен әрпі

М м дыбысы мен әрпі

 Сабақтың тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Мм дыбысы мен әрпімен таныстыру,м дыбысын сөз ішінен бөліп айта білу,дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.

2.Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: М дыбысына байланысты суреттер, М м әрпінің баспа, жазба түрінің жазылу үлгісі, дыбыс сызбасы,дауысты дыбыс сызбасы, дауыссыз дыбыс сызбасы, буын сызбасы, сөз сызбасы,сөйлем сызбасы, кеспе әріптер кассасы,кеспе буындар, жаңылтпаш.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, әңгіме.

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:түгендеу,партаға дұрыс отыру. Оқушылармен амандасып, қажетті құралдарын алғызу.Сыныпты сабаққа дайындау.Сабаққа зейінін аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық.

-Кәне, досым,тексерші,

Дайынсың ба сабаққа?

Орныңда ма,бүтін бе,

Дәптер, қалам, кітаптар?

Тұр ма сызғыш алдыңда,

Қолыңда ма қарындаш?

ІІІ . Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:

Біз күздегі жапырақпыз,

Бұтақтарға жабысқан.

Жел соқты да ұшып кеттік,

Ұшып кеттік алысқа.

Жерге баяу қонақтадық,

Тағы соқты жел келіп.

Жапырақты көкке ұшырды,

Ауада сәл тербеліп,

Тағы қондық жерге біз.

-Жердегі жапырақтарды бір-бірден алып,оларда жазылған тапсырмаларға жауап берелік.

а)Дыбыстық талдау.

Долана,дода,доға,дуадақ.

ә)Сұрақ-жауап:

Дыбыс дегеніміз не?Сызбасын көрсет?

-Дыбыс түрлерін ата?

-Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз?Сызбасын көрсет.

-Дыбысты немен таңбалаймыз?

-Дыбыстан не құралады?(буын,сөз)Сызбасын көрсет.

-Сөз дегеніміз не?Сызбасын көрсет.

-Сөйлем  неден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Зат есім дегеніміз не?

-Зат есім сұрақтары?

-Зат есімнің неше түрі бар?

-Жекеше түрінің сұрақтары?Мысал келтір.

-Көпше түрінің  сұрақтары?Мысал келтір.

-Көптік жалғауларын айт?

-Диалог дегеніміз не?

-Мәтін дегеніміз не?

-Мәтінге не қоюға болады?

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Д дыбысымен таныстық.

-Қандай дыбыс?(Дауыссыз дыбыс,ұяң)

-Неге дауыссыз дыбыс, дәлелде?

-Қалай айтылады?(қысқа айтылады,өлең айтуға келмейді)

-Д дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?(Cөздің басында, ортасында)

-Д әрпін кеспе әріптер кассасынан кім көрсетеді?

б)оқулықпен жұмыс.56-57-бетті.

Тізбектей оқыту,жеке –жеке оқытып, тексеру.

 ІV.Сергіту сәті.

Солға, солға тұзу тұр.

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

V.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

VI. Жаңа сабақ:

в) Суреттермен жұмыс.

-Нелердің суретін көріп отырсыңдар?

-Сиыр,қой, ешкі,жылқы,түйе.

-Жалпы бір сөзбен не деп айтамыз?

-Малдар.

-Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

-М дыбысы.

-Ендеше ,бәріміз бірге айтып көрелік.

-Қандай дыбыс?

-Дауыссыз.

-Қандай текшемен белгілейміз?

М м әрпінің баспа түрімен таныстыру.

-М дыбысы кездесетін сөздер ойлаңдар.

VII.Сергіту сәті.

Бір,екі,тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Жүгірейік,жүгірейік,

Аяқтың ұшынан басайық.

Саңырауқұлақтай отырып,

Емендерше тұрайық.

Тұрайық, отырайық,

Тұрайық, отырайық.

Партамызға жайғасып,

Отырайық ,тып-тыныш.

VIIІ.Оқулықпен жұмыс.

*Кіріспе әңгіме.

-Мақта оңтүстікте , жылы жақта өседі. Мақтадан жіп иіреді. Жіптен мата тоқиды. Матадан әр түрлі киімдер тігіледі. Ал киім –адам көркі. Оны таза ұстап ,күтіп кию керек.

*Мұғалімнің оқуы.

*Хормен оқу.

*Іштей оқу.

*Тізбектей оқу.

*Сөздік жұмыс.

ІХ. Дәптермен жұмыс.

М м жазбаша түрін көрсету.

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

М-дың бас әрпі.

м-ның кіші әрпі.

1. Ауада жазып үйрену.

2. Тақтаға жазу.

3. Дәптерге жазу.

М м  әрпіне, үлгідегі берілгенді дәптеріне жазғызу.

Х .Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ХІ. Қорытынды.

Қандай дыбыспен таныстық?

-Ол қандай дыбыс? Неге,дәлелде.

-Сөздің қай жерлерінде кездеседі?

ХІІ.Бағалау. Мадақтау.

ХІІІ.Үйге:58-бет оқу.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *