- Прокариоттарға жатады: қалыптасқан ядросы болмайтын жасушалар
- Прокариотты ағзалар: бактериялар, цианобактериялар
- Бактериялардың көпшілігінің мөлшері: 0,2-0,5 мкм
- Жүзім сияқты жинақталған шар тәрізді бактериялар: стафилакокк
- Бактериялар қозғалады: талшықтар арқылы
- Таяқша тәрізді біржасушалы бактериялар: бациллалар
- Бактерия жасушасына тән органелла: рибосома
- Бактерия мезосомасы- бұл: тыныс алатын ферменттер мен фотосинтездеуші пигменттері орналасқан цитоплазмалық мембрананың ішке қарай жирылуы
- Бактерия жасушасындағы ядроның аналогы: нуклеоид
- Спора түзу қасиеті тән бактерия: таяқшатәрізді
- Бактерия споралары … қызметін атқарады : таралу
- Қолайлы жағдай туғанда бактерия споралары: ісінеді және жаңа бактерия жасушасы өседі
- Автотрофты бактериялар: фото-, және хемотрофты
- Гетеротрофты бактериялар: сапрофитті және паразитті
- Сапрофиттер – бұл өлі ағзалардың немесе тірі ағзадан бөлінген органикалық заттарды қорек ретінде қолданатын организмдер
- Паразиттер- бұл тірі ағзалардың органикалық заттарын қорек ретінде қолданатын организмдер.
- Қоректену түрі бойынша бактериялар: автотрофты және гетеротрофты
- Сапротрофты бактериялар … жүзеге асырады: шіру және ашу
- Автотрофты бактериялар: органикалық заттарды бейорганикалық заттардан өздері синтездейді
- Минерализация- бұл қарашіріктің минералды заттарға айналу процесі
- Азотфиксация – бұл өсімдіктерге немесе басқа тірі ағзалардың ауа құрамындағы азотты басқа қосылыстарға айналдыру процесі
- Түйнек бактериялары : өсімдік тамыры жасушасында тіршілік етеді және көбейеді
- Оттекті қолдануына байланысты бактериялар: анаэробты, аэробты, факультативті анаэробты болады.
- Бакетриялар көбейеді: жасушаның қарапайым екіге бөлінуі арқылы ( бинарлы)
- Бактериялардың коньюгациясы: ДНК бөлшегін тура бір бактерия жасушасынан екіншісіне беруі
- Трансдукция – бұл бактерия жасушасындағы ДНК молекуласының екі еселенуі
- Пастерлеу — 65 градус температурада 10-20 минут залалсыздандыру
- Патогенді бактериялар — тірі ағзада ауру туғызатын бактериялар
- Бактериофаг – бактерия вирусы
- Цианобактерияның бактериядан айырмашылығы: а – хлорофиллінің болуында.
- Цианобактериялар – 2 сатылы фотосинтез процесін жүзеге асырады.
- Цианобактериялар селбеседі: саңырауқұлақтармен ; жоғары сатыдағы өсімдіктер тамырымен.
- Судың «гүлдеуі» — бұл цианобактериялар мен балдырлардың көбеюі нәтижесінде ашық су бетінің бояуының өзгеруі
Саңырауқұлақтар.Қыналар.
- Саңырауқұлақтар тіршілік етеді: топырақта, суда, ағзаның бетінде және ішінде, тағамдық өнімдерде, ағаштан жасалған бұйымдарда.
- Саңырауқұлақтардың вегетативті денесі – мицелий
- Мицелий – жіңішке түссіз жіпшелер – гифтерден құралады.
- 4. Саңырауқұлақ жасушасындағы ядро саны- 1,2,көп
- 5. Қоректік заты – гликоген
- 6. Жасушасындағы органеллалары: 1 немесе бірнеше ядро, митохондрия, рибосома, ГА, ЭПТ
- 7. Саңырауқұлақтарды өсімдіктермен жақындастыратын белгілері: қабықшасының болуы, қозғалмайды, спорамен көбейеді, қанша тіршілік етсе, сонша өседі, заттарды сору арқылы сіңіреді.
