Басы » Биология » Биологиядан олимпиадалық сұрақтар

Биологиядан олимпиадалық сұрақтар

Бактериялар

  1. Прокариоттарға жатады: қалыптасқан ядросы болмайтын жасушалар
  2. Прокариотты ағзалар: бактериялар, цианобактериялар
  3. Бактериялардың көпшілігінің мөлшері: 0,2-0,5 мкм
  4. Жүзім сияқты жинақталған шар тәрізді бактериялар: стафилакокк
  5. Бактериялар қозғалады: талшықтар арқылы
  6. Таяқша тәрізді біржасушалы бактериялар: бациллалар
  7. Бактерия жасушасына тән органелла: рибосома
  8. Бактерия мезосомасы- бұл: тыныс алатын ферменттер мен фотосинтездеуші пигменттері орналасқан цитоплазмалық мембрананың ішке қарай жирылуы
  9. Бактерия жасушасындағы  ядроның аналогы: нуклеоид
  10. Спора түзу қасиеті тән бактерия: таяқшатәрізді
  11. Бактерия споралары … қызметін атқарады : таралу
  12. Қолайлы жағдай туғанда бактерия споралары: ісінеді және жаңа бактерия жасушасы өседі
  13. Автотрофты бактериялар: фото-, және хемотрофты
  14. Гетеротрофты бактериялар: сапрофитті және паразитті
  15. Сапрофиттер – бұл өлі ағзалардың немесе тірі ағзадан бөлінген органикалық заттарды қорек ретінде қолданатын организмдер
  16. Паразиттер- бұл тірі ағзалардың органикалық заттарын  қорек ретінде қолданатын организмдер.
  17. Қоректену түрі бойынша бактериялар: автотрофты  және гетеротрофты
  18. Сапротрофты бактериялар … жүзеге асырады: шіру және ашу
  19. Автотрофты бактериялар: органикалық заттарды бейорганикалық заттардан өздері синтездейді
  20. Минерализация- бұл қарашіріктің минералды заттарға айналу процесі
  21. Азотфиксация – бұл өсімдіктерге немесе басқа тірі ағзалардың ауа құрамындағы азотты басқа қосылыстарға айналдыру процесі
  22. Түйнек бактериялары : өсімдік тамыры жасушасында тіршілік етеді және көбейеді
  23. Оттекті қолдануына байланысты бактериялар: анаэробты, аэробты, факультативті анаэробты болады.
  24. Бакетриялар көбейеді: жасушаның қарапайым екіге бөлінуі арқылы ( бинарлы)
  25. Бактериялардың коньюгациясы: ДНК бөлшегін тура бір бактерия жасушасынан екіншісіне беруі
  26. Трансдукция – бұл бактерия жасушасындағы ДНК молекуласының екі еселенуі
  27. Пастерлеу — 65 градус температурада 10-20 минут залалсыздандыру
  28. Патогенді бактериялар —  тірі ағзада ауру туғызатын бактериялар
  29. Бактериофаг – бактерия вирусы
  30. Цианобактерияның   бактериядан айырмашылығы: а – хлорофиллінің болуында.
  31. Цианобактериялар – 2 сатылы фотосинтез процесін жүзеге асырады.
  32. Цианобактериялар селбеседі: саңырауқұлақтармен ; жоғары сатыдағы өсімдіктер тамырымен.
  33. Судың «гүлдеуі» —  бұл цианобактериялар мен балдырлардың көбеюі нәтижесінде ашық су бетінің бояуының өзгеруі

Саңырауқұлақтар.Қыналар.

  1. Саңырауқұлақтар тіршілік етеді: топырақта, суда, ағзаның бетінде және ішінде, тағамдық өнімдерде, ағаштан жасалған бұйымдарда.
  2. Саңырауқұлақтардың вегетативті денесі – мицелий
  3. Мицелий – жіңішке түссіз жіпшелер – гифтерден құралады.
  4. 4.      Саңырауқұлақ жасушасындағы ядро саны- 1,2,көп
  5. 5.      Қоректік заты – гликоген
  6. 6.      Жасушасындағы органеллалары: 1 немесе бірнеше ядро, митохондрия, рибосома, ГА, ЭПТ
  7. 7.      Саңырауқұлақтарды өсімдіктермен жақындастыратын белгілері: қабықшасының болуы, қозғалмайды, спорамен көбейеді, қанша тіршілік етсе, сонша өседі, заттарды сору арқылы сіңіреді.
  8. 8.      Жануарлаға ұқсас белгілері: гетеротрофты, гликоген, хитинді жамылғы, зат алмасу нәтижесінде мочевинаның бөлінуі
  9. 9.      Саңырауқұлақтар қоректену типі бойынша: гетеро — , автотрофты болады.
  10. 10.  Саңырауқұлақтардың көпшілігі: сапрофитті
  11. 11.  Селбеседі: балдырлармен, цианобактериялармен, жоғары сатыдағы өсімдіктермен.
  12. 12.  Саңырауқұлақтар өсімдік тамырынан органикалық заттарды алады.
  13. 13.  Саңырауқұлақтар өсімдіктерді қамтамасыз етеді: минералды заттармен, витаминдермен, сумен
  14. 14.  Саңырауқұлақтар көбейеді: жынысты және жыныссыз жолмен
  15. 15.  Мукордың споралары: шар тәрізді спорангияларда жетіледі.
  16. 16.  Саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі: конидие спроалар, спорангиеспоралар, мицелий бөлігімен.
  17. 17.  Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюі: аталық, аналық гаметалар, гаметангиялар, өсімді мицелий жасушалары арқылы.
  18. Мукордың гифтері: көп ядролы бұтақталғанжіпшелер тәрізді жасушаларъ
  19. Пеницеллдің мицелийі : жасушалары бір — бірінен бөлінген бұтақталған гифтер
  20. Ашытқы саңырауқұлағы: бір жасушалыағзалар
  21. Ашытқының вегетативті көбеюі: бүршіктену арқылы
  22. Ашытқы оттектің қатысынсыз қантты ортада : ашу процесі жүреді
  23. Қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесі: спора түзеді
  24.  Қалпақты саңырауқұлақтар мына өсімдіктермен микориза түзеді: ашықтұқымдылар, гүлдіөсімдіктер
  25. Улы саңырауқұлақтарға жатады:

Микозы – адамның саңырауқұлақ ауруы

  1. Паразит саңырақұлақтар:

Саңырауқұлақтар қолданылады: ақуыз, антибиотик, өсу заттары, лимон қышқылы, ферменттер, витаминдер

  1. Саңырауқұлақтармен уланған адамды құтқару қиын: уланған белгілер тек 12-24 сағаттан соң ғана белгі береді, бұл кезде улы токсиннің қайтуы қиынға соғады.
  2. Қына – саңырауқұлақ, цианобактерия, балдырлардың селбесуі нәтижесіеде пайда болады.
  3. Қыналар бекінеді: ризоидтар, ризиналар, гаптералармен
  4. Қыналардың өсу жылдамдығы: жылына  0,1-10 мм
  5. Қыналардың гомеомерлі қабаты: саңырауқұлақтардың гифтері борпылдақ орналасқан, арасында автотрофты компоненті бар қабат
  6. Қыналардың гетеромерлі қабаты:дифференциалды қабат, (үстіңгі және астыңғы қабаты, автотрофты компонент, өзек)
  7. Қыналар көбейеді: вегетативті
  8. Қыналардың вегетативті көбеюі: қабаттары арқылы, соредия және изидиялар арқылы
  9. Соредия және изидия – саңырауқұлақтардың гифтермен қоршалған автотрофты компонентті жасушалары

 

