Еліміздің абыройы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
(Алғашқы президент кабинетіне саяхат)
Ақсу қаласының дарынды балаларға
арналған мамандандырылған гимназия
5ә сынып
Сынып жетекшісі: Атик Б.В
Еліміздің абыройы мен атағын асқақтатып, Отанымыздың беделін биікке көтерген елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
Салиқалы саясатының арқасында мемлекеттігіміз орнап, экономиканы реформалау арқылы өзін де, елімізді де әлемге мойындатқан заманымыздың аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да осы адамның тұсында жетті. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағыжарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарындылығын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы біліп,дәріптеуде.Сол құрметтеудің нышаны ретінде 2012 жылдың 1 желтоқсаны Алғашқы Президент күні деп қабылданды. Елінің мүддесі үшін еселі еңбек етіп жүрген елбасымызға арналған құрмет тақталары мен кабинеттер ашылды. Гимназиямызда 1 желтоқсанда кабинеті салтанатты түрде ашылып,президенттің өмірбаяны мен ел үшін атқарған қызметінің шағын мұрағаты іспеттес болды. Гимназия төрінен орын алған жарық және жылы кабинет құрылымы еліміздің Астанасында елбасы тілегімен орын алған Бәйтеректей болып,өскелең ұрпақта патриоттық сезімін арттыруға өз үлесін тигізуде. Осы кабинетке саяхатқа барған 5ә сыныбының оқушылары мол тәрбиелік маңызы бар тәлім алды.
Кабинет жетекшісі Жақыпов Алтынбек Аманжолұлы тәуелсіз елдің бұқаралық санасын өзгертуде, ұлттық дәстүрлерді қайта жанғыртуда, тарихи сананы қалыптастыруда ерекше істер атқарған ел көсемінің айтарлық істерімен таныстырды.Айта кетсек1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы қабылдануы,1997 жылдың «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылдың «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы». 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялануы өткен тарихтан келешек үшін тәлім алуға септігін тигізді.
Білім саласын ерекше назарда ұстап, өзінің тікелей қамқорлығына алып, оны – мемлекеттік даму саясатының өзегі деп қарауының арқасында білім беру дамытудың айқын жолдары белгіленіп, сапалы білім алу мәселесінің мәні артуда. Оны жаңа сапаға көтеру – қоғамдық мәселеге айналуда. Жолдауда адами капиталдың сапалы дамуына баса назар аударылып, оқыту процесіне қазіргі заман талабына сай технологиялар мен әдістемелерді енгізу, педагогтар сапасын көтеру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, тәрбие мәселесін күшейту бағыттары нақты қарастырылған.Ел дамуының XXI ғасырдағы стратегиялық өсу нүктесіне айналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген шаралар жүзеге асырылуда.
Назарбаев елдің ел болып өркен жаюына, өркениетті мемлекет дәрежесінде танылуына білімі мен билігін, ойы мен парасатын, күш –қуаты мен жігерін жұмсап отырған қайраткер екенін жеткізе отырып,мемлекет басшысы ретінде елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын кемеңгерлікпен айқындап, ел ішінде жаңа халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік жүргізу құқығын ҚР Конституциясына сай жүзеге асырып келетінін айтты.
Осындай баяндаудан кейін президенттің туған жері, балалық шағы, еңбек жолы туралы сұрақтар қойылып, оқушылар сол сұрақтарға тұжырымды жауап беріп, өздері дайындаған Президент туралы тақпақтарын оқыды.Есбол:-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Туған жері -Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы. Әкесінің есімі — Әбіш, анасының есімі — Әлжан. Адина:-Мектепті бітіргеннен кейін (1958-1960 жылдарда) Қарағанды металлургия комбинатында еңбек еткен. Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіндегі оқудан кейін 1960 – 1969 жылдар аралығында шойын құюшы, домна пешінің горновойы, диспетчер болып жұмыс істеді. 1967 жылы комбинат жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіріп, инженер-металлург мамандығын алды.
Айша:-Он жылдан астам уақыт (1969-1979) комбинатта, Теміртау қаласында және Қарағанды облысында жастардың жетекшісі, содан кейін партиялық көшбасшы болды. 1979 жылы республикалық партия ұйымының экономикалық мәселелер үшін жауапты хатшысы болып сайланды. 1984 жылы Н.Ә.Назарбаев республика үкіметін басқарды. 1989 жылдың мамыр айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Сонымен бір мезгілде 1990 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болды.
Сұңғат: -1990 жылдың сәуірінде Жоғарғы Кеңестің сессиясында Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткізілген жалпыхалықтық сайлауда ол үшін сайлаушылардың 98,7 % -і дауыс берді. 1995 жылдың сәуіріндегі жалпыхалықтық референдум оның өкілеттілігін 2000 жылғы желтоқсан айына дейін ұзартты, бұл үшін сайлаушылардың 95,4 % -і дауыс берді. 2004 жылдың 10 қаңтарындағы жалпыхалықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев баламалы негізде Мемлекет басшысы болып қайта сайланды.
Расул:-Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асырылып, ол 1995 жылғы 30 тамызда еліміздің Ата заңын қабылдаған жалпыхалықтық референдуммен аяқталды. Н.Ә.Назарбаевтың тереңнен ойластырған көптеген бастамалары – Семей ядролық полигонын жабуы, ядролық қаруы бар держава мәртебесінен бас тартуы , жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйектілікпен жүргізген қызметі көпшілікті толғандырып, әлем жұртшылығы қоштаған қадамдар болды.
Ел мүддесі үшін атқарып жүрген істеріңіз оң болып, халқыныздың үмітін ақтап жүрген ел көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне ашылған кабинетке саяхат Үшқоңырым-алтын бесігім атты кітап сыйлаумен аяқталды.