- 8. Жануарлаға ұқсас белгілері: гетеротрофты, гликоген, хитинді жамылғы, зат алмасу нәтижесінде мочевинаның бөлінуі
- 9. Саңырауқұлақтар қоректену типі бойынша: гетеро — , автотрофты болады.
- 10. Саңырауқұлақтардың көпшілігі: сапрофитті
- 11. Селбеседі: балдырлармен, цианобактериялармен, жоғары сатыдағы өсімдіктермен.
- 12. Саңырауқұлақтар өсімдік тамырынан органикалық заттарды алады.
- 13. Саңырауқұлақтар өсімдіктерді қамтамасыз етеді: минералды заттармен, витаминдермен, сумен
- 14. Саңырауқұлақтар көбейеді: жынысты және жыныссыз жолмен
- 15. Мукордың споралары: шар тәрізді спорангияларда жетіледі.
- 16. Саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі: конидие спроалар, спорангиеспоралар, мицелий бөлігімен.
- 17. Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюі: аталық, аналық гаметалар, гаметангиялар, өсімді мицелий жасушалары арқылы.
- Мукордың гифтері: көп ядролы бұтақталғанжіпшелер тәрізді жасушаларъ
- Пеницеллдің мицелийі : жасушалары бір — бірінен бөлінген бұтақталған гифтер
- Ашытқы саңырауқұлағы: бір жасушалыағзалар
- Ашытқының вегетативті көбеюі: бүршіктену арқылы
- Ашытқы оттектің қатысынсыз қантты ортада : ашу процесі жүреді
- Қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесі: спора түзеді
- Қалпақты саңырауқұлақтар мына өсімдіктермен микориза түзеді: ашықтұқымдылар, гүлдіөсімдіктер
- Улы саңырауқұлақтарға жатады:
Микозы – адамның саңырауқұлақ ауруы
- Паразит саңырақұлақтар:
Саңырауқұлақтар қолданылады: ақуыз, антибиотик, өсу заттары, лимон қышқылы, ферменттер, витаминдер
- Саңырауқұлақтармен уланған адамды құтқару қиын: уланған белгілер тек 12-24 сағаттан соң ғана белгі береді, бұл кезде улы токсиннің қайтуы қиынға соғады.
- Қына – саңырауқұлақ, цианобактерия, балдырлардың селбесуі нәтижесіеде пайда болады.
- Қыналар бекінеді: ризоидтар, ризиналар, гаптералармен
- Қыналардың өсу жылдамдығы: жылына 0,1-10 мм
- Қыналардың гомеомерлі қабаты: саңырауқұлақтардың гифтері борпылдақ орналасқан, арасында автотрофты компоненті бар қабат
- Қыналардың гетеромерлі қабаты:дифференциалды қабат, (үстіңгі және астыңғы қабаты, автотрофты компонент, өзек)
- Қыналар көбейеді: вегетативті
- Қыналардың вегетативті көбеюі: қабаттары арқылы, соредия және изидиялар арқылы
- Соредия және изидия – саңырауқұлақтардың гифтермен қоршалған автотрофты компонентті жасушалары
Өсімдіктер дүниесі
- .өсімдіктерге жататын ағзалар: эукариотты, фототропты ағзалар
- Өсімдіктерге қажетті минералды заттар: азот,фосфор, калий
- Қоректік көмірсулары: крахмал
- Өсімдік жасушасына тән белгі: центроильдің болмауы, пламтид, қабықша, жасуша шырыны бар вакуольдің болуы
- Өсімдік жасушасының қабықшасы тұрады: целлюлоза, гемицеллюлоза және пектинді заттар
- Өсімдіктер өседі: тіршілік барысында
- Өсімдік ағзасының бір — бірімен байланысы: фитогармондар арқылы жүзеге асады.