Өсімдіктер дүниесі

  1. .өсімдіктерге жататын ағзалар: эукариотты, фототропты ағзалар
  2. Өсімдіктерге қажетті минералды заттар: азот,фосфор, калий
  3. Қоректік көмірсулары: крахмал
  4. Өсімдік жасушасына тән белгі: центроильдің болмауы, пламтид, қабықша, жасуша шырыны бар вакуольдің болуы
  5. Өсімдік жасушасының қабықшасы тұрады: целлюлоза, гемицеллюлоза және пектинді заттар
  6. Өсімдіктер өседі: тіршілік барысында
  7. Өсімдік ағзасының бір — бірімен байланысы: фитогармондар арқылы жүзеге асады.
  8. Тропизм- қоршаған орта факторының бір бағытта әсер етуінен пайда болған өсу қозғалысы
  9. Өсімдікттің фотосинтездеуші құрылымдық бірлігі: хлоропласт
  10. Балдырларға тән қоректену түрі: фототрофты
  11. Жасыл балдырлардың жасушасында : хлорофилл а, в, каратиноидтар бар
  12. Балдырларға белсенді қозғалыс тән ба? Талшықты балдырларға тән
  13. Балдырлардың әр түрлі түсті болуы : жарық сәулесін  әр түрлі ұзындықтан (қашықтықтан) қабылдай алу қасиетіне байланысты
  14. Балдырлар талломы: тілімделген болады.
  15. Балдырлардың ауа көпіршіктерінің қызметі: су бетінде тұрып, жарық сәулесін қабылдауға мүмкіндік береді.
  16. Хломидомонаданың жирылғыш вакуолінің қызметі қандай: судың артық мөлшерін шығару
  17. Хломидомонаданың жынысты көбеюі: қолайсыз жағдай туғанда
  18. Хломидомонаданың жыныссыз көбеюі: зооспора арқылы
  19. Хломидомонаданың жыныссыз көбеюінде неше зооспора түзіледі:4-8
  20. Талшықсыз, суда тіршілік ететін, біржасушалы, қоректік маңызы бар балдыр- хлорелла
  21. Екі талшықты, жасушалары басқалардын морфологиялық және функционалды ажыратылатын, шар тәрізді колонна түзетін балдыр – вольвокс
  22. Улотрикстің тіршілік формасы- жіп тәріздікөпжасушалы балдыр
  23. Улотрикс көбеюі: жынысты, жыныссыз
  24. Спирогираның жынысты көбеюі: коньюгация деп аталады.
  25. Қоңыр балдырлар: судың терең қабатында тіршілік етеді, себебі олар көгілдір және күлгін жарықты сіңіре алады.
  26. Көпшілік балдырлар: тұщы және ащы суларды өседі.
  27. Балдырлар су және қоректік заттарды сіңіреді: барлық денесімен
  28. Қоректену түрі бойынша балдырлар: фототрофты
  29. Балдырлар денесі: таллом немесе қабат деп аталады.
  30. Жасыл балдырға жатады: спирогира, улотрикс
  31. Қоңыр балдыр: фукус, ламинария
  32. Балдырларды жіктеудегі негізгі фактор: хлоропластарының формасы
  33. Қызыл балдырлардың талломы: ашық қызыл, сары, көгілдір- жасыл түсті болуы мүмкін
  34. Балдырлардың биосферадағы ролі: фотосинтез нәтижесінде орг заттар түзеді, судан көмірқыщ\шқыл газын сіңіріп, оттекпен байытады.
  35. Жоғары сатыдағы өсімдіктер белгілері: денесінің ұлпа, мүшелерге бөлінуі, ұрпақтарының заңды түрде ауысуы, жынысты көбеюі
