Қазақстан болашағы бүгінгі ұрпағында
Мақсаты: 1) Оқушылардың алған білімдерін тексереотырып ақыл – ой өрісін жан – жақты дамыту; 2) ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу; 3) Қазақстан патриотизміне қалыптастыру.
Көрнекілік: плакаттар, жоспар үлгісі, бейджик т.б.
Барысы:
— Сәлеметсіздер, құрметті оқушылар, ұстаздар!
«Қазақстан болашағы білімді ұрпағында» атты зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер!
— Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.
— Біздің қатысушы сайыскерлерімізге демеу беріп ду қолшапалақ соғайық.
Әділ қазыларды сайлау,
Ашық –жарқын жүзді.
Тыңдап баға берерге,
Шақырайық төрге.
— Қазір біз осы уақытқа дейін алған білімізді көрсетіп, өлеңдермен, мақал-мәтелдермен өрнектеп өнерімізді, білімізді ортаға салайық.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда. Ойнымызды бастайық.Ойнымызды бастамас бұрын жоспармен танысайық.
Жоспар:
I кезең. 1. Таныстыру
2. Жұмбақтар әлемі
3. Мақал – мәтел сайысы.
II кезең
1. “Егер мен….” (Жағдаяттан шығу)
2. Ұйқасын тап…
3. Сурет салу.
III кезең. 1.Кім көп біледі?
2. Кім жылдам?
Таныстыру үлгісі. Топтың аты. Ұраны.
2. «Жұмбақтар әлеміне саяхат»
1-жұмбақ:
Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.
Жаубы: Карта
2-жұмбақ:
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
Жауабы: Күннің көзі
3-жұмбақ:
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.
Жауабы: Су
4-жұмбақ:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Жауабы: Қар
5-жұмбақ:
Тал басында түндіксіз отау.
Жауабы: Ұя
6-жұмбақ:
Сылдыр сұйық, су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
Жауабы: Сүт
7-жұмбақ:
Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар.
Жауабы: Бор
8-жұмбақ:
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп,
Өзі сөйлей біллмейді,
Салған ізі сөйлейді.
Жауабы: Қалам
3. «Мақал – мәтелдер сайысы »
Әр топ кезекпен 1 минут ішінде Отан, туған ел, туралы мақал-мәтелдер айтып шығу керек.
II кезең
- 1. «Егер де мен….» (Жағдаяттан шығу)
1-командаға:
Егер де мен жаман баға алып қалсам…..
2-командыға:
Егерде мен сабаққа даярлықсыз келсем….
3-командыға:
Егер де мен досымның көңілін қалдырсам….
- 2. «Ұйқасын тап…»
1-командыға:
Үлкенірек есектен,
Кіші, бірақ жылқыдан.
Жабайы ғой десек те,
Тайға ұқсас сыртынан.
Қайсы бұл аң? (Құлан)
2-командыға:
Мүйіздері салалы,
Дөңес біткен қабағы.
Бұғы тектес,
Сида сан,
Шоқтығы бар шамалы.
Қайсы бұл аң? (Бұлан)
3-командыға:
Мың сан бояу қосылған,
Жоны тордай тоқылған.
Тілі – сумаң,
Тісі – у,
Атынан ел шошыған.
Ізі – бұраң-бұраң,
Ол не? (Жылан)
III кезең
- 1. «Кім көп біледі?»
«Өзгермейтін сөздер»
Оңнан оқы,
Көне өлшем.
Солынан оқы,
Көне өлшем.
Бір килоның бестен бір
Бөлігіне теңесем. (Қадақ)
Оңынан оқы,
Халықпын.
Солынан оқы,
Халықпын.
Астықты өлке атанған
Елмін байтақ,
Алыппын! (Қазақ)
Оңынан оқы,
Тағаммын.
Солынан оқы,
Тағаммын.
Бастауымын ырыстың,
Арқауымын адамның. (Нан)
- 2. «Кім жылдам?»
1-сұрақ: Қазақстан Республикасының Президенті кім?
2-сұрақ: Рәміздерді ата.
3-сұрақ: 1 жылда неше ай?
4-сұрақ: Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
5-сұрақ: Дүйсенбіден кейін қай күн?
6-сұрақ: Біз білім алатын орда?
Қорытынды: «Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыз дар» деген тілекпен кеімізді аяқтаймыз.