- Тропизм- қоршаған орта факторының бір бағытта әсер етуінен пайда болған өсу қозғалысы
- Өсімдікттің фотосинтездеуші құрылымдық бірлігі: хлоропласт
- Балдырларға тән қоректену түрі: фототрофты
- Жасыл балдырлардың жасушасында : хлорофилл а, в, каратиноидтар бар
- Балдырларға белсенді қозғалыс тән ба? Талшықты балдырларға тән
- Балдырлардың әр түрлі түсті болуы : жарық сәулесін әр түрлі ұзындықтан (қашықтықтан) қабылдай алу қасиетіне байланысты
- Балдырлар талломы: тілімделген болады.
- Балдырлардың ауа көпіршіктерінің қызметі: су бетінде тұрып, жарық сәулесін қабылдауға мүмкіндік береді.
- Хломидомонаданың жирылғыш вакуолінің қызметі қандай: судың артық мөлшерін шығару
- Хломидомонаданың жынысты көбеюі: қолайсыз жағдай туғанда
- Хломидомонаданың жыныссыз көбеюі: зооспора арқылы
- Хломидомонаданың жыныссыз көбеюінде неше зооспора түзіледі:4-8
- Талшықсыз, суда тіршілік ететін, біржасушалы, қоректік маңызы бар балдыр- хлорелла
- Екі талшықты, жасушалары басқалардын морфологиялық және функционалды ажыратылатын, шар тәрізді колонна түзетін балдыр – вольвокс
- Улотрикстің тіршілік формасы- жіп тәріздікөпжасушалы балдыр
- Улотрикс көбеюі: жынысты, жыныссыз
- Спирогираның жынысты көбеюі: коньюгация деп аталады.
- Қоңыр балдырлар: судың терең қабатында тіршілік етеді, себебі олар көгілдір және күлгін жарықты сіңіре алады.
- Көпшілік балдырлар: тұщы және ащы суларды өседі.
- Балдырлар су және қоректік заттарды сіңіреді: барлық денесімен
- Қоректену түрі бойынша балдырлар: фототрофты
- Балдырлар денесі: таллом немесе қабат деп аталады.
- Жасыл балдырға жатады: спирогира, улотрикс
- Қоңыр балдыр: фукус, ламинария
- Балдырларды жіктеудегі негізгі фактор: хлоропластарының формасы
- Қызыл балдырлардың талломы: ашық қызыл, сары, көгілдір- жасыл түсті болуы мүмкін
- Балдырлардың биосферадағы ролі: фотосинтез нәтижесінде орг заттар түзеді, судан көмірқыщ\шқыл газын сіңіріп, оттекпен байытады.
- Жоғары сатыдағы өсімдіктер белгілері: денесінің ұлпа, мүшелерге бөлінуі, ұрпақтарының заңды түрде ауысуы, жынысты көбеюі
- Төбе меристемасы орналасқан: сабақтың басында, тамырдың ұшында
- Жаңа жасушалардың түзілуі және сабақтың жуандап өсуі: камбийге байланысты.
- Даражарнақтылардың сабағы бірінші айларында ғана жуандап өседі, себебі оларды камбий жоқ.
- Эпидермис- бір қабатты тығыз тірі жасушалардан тұрады
- Лептестік- хлоропластары бар екі тұйықталған жасушалардан тұратын эпидермистегі саңылау
- Лептестік қызметі- суды буландыру (транспирация), газ алмасу
- Перидерма – жабын ұлпа- бірнеше өлі жасушалардан және бірнеше тірі жасушалардан тұрады.
- Тірек қызметін атқаратын ұлпалар- колленхима, склеренхима
- Өткізгіш қызметін атқаратын ұлпалар- ксилема, флоэма
- Судың қозғалысы мен еріген минералды заттардың қозғалысы- сүрек түтікшелері арқылы жүзеге асады.
- Ксилема – сүректелген қабықшасы бар ұзын өлі жасушалы түтіктерден-(трахеидтер), тірі паренхима жасушаларынан тұрады.
- Флоэма –
- Сүзгілі түтіктер- көптеген саңылаулары бар тірі ядросыз жасушалар
- Плаунтектестерде алғаш рет тамыр пайда болды.