  36. Төбе меристемасы орналасқан: сабақтың басында, тамырдың ұшында
  37. Жаңа жасушалардың түзілуі және сабақтың жуандап өсуі: камбийге байланысты.
  38. Даражарнақтылардың сабағы бірінші айларында ғана жуандап өседі, себебі оларды камбий жоқ.
  39. Эпидермис-  бір қабатты тығыз тірі жасушалардан тұрады
  40. Лептестік- хлоропластары бар екі тұйықталған жасушалардан тұратын эпидермистегі саңылау
  41. Лептестік қызметі- суды буландыру (транспирация), газ алмасу
  42. Перидерма – жабын ұлпа- бірнеше өлі жасушалардан және бірнеше тірі жасушалардан тұрады.
  43. Тірек қызметін атқаратын ұлпалар- колленхима, склеренхима
  44. Өткізгіш қызметін атқаратын ұлпалар- ксилема, флоэма
  45. Судың қозғалысы мен еріген минералды заттардың қозғалысы- сүрек түтікшелері арқылы жүзеге асады.
  46. Ксилема – сүректелген қабықшасы бар ұзын өлі жасушалы түтіктерден-(трахеидтер),  тірі паренхима жасушаларынан тұрады.
  47. Флоэма –
  48. Сүзгілі түтіктер- көптеген саңылаулары бар тірі ядросыз жасушалар
  49. Плаунтектестерде алғаш рет тамыр пайда болды.
  50. Тамырдың өсуі барысында мына процестер жүзеге асады: жасуша бөлінеді- жасушаның созылуы- жасушаның дифференциациясы- негізгі тамырдан қосалқы тамырдың бұтақтануы
  51. Тамыр түктері- тамырдың эпидермисіндегі сыртқы өсіндісі
  52. Өсімдіктің суды буландыруы- су мен минералды заттардың қозғалуына әсер етеді.
  53. Лептестік саңылаулары –жапырақтың астыңғы және үстіңгі беттерінде болады.
  54. Фотосинтез жапырақтың бағналы жасушаларында жүреді.
  55. Жапырақ жүйкесі – талшықты шоқтардан, сүзгілі түтіктерден, тін талшықтарынан түзіледі.
  56. Мүктер су мен мин заттарды топырақтан ризоидтарымен, сабағымен, жапырағымен сіңіреді.
  57. Мүктердің жапырағына тән: лептестік түзуші жасушаның  болмауы, саңылаулары бар.
  58. Папортниктердің спорасынан: ұсақ көпжасушалы гаметафит түзіледі
  59. Папортниктердің ұрықтануы: су тамшылары болса жүреді.
  60. Папортниктердің ұрықтануынан соң зиготадан спорофитті ұрық пайда болады.
  61. Эндоспермде  — триплоидты хромосома
  62. Қарақатқа тән жеміс – жидек
  63. Қиярдың жемісі- ас қабақ
  64. Тұшала(қарлыған) жемісі- жидек
  65. Орманжаңғақ (лещина)– жаңғақ
  66. Таңқурай жемісі- көпсүйекті
  67. Ас бұршақ жемісі- бұршаққап
  68. Көкнәр – қауашақ
  69. Черемуха               — сүйекті
  70. Бидай- дәнек
  71. Картоп- жидек
  72. Қойбүлдірген- құрғақ жаңғақшалы жеміс
  73. Тұқымның өнуі барысында мына құбылыс байқалады: судың әсерінен тұқым ісінеді- тұқым қабығы жарылады- тез өсетін тамыршасы көрінеді – тұқымжарнағы және бүршігі бар алғашқы сабақша пайда болады.

