№1 жалпы орта білім беретін мектебініің
бастауыш сыныптар мұғалімі
Шатенова С Е
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:1. Етістік туралы берілген білімді жетілдіру, талдау, бекіту. 2. Саутты, көркем жазуға төселдіру,оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілін, шығармашылығын дамыту. 3. Әдептілікке татулыққа, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ Көрнекілігі: Суреттер, сызба. бұлт, ағаш, күн.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі Әр топ бүгінгі күнге тілек айтады.
II Үй тапсырмасын тексеру 4- жаттығу
III Білімді жан – жақты тексеру.
— Қандай сөз таптарын білесіңдер?
— Өткен сабақта қандай сөз табын қайталадық?
— Етістік
Ендеше сол етістік сөзінен баспалдақ жасайық.
Етістік дегеніміз не? Ережесін сұрау?
IҮ Жаңа сабаққа даярлық:
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Көктемде қандай өзгерістер болады?
— Ал біздің күніміз әлі жарқырап шуағын шашпай тұр. Өйткені күннің бетін бұлт торлап тұр. Бұл бұлттардың ашылуы үшіниолардың тапсырмаларын орындаймыз.
Ү. Жаңа сабақ. 1