- Тамырдың өсуі барысында мына процестер жүзеге асады: жасуша бөлінеді- жасушаның созылуы- жасушаның дифференциациясы- негізгі тамырдан қосалқы тамырдың бұтақтануы
- Тамыр түктері- тамырдың эпидермисіндегі сыртқы өсіндісі
- Өсімдіктің суды буландыруы- су мен минералды заттардың қозғалуына әсер етеді.
- Лептестік саңылаулары –жапырақтың астыңғы және үстіңгі беттерінде болады.
- Фотосинтез жапырақтың бағналы жасушаларында жүреді.
- Жапырақ жүйкесі – талшықты шоқтардан, сүзгілі түтіктерден, тін талшықтарынан түзіледі.
- Мүктер су мен мин заттарды топырақтан ризоидтарымен, сабағымен, жапырағымен сіңіреді.
- Мүктердің жапырағына тән: лептестік түзуші жасушаның болмауы, саңылаулары бар.
- Папортниктердің спорасынан: ұсақ көпжасушалы гаметафит түзіледі
- Папортниктердің ұрықтануы: су тамшылары болса жүреді.
- Папортниктердің ұрықтануынан соң зиготадан спорофитті ұрық пайда болады.
- Эндоспермде — триплоидты хромосома
- Қарақатқа тән жеміс – жидек
- Қиярдың жемісі- ас қабақ
- Тұшала(қарлыған) жемісі- жидек
- Орманжаңғақ (лещина)– жаңғақ
- Таңқурай жемісі- көпсүйекті
- Ас бұршақ жемісі- бұршаққап
- Көкнәр – қауашақ
- Черемуха — сүйекті
- Бидай- дәнек
- Картоп- жидек
- Қойбүлдірген- құрғақ жаңғақшалы жеміс
- Тұқымның өнуі барысында мына құбылыс байқалады: судың әсерінен тұқым ісінеді- тұқым қабығы жарылады- тез өсетін тамыршасы көрінеді – тұқымжарнағы және бүршігі бар алғашқы сабақша пайда болады.
Жануарлар
- Қарапайымдылардың мөлшері: микроскопиялы, кейбірінің мөлшері 1,5-2 см дейін
- Барлық қарапайымдылар: жыртқыштар, фильтраторлар.паразиттер
- Жасуша қабықшасы болмайтын қарапайым: тамыраяқтылар
- Қарапайымдалар қоректенеді: қатты заттар мен еріген органикалық заттармен
- Қарапайымдылар жасушасында ядро саны : 2 ден аспайды
Школьная олимпиада – биология. В.С.Кучменко, В.В.Пасечник
- Аюбадам сабағындағы паренхима жасушалары: өзекті құрайды.
- Түймедақ себетінің шеткі гүлдері: жыныссыз гүлдер, жалған тілшікті
- Жер бетінде тіршілік ететін балдыр: плеврококк
- Қарағайдың жасыл қылқанды жапырақтары: қысқарған өркенде орналасқан
- Қызғалдақтың жемісі- қауашақ
- Қауырсын тәрізді жапырақ тән: түзу қазтабан
- Жапырақтың газалмасу қызметі: лептестікке байланысты
- Көктемде сабақтың өткізгіш ксилема элементері арқылы: еріген органикалық және мин заттар өтеді.
- Бір жылдық аққайыңның жабын ұлпасы: эпидерма
- Эпифиттер- жермен байланысы болмайтын автотрофты өсімдіктер, басқа өсімдіктердің бұтағында, сабағында тіршілік етеді. (орхидея, мүктер)
- Эфемерлер- дамуы өте қысқа мерзімде өтетін біржылдық өсімдіктер
- Эфемероидтар-жер үсті мүшелері күзден көктемге дейін өсіп, жазда өледі, жер саты мүшелері(түйнек, пиязшық) бірнеше жылға дейін сақталатын көпжылдық өсімдіктер.
- Литофиттер- тастар мен құздарда өсетін өсімдіктер.Алдымен бактериялар мен балдырлар, сонан соң қыналар, мүктер, жоғары сатыдағы өсімдіктер өседі.
- Тамырдың түзуші ұлпасы: өсу аймағын түзеді
- Транспирация өсімдікке: температураны реттеуге және миералды заттарды үнемі алуға көмектеседі
- Жыртқыш өсімдіктер насекомдарды ұстағанда: нәруыз синездейтін азот алады
- Хлорофилл түзуші бірақ құрамына кірмейтін элемент: темір
- Гидрофитті- суда тек төменгі бөлігі ғана болатын өсімдіктер (күріш, тростник)
- Гидатофиттер – толығымен суда өсетіндер
- Галафитті –жоғары тұзды ортада өсетін өсімдіктер (жусан)
- 1898ж С.Навашин лалагүл тұқымдасының екі өсімдігі арқылы қосарлы ұрықтануды ашты
- Андроцей – гүлдің аталықтарының жиынтығы
- Геницей –гүлдің аналықтарының жиынтығы
- Хамефиттер- өсу нүктесі жер үстінде 20-30см биіктікте болатын, қар астында сақталатын өсімдіктердің тіршілік формасы (брусника, черника, мүктер)
- Гелиофиттер – күнді жақсы көретін өсімдіктер (қарағай, аққайың, емен, астық тұқымдастар)
- Фанерофиттер- өсу нүктесі жер үстінен биік, қолайсыз жағдайдан соң да өсуін жалғастыатын өсімдіктердің тіршілік формасы( ағашьар, бұталы өсімдіктер)
- Терофиттер- жылдың қолайсыз жағдайында тіршілігін тұқым түрінде сақтайтын бір жылдық өсімдіктер тіршілік формасы (көкнәр, шаршыгүлділер)
- Космполиттер- әр түрлі экологиялық жағдайларда өсу мүмкіндігі бар өсімдіктер немесе жануарлардың тобы(эндемиктерге қарсы)
- Рудералдар – құрылыс, жол бойында, қоқыстар арасында өсетін өсімдіктер, қорғаныш тікені, т.б. болады. (қалақай, лопух)
- Изогамия- сыртқы пішіні бірдей, бірақ биохимиялық, физиологиялық қасиеттері жағынан айырмашылығы бар жыныс жасушаларының қосылу процесі (балдыр)
- Оогамия- жұмыртқа жасушасы мен спермотозоидтар қосылуы арқылы жүретін жыныстық процесс
- Зигогамия- сырт белгісі бойынша аталық пен аналыққа бөлінбейтін жыныс жасушаларының қосылуы (саңырауқұлақтар)
- Гетерогамия – сыртқы белгілері бойынша әр түрлі жасушалардың қосылуы (оогамия)
- Конъюгация- балдырлардың өсімді мүшелерінің қосылуы арқылы көбею түрі, инфузорияда ядроның сұйықтықтарының қосылуы, генетикалық материалдың берілуі
- Плаундардың гаметофиті 10 жыл бойы түзіледі
- СО2 биосинтезге қажет екенін алғаш дәлелдеген: Сенебье
- Клейстотеция (клейстогамия)- гүлі ашылмайтын өсімдіктерде өздігінен ұрықтану немесе тозаңдану (арахис, фиалка,пеницелл)
- Зигомицеттер –жынысты көбеюі зигогамия саңырауқұлақтар (паразиттер, мукор)
- Базидиомицеттер – базидиямен көбейетін жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
- Склеренхима – тірек ұлпасы, тін талшықтарынан тұрады, склереид – ұлпа түрі, (жаңғақ сүйегі, шие сүйегі)
- Колленхима – жас өсімдіктердің тірек ұлпасы, (клей)
- Аплоноспор- талшықсыз спора (холрелла)
- Фотосинтездің жарық фазасы- тилокоидтарда жүреді
- Фтотсинтездң қараңқы фазасы- хлоропластардың стромасында жүреді
- Жарықтың құрамына өсімдіктер родопсиннің белсенділігімен жауап береді.