 

Жануарлар

  1. Қарапайымдылардың мөлшері: микроскопиялы, кейбірінің мөлшері 1,5-2 см дейін
  2. Барлық қарапайымдылар: жыртқыштар, фильтраторлар.паразиттер
  3. Жасуша қабықшасы болмайтын қарапайым: тамыраяқтылар
  4. Қарапайымдалар қоректенеді: қатты заттар мен еріген органикалық заттармен
  5. Қарапайымдылар жасушасында ядро саны : 2 ден аспайды

 

Школьная олимпиада – биология. В.С.Кучменко, В.В.Пасечник

  1. Аюбадам сабағындағы паренхима жасушалары: өзекті құрайды.
  2. Түймедақ себетінің шеткі гүлдері: жыныссыз гүлдер, жалған тілшікті
  3. Жер бетінде тіршілік ететін балдыр: плеврококк
  4. Қарағайдың жасыл қылқанды жапырақтары: қысқарған өркенде орналасқан
  5. Қызғалдақтың жемісі- қауашақ
  6. Қауырсын тәрізді жапырақ тән: түзу қазтабан
  7. Жапырақтың газалмасу қызметі: лептестікке байланысты
  8. Көктемде сабақтың өткізгіш ксилема элементері арқылы:  еріген органикалық және мин заттар өтеді.
  9. Бір жылдық аққайыңның жабын ұлпасы: эпидерма
  10. Эпифиттер- жермен байланысы болмайтын автотрофты өсімдіктер, басқа өсімдіктердің бұтағында, сабағында тіршілік етеді. (орхидея, мүктер)
  11. Эфемерлер- дамуы өте қысқа мерзімде өтетін біржылдық өсімдіктер
  12. Эфемероидтар-жер үсті мүшелері күзден көктемге дейін өсіп, жазда өледі, жер саты мүшелері(түйнек, пиязшық) бірнеше жылға дейін сақталатын көпжылдық өсімдіктер.
  13. Литофиттер- тастар мен құздарда өсетін өсімдіктер.Алдымен бактериялар мен балдырлар, сонан соң қыналар,  мүктер, жоғары сатыдағы өсімдіктер өседі.
  14. Тамырдың түзуші ұлпасы: өсу аймағын түзеді
  15. Транспирация өсімдікке: температураны реттеуге және миералды заттарды үнемі алуға көмектеседі
  16. Жыртқыш өсімдіктер насекомдарды ұстағанда: нәруыз синездейтін азот алады
  17. Хлорофилл түзуші бірақ құрамына кірмейтін элемент: темір
  18. Гидрофитті-  суда тек төменгі бөлігі ғана болатын өсімдіктер (күріш, тростник)
  19. Гидатофиттер – толығымен суда өсетіндер
  20. Галафитті –жоғары тұзды ортада өсетін өсімдіктер (жусан)
  21. 1898ж С.Навашин лалагүл тұқымдасының екі өсімдігі арқылы қосарлы ұрықтануды ашты
  22. Андроцей – гүлдің аталықтарының жиынтығы
  23. Геницей –гүлдің аналықтарының жиынтығы
  24. Хамефиттер- өсу нүктесі жер үстінде 20-30см биіктікте болатын, қар астында сақталатын өсімдіктердің тіршілік формасы (брусника, черника, мүктер)
  25. Гелиофиттер – күнді жақсы көретін өсімдіктер (қарағай, аққайың, емен, астық тұқымдастар)
  26. Фанерофиттер- өсу нүктесі жер үстінен биік, қолайсыз жағдайдан соң да өсуін жалғастыатын өсімдіктердің тіршілік формасы( ағашьар, бұталы өсімдіктер)
  27. Терофиттер- жылдың қолайсыз жағдайында тіршілігін тұқым түрінде сақтайтын бір жылдық өсімдіктер тіршілік формасы (көкнәр, шаршыгүлділер)
  28. Космполиттер- әр түрлі экологиялық жағдайларда өсу мүмкіндігі бар өсімдіктер немесе жануарлардың тобы(эндемиктерге қарсы)
  29. Рудералдар – құрылыс, жол бойында, қоқыстар арасында өсетін өсімдіктер, қорғаныш тікені, т.б. болады. (қалақай, лопух)
  30. Изогамия- сыртқы пішіні бірдей, бірақ биохимиялық, физиологиялық қасиеттері жағынан айырмашылығы бар жыныс жасушаларының қосылу процесі (балдыр)
  31. Оогамия- жұмыртқа жасушасы мен спермотозоидтар қосылуы арқылы жүретін жыныстық процесс
  32. Зигогамия- сырт белгісі бойынша аталық пен аналыққа бөлінбейтін жыныс жасушаларының қосылуы (саңырауқұлақтар)
  33. Гетерогамия – сыртқы белгілері бойынша әр түрлі жасушалардың қосылуы (оогамия)
  34. Конъюгация- балдырлардың өсімді мүшелерінің қосылуы арқылы көбею түрі, инфузорияда ядроның сұйықтықтарының қосылуы, генетикалық материалдың берілуі
  35. Плаундардың гаметофиті 10 жыл бойы түзіледі
  36. СО2 биосинтезге қажет екенін алғаш дәлелдеген: Сенебье
  37. Клейстотеция (клейстогамия)- гүлі ашылмайтын өсімдіктерде өздігінен ұрықтану немесе тозаңдану (арахис, фиалка,пеницелл)
  38. Зигомицеттер –жынысты көбеюі зигогамия саңырауқұлақтар (паразиттер, мукор)
  39. Базидиомицеттер – базидиямен көбейетін жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
  40. Склеренхима – тірек ұлпасы, тін талшықтарынан тұрады,  склереид – ұлпа түрі, (жаңғақ сүйегі, шие сүйегі)
  41. Колленхима – жас өсімдіктердің тірек ұлпасы, (клей)
  42. Аплоноспор- талшықсыз спора (холрелла)
  43. Фотосинтездің жарық фазасы- тилокоидтарда жүреді
  44. Фтотсинтездң қараңқы фазасы- хлоропластардың стромасында жүреді
  45. Жарықтың құрамына өсімдіктер родопсиннің белсенділігімен жауап береді.
  46. Алғашқы эндоспермі болмайды: көкнәр мен томаттан, үрмебұршақ пен асбұршақтан.бидай, арпа, бұрыш, інжугүл, пияз. хурма
  47. Тұқымында эндоспермі болмайды: емен, орманжаңғағы
  48. Астық тұқымдасына тән гүлшоғырлар: күрделі масақ, сүлтан, сыпыртқы

 

 Жануарлар

  1. Жауынан өзінің іш құрылысын сыртқа шығарып қорғанады: голотурия (инетерілілер кл )
  2. Өрмекшілердің өрмек сүйелдері- түрі өзгерген құрсақ аяқтары
  3. Скаттың электр тогын түзуші мүшесі: басы мен кеуде жүзбеқанаттарының ортасында болады.
  4. Гидраның денсіне қозу жүйке торы арқылы  жасушадан жасушаға беріледі
  5. Нейстондар- су бетінде тіршілік ететін ағзалар
  6. Планктондар – су қабатында бәсең тіршілік ететін жәндіктер
  7. Қосмекенділер тыныс алады: желбезек,тері, өкпе
  8. Құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың арғы тегі: саусақсалалы балықтар
  9. Дафнияға( шаянтәрізділердің өкілі)- партоногенез және қос жынысты көбею тән.
  10. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі: жүйке тізбегінен тұрады( жұтқыншақ асты жүйке түйіндері және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.)
  11. Қандауырша – бассүйексіздер класына жатады
  12. Австриалия қоқыс тауығы жұмыртқасын: шіріген жапырақтар арасына тығады.
  13. Жауын құрты тыныс алады: терісі арқылы
  14. Өрмекшітәрізділердің, скорпионның бірінші жұп аяқтары: хелицералар, ІІ – педипальпалар, мандибулы- жақ аяқтары, антеннулы- мұршалары
  15. Өзен шаянының зәр шығару мүшесі (жасыл без) басында орналасады.
  16. Комменсализм- әр түрлі түр өкілдерінің бір – біріне зиянын тигізбей бірге тіршілік етуі, (торғайлар мен бүркіттің ұясы, акулаға жабысып бірге қозғалатын балық, балықтың қосжақтаулылардың бақалшағына уылдырығын шашып, дернәсілін шығаруы)
  17. Аллигаторлар ұясын: шіріген өсімдік қалдығынан жасайды.
  18. Аузында еріні болмайды: тасбақалар
  19. Жұмыртқа салатын сүтқоректілердің сүт бездерінде  үрпісі болмайды.
  20. Жылқының жойылып кеткен түрі- тарпан
  21. Тек паразит тіршілік ететін қарапайымдылар- споровиктер
  22. қан айналымы ашық жүйелі жануарларға тән: гемоцианин, гемоцель, гемолимфа
  23. гемоцианин – омыртқасыздардың тыныс алуда оттек тасымалдайтын нәруызы
  24.  гемолимфа- ашық жүйелі қан айналымы бар омыртқасыздардың жаушасы мен ұлпаларындағы сұйықтық
  25. Сүтқоректілерге тән аромарфоз – жылықандылығы
  26. Малярияның тіршілік циклі: адам қаны- масаның сілекей безі- масаның ішегі
  27. Безгек паразитінің плазмодиясының шизоты: адам эритроцитінде түзіледі.
  28. Таспа құрттарда: қан айналым жүйесі болмайды, денесіне оттек пен қоректік заттар диффузия нәтижесінде келеді.
  29. Ішек қуыстылардың регенерациясы: аралық жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады
  30. Жұмыр құрттардың тыныс алуы : оттексіз, оттек ағзаға түспейді.
  31. Бунақденелілердің жүрегі: түтікше тәрізді
  32. Жартылай қатқыл қанаттылар отрядының ауыз аппараты- шаншып сорғыш
  33. Аскариданың дене қуысы: сүйықтыққа толы
  34. Насекомдардың есту мүшесі: құрсағы мен аяқтарында орналасқан.
  35. Халицерлер тип тармағына жатады: шаршылы өрмекші, скорпион, қышыма өрмекші, жатпайды: өзен шаяны
  36. Адам аскаридасы аталық, аналыққа бөлінеді, гермофродитке жатпайды.
  37. Сорғыштардың суға түскен жұмыртқасынан: кірпікшелі дернәсіл шығады
  38. Онкосфера- сиыр цепенінің дернәсілі: ірі қараның ас қорыту жолында жұмыртқадан пайда болады
  39. Аскариданың жабысатын мүшесі болмайды (ішекке)
  40. Бунақденелілер (насекомы) демтүтіктілер тип тармағына жатады.