- Алғашқы эндоспермі болмайды: көкнәр мен томаттан, үрмебұршақ пен асбұршақтан.бидай, арпа, бұрыш, інжугүл, пияз. хурма
- Тұқымында эндоспермі болмайды: емен, орманжаңғағы
- Астық тұқымдасына тән гүлшоғырлар: күрделі масақ, сүлтан, сыпыртқы
Жануарлар
- Жауынан өзінің іш құрылысын сыртқа шығарып қорғанады: голотурия (инетерілілер кл )
- Өрмекшілердің өрмек сүйелдері- түрі өзгерген құрсақ аяқтары
- Скаттың электр тогын түзуші мүшесі: басы мен кеуде жүзбеқанаттарының ортасында болады.
- Гидраның денсіне қозу жүйке торы арқылы жасушадан жасушаға беріледі
- Нейстондар- су бетінде тіршілік ететін ағзалар
- Планктондар – су қабатында бәсең тіршілік ететін жәндіктер
- Қосмекенділер тыныс алады: желбезек,тері, өкпе
- Құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың арғы тегі: саусақсалалы балықтар
- Дафнияға( шаянтәрізділердің өкілі)- партоногенез және қос жынысты көбею тән.
- Буылтық құрттардың жүйке жүйесі: жүйке тізбегінен тұрады( жұтқыншақ асты жүйке түйіндері және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.)
- Қандауырша – бассүйексіздер класына жатады
- Австриалия қоқыс тауығы жұмыртқасын: шіріген жапырақтар арасына тығады.
- Жауын құрты тыныс алады: терісі арқылы
- Өрмекшітәрізділердің, скорпионның бірінші жұп аяқтары: хелицералар, ІІ – педипальпалар, мандибулы- жақ аяқтары, антеннулы- мұршалары
- Өзен шаянының зәр шығару мүшесі (жасыл без) басында орналасады.
- Комменсализм- әр түрлі түр өкілдерінің бір – біріне зиянын тигізбей бірге тіршілік етуі, (торғайлар мен бүркіттің ұясы, акулаға жабысып бірге қозғалатын балық, балықтың қосжақтаулылардың бақалшағына уылдырығын шашып, дернәсілін шығаруы)
- Аллигаторлар ұясын: шіріген өсімдік қалдығынан жасайды.
- Аузында еріні болмайды: тасбақалар
- Жұмыртқа салатын сүтқоректілердің сүт бездерінде үрпісі болмайды.
- Жылқының жойылып кеткен түрі- тарпан
- Тек паразит тіршілік ететін қарапайымдылар- споровиктер
- қан айналымы ашық жүйелі жануарларға тән: гемоцианин, гемоцель, гемолимфа
- гемоцианин – омыртқасыздардың тыныс алуда оттек тасымалдайтын нәруызы
- гемолимфа- ашық жүйелі қан айналымы бар омыртқасыздардың жаушасы мен ұлпаларындағы сұйықтық
- Сүтқоректілерге тән аромарфоз – жылықандылығы
- Малярияның тіршілік циклі: адам қаны- масаның сілекей безі- масаның ішегі
- Безгек паразитінің плазмодиясының шизоты: адам эритроцитінде түзіледі.
- Таспа құрттарда: қан айналым жүйесі болмайды, денесіне оттек пен қоректік заттар диффузия нәтижесінде келеді.
- Ішек қуыстылардың регенерациясы: аралық жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады
- Жұмыр құрттардың тыныс алуы : оттексіз, оттек ағзаға түспейді.
- Бунақденелілердің жүрегі: түтікше тәрізді
- Жартылай қатқыл қанаттылар отрядының ауыз аппараты- шаншып сорғыш
- Аскариданың дене қуысы: сүйықтыққа толы
- Насекомдардың есту мүшесі: құрсағы мен аяқтарында орналасқан.
- Халицерлер тип тармағына жатады: шаршылы өрмекші, скорпион, қышыма өрмекші, жатпайды: өзен шаяны
- Адам аскаридасы аталық, аналыққа бөлінеді, гермофродитке жатпайды.
- Сорғыштардың суға түскен жұмыртқасынан: кірпікшелі дернәсіл шығады
- Онкосфера- сиыр цепенінің дернәсілі: ірі қараның ас қорыту жолында жұмыртқадан пайда болады
- Аскариданың жабысатын мүшесі болмайды (ішекке)
- Бунақденелілер (насекомы) демтүтіктілер тип тармағына жатады.
- Буынаяқтыларға тән емес: бүкіл денесімен тыныс алу, тән белгілер: буындаға бөлінген аяқтың болуы,сыртқы қаңқа, денесінің буындармен өсуі
- Шаянның есту және тепе- теңдік сақтау мүшесі: қысқа мұртшасында орналасқан.
- Шаянның ас қорыту жүйесінің ерекшелігі: екі бөлімнен тұратын қарынның болуы
- Өрмекшінің ас қорыту жүйесінің ерекшелігі: қорегін жартылай сыртта қортуы
- Ересек бөгелек қоректенеді: қоректенбейді
- Өрмекші тыныс алады: демтүтік және өкпе қапшықтарымен
- Ас шаянның тыныс алу жүйесі: желбезектер
- Адам сиыр цепенін финнасы(дернәсілі) арқылы жұқтырады
- Буынаяқтылардың көзі: шаянтәрізділер мен бунақденелілерде ғана күрделі
- Буынаяқтылардың қан айналымы: тұйық жүйелі
- Сүтқоректілердің сала тамыр қаны көктамыр арқылы, көктамыр қаны сала тамыр арқылы ағады: кіші қан айналым жүйесінде
- Жұмыр құрттардың бұлшық еттері: көлденең жолақты
- Бунақденелілермен қоректенетін сүтқоректілерді: кішкене мөлшері, ұзын тұмсығы (хобот) тануға болады.
- Аскариданың жұмыртқасынан дернәсілдері: 20-30 температурада, оттектің жоғары концентрациясында, 10-15 күнде пайда болады.
- Жасыл эвгленаның ас қортыу жүйесі: болмайды, қоректік заттарды ортадан бүкіл денесімен сіңіреді
- Жыл құстарының басқа жаққа көшуінің негізгі факторы: күннің ұзаруының өзгерісі
- Медузалар көбейеді: кейбірі- тек жынысты, кейбірі- жынысты, жыныссыз жолдармен
- Қосмекенділерде алғаш рет омыртқалы жануарлар арасында сілекей бездері дамиды
- Амниоттар- ерте сатыда ұрық қабықшалары (амнион) пайда болатын жоғары омыртқалы жануарлар (жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер)
- Амниондар ұрығының тыныс алуы : аллантоис арқылы
- Аллантоис –(грекше. Шұжықтәрізді) жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердың ұрық қабықшаларының бірі: тыныс алу мүшесі және соңғы бөлінетін заттарды жинайтын орын. Сүтқоректілерде қағанақ түзілу процесіне қатысады.
- Құстар мен қосмекенділерде (амфибия) жұмыртқа сарыуызы: бауырда түзіледі
- Құстардың жұмыртқасының саруызы: аналық гармондар арқылы түзіледі.
- Орталық лецитальді жұмыртқа жасушасы: бөгелекте бар
- Түйенің қағанағы: диффузиялы
- Ылғалдың 75% тері арқылы бөлетін жорғалаушы: крокодил
- Құстардың қаңқасындағы бағыттаушы қауырсындары орналасады: сегізкөз (пигостиль)
- Сүтқоректілердің сүт безінен бөлінетін сұйықтық (секреция) апокринді
- Теңіз буылтық құрттары тіршілік барысында жынысын ауыстырады. Жас ағза алдымен аналық жынысты болады, 15-20 буылтықтар түзген соң аталық жынысқа айналады. Егер алдыңғы 5-10 буылтықты қалтырып, соңғы бөлігін кесіп тастаса: регенерация әсерінен аналықтың мөлшеріне жеткен соң жынысын ауыстырады.
- Онтогенез үдерісінде қосмекенділердің мюллер түтікшелерінің сіңірілуіне (рассасывание): аталық жыныс гармондары жауап береді
- Бақаның қалқанша безі алынып тасталған дернәсілі: метаморфозы тоқтап, гигант -дернәсіл болып, суда тіршілік ете береді.
- Соңғы ауыз: кит акулада болады.
- Хордалыларда ғана эмбриондық даму кезеңінде нейрула сатысы болады.(Басқа жануарларда болмайды.)
- 74. Жорғалаушылардың ішінде жыландарда дабыл жарғағы болмайды.
- 75. Күйіс қайтаратын жануарларда болатын ас қорыту мүшесі- ұлтабар
- 76. Қосмекенділердің судағы дернәсілінде азотты қосылыстар(зәр): аммиак түрінде бөлінеді
Бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтар:
- 77. Жорғалаушыларда (рептилий) зат алмасудың соңғы өнімі: зәр қышқылы
- 78. Бөлме шыбынының аяғында: сипап сезу, дәм сезу мүшелері болады.
- 79. Қандауыршаның ас қорыту жүйесінде: жұтқыншақ, бауыр өсіндісі, тік ішек болады
- 80. Жорғалаушылардың көбеюінде: сырты тығыз қабықпен қапталған жұмыртқа салу, жұмыртқа тірі туу, нағыз тірі туу кездеседі
- 81. Судағы сүтқоректілерден баласын тек суда туатыны: гренландия киті, ламантин
Шаянтәрізділер мен бунықденелілерге тән белгілерді бөліп жаз:
- Дене жамылғысы хитинді;
- Денесі 2 бөлімнен тұрады: баскөкірек, құрсақ
- Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, көкірек, құрсақ,
- Құрсағы бунақталған
- Құрсағы бунақталмаған
- Мұртшалары 1 жұп
- Мұртшалары 2 жұп- ұзын және қысқа
- Жай көздері бар немесе мүлдем көзі болмайды
- Көпшілігінде 2 күрделі көзі бар
- Тыныс алуы демтүтікті- өкпелі
- Тыныс алу мүшесі- желбезектер
- Қан айналым жүйесі тұйық
- Қан айналым жүйесі ашық
- Көпшілігінің қангаттары бар
- Қанаттары жоқ
Шаянтәрізділер мен бунықденелілерге тән белгілерді бөліп жаз:
- Дене жамылғысы хитинді;
- Денесі 2 бөлімнен тұрады: баскөкірек, құрсақ
- Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, көкірек, құрсақ,
- Құрсағы бунақталған
- Құрсағы бунақталмаған
- Мұртшалары 1 жұп
- Мұртшалары 2 жұп- ұзын және қысқа
- Жай көздері бар немесе мүлдем көзі болмайды
- Көпшілігінде 2 күрделі көзі бар
- Тыныс алуы демтүтікті- өкпелі
- Тыныс алу мүшесі- желбезектер
- Қан айналым жүйесі тұйық
- Қан айналым жүйесі ашық
- Көпшілігінің қангаттары бар
- Қанаттары жоқ
Жауаптары: Шаянтәрізділер мен бунықденелілерге тән белгілерді бөліп
жаз:
- Дене жамылғысы хитинді; -ш, б
- Денесі 2 бөлімнен тұрады баскөкірек, құрсақ:- ш
- Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, көкірек, құрсақ, -б
- Құрсағы бунақталған-ш,б
- Құрсағы бунақталмаған-
- Мұртшалары 1 жұп- б
- Мұртшалары 2 жұп- ұзын және қысқа-ш
- Жай көздері бар немесе мүлдем көзі болмайды-
- Көпшілігінде 2 күрделі көзі бар- ш.б
- Тыныс алуы демтүтікті- өкпелі-
- Тыныс алу мүшесі- желбезектер- ш
- Қан айналым жүйесі тұйық-ш,б
- Қан айналым жүйесі ашық-
- Көпшілігінің қанаттары бар- б
- Қанаттары жоқ-
Қалай жүктеуге болады