  41. Буынаяқтыларға тән емес: бүкіл денесімен тыныс алу, тән белгілер: буындаға бөлінген аяқтың болуы,сыртқы қаңқа, денесінің буындармен өсуі
  42. Шаянның есту және тепе- теңдік сақтау мүшесі: қысқа мұртшасында орналасқан.
  43. Шаянның ас қорыту жүйесінің ерекшелігі: екі бөлімнен тұратын қарынның болуы
  44. Өрмекшінің ас қорыту жүйесінің ерекшелігі: қорегін жартылай сыртта қортуы
  45. Ересек бөгелек қоректенеді: қоректенбейді
  46. Өрмекші тыныс алады: демтүтік және өкпе қапшықтарымен
  47. Ас шаянның тыныс алу жүйесі: желбезектер
  48. Адам сиыр цепенін финнасы(дернәсілі) арқылы жұқтырады
  49. Буынаяқтылардың көзі: шаянтәрізділер мен бунақденелілерде ғана күрделі
  50. Буынаяқтылардың қан айналымы: тұйық жүйелі
  51. Сүтқоректілердің сала тамыр қаны көктамыр арқылы, көктамыр қаны сала тамыр арқылы ағады: кіші қан айналым жүйесінде
  52. Жұмыр құрттардың бұлшық еттері: көлденең жолақты
  53. Бунақденелілермен қоректенетін сүтқоректілерді: кішкене мөлшері, ұзын тұмсығы (хобот) тануға болады.
  54. Аскариданың жұмыртқасынан дернәсілдері: 20-30 температурада, оттектің жоғары концентрациясында, 10-15 күнде пайда болады.
  55. Жасыл эвгленаның ас қортыу жүйесі: болмайды, қоректік заттарды ортадан бүкіл денесімен сіңіреді
  56. Жыл құстарының басқа жаққа көшуінің негізгі факторы: күннің ұзаруының өзгерісі
  57. Медузалар көбейеді: кейбірі- тек жынысты, кейбірі- жынысты, жыныссыз жолдармен
  58. Қосмекенділерде алғаш рет омыртқалы жануарлар арасында сілекей бездері дамиды
  59. Амниоттар- ерте сатыда ұрық қабықшалары (амнион) пайда болатын жоғары омыртқалы жануарлар (жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер)
  60. Амниондар ұрығының тыныс алуы : аллантоис арқылы
  61. Аллантоис –(грекше. Шұжықтәрізді) жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілердың ұрық қабықшаларының бірі: тыныс алу мүшесі және соңғы бөлінетін заттарды жинайтын орын. Сүтқоректілерде қағанақ түзілу процесіне қатысады.
  62. Құстар мен қосмекенділерде (амфибия) жұмыртқа сарыуызы: бауырда түзіледі
  63. Құстардың жұмыртқасының саруызы: аналық гармондар арқылы түзіледі.
  64. Орталық лецитальді жұмыртқа жасушасы: бөгелекте бар
  65. Түйенің қағанағы: диффузиялы
  66. Ылғалдың 75% тері арқылы бөлетін жорғалаушы: крокодил
  67. Құстардың қаңқасындағы бағыттаушы қауырсындары орналасады: сегізкөз (пигостиль)
  68. Сүтқоректілердің сүт безінен бөлінетін сұйықтық (секреция) апокринді
  69. Теңіз буылтық құрттары тіршілік барысында жынысын ауыстырады. Жас ағза алдымен аналық жынысты болады, 15-20 буылтықтар түзген соң аталық жынысқа айналады. Егер алдыңғы 5-10 буылтықты қалтырып, соңғы бөлігін кесіп тастаса: регенерация әсерінен аналықтың мөлшеріне жеткен соң жынысын ауыстырады.
  70. Онтогенез үдерісінде қосмекенділердің мюллер түтікшелерінің сіңірілуіне (рассасывание): аталық жыныс гармондары жауап береді
  71. Бақаның қалқанша безі алынып тасталған дернәсілі: метаморфозы тоқтап, гигант -дернәсіл болып, суда тіршілік ете береді.
  72. Соңғы ауыз: кит акулада болады.
  73. Хордалыларда ғана эмбриондық даму кезеңінде нейрула сатысы болады.(Басқа жануарларда болмайды.)
  74. 74.  Жорғалаушылардың ішінде жыландарда дабыл жарғағы болмайды.
  75. 75.  Күйіс қайтаратын жануарларда болатын ас қорыту мүшесі- ұлтабар
  76. 76.  Қосмекенділердің судағы дернәсілінде азотты қосылыстар(зәр): аммиак түрінде бөлінеді

Бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтар:

  1. 77.  Жорғалаушыларда (рептилий) зат алмасудың соңғы өнімі: зәр қышқылы
  2. 78.  Бөлме шыбынының аяғында: сипап сезу, дәм сезу мүшелері болады.
  3. 79.  Қандауыршаның ас қорыту жүйесінде: жұтқыншақ, бауыр өсіндісі, тік ішек болады
  4. 80.  Жорғалаушылардың көбеюінде: сырты тығыз қабықпен қапталған жұмыртқа салу, жұмыртқа тірі туу, нағыз тірі туу кездеседі
  5. 81.  Судағы сүтқоректілерден баласын тек суда туатыны: гренландия киті, ламантин

 Шаянтәрізділер мен бунықденелілерге тән белгілерді бөліп жаз:

  1. Дене жамылғысы хитинді;
  2. Денесі 2 бөлімнен тұрады: баскөкірек, құрсақ
  3. Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, көкірек, құрсақ,
  4. Құрсағы бунақталған
  5. Құрсағы бунақталмаған
  6. Мұртшалары 1 жұп
  7. Мұртшалары 2 жұп- ұзын және қысқа
  8. Жай көздері бар немесе мүлдем көзі болмайды
  9. Көпшілігінде 2 күрделі көзі бар
  10. Тыныс алуы демтүтікті- өкпелі
  11. Тыныс алу мүшесі- желбезектер
  12. Қан айналым жүйесі тұйық
  13. Қан айналым жүйесі ашық
  14. Көпшілігінің қангаттары бар
  15. Қанаттары жоқ

 

Шаянтәрізділер мен бунықденелілерге тән белгілерді бөліп жаз:

  1. Дене жамылғысы хитинді;
  2. Денесі 2 бөлімнен тұрады: баскөкірек, құрсақ
  3. Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, көкірек, құрсақ,
  4. Құрсағы бунақталған
  5. Құрсағы бунақталмаған
  6. Мұртшалары 1 жұп
  7. Мұртшалары 2 жұп- ұзын және қысқа
  8. Жай көздері бар немесе мүлдем көзі болмайды
  9. Көпшілігінде 2 күрделі көзі бар
  10. Тыныс алуы демтүтікті- өкпелі
  11. Тыныс алу мүшесі- желбезектер
  12. Қан айналым жүйесі тұйық
  13. Қан айналым жүйесі ашық
  14. Көпшілігінің қангаттары бар
  15. Қанаттары жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауаптары: Шаянтәрізділер мен бунықденелілерге тән белгілерді бөліп

 

жаз:

 

  1. Дене жамылғысы хитинді; -ш, б
  2. Денесі 2 бөлімнен тұрады баскөкірек, құрсақ:- ш
  3. Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, көкірек, құрсақ, -б
  4. Құрсағы бунақталған-ш,б
  5. Құрсағы бунақталмаған-
  6. Мұртшалары 1 жұп- б
  7. Мұртшалары 2 жұп- ұзын және қысқа-ш
  8. Жай көздері бар немесе мүлдем көзі болмайды-
  9. Көпшілігінде 2 күрделі көзі бар- ш.б
  10. Тыныс алуы демтүтікті- өкпелі-
  11. Тыныс алу мүшесі- желбезектер- ш
  12. Қан айналым жүйесі тұйық-ш,б
  13. Қан айналым жүйесі ашық-
  14. Көпшілігінің қанаттары бар- б
  15. Қанаттары жоқ-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 пікір

  1. Қалай жүктеуге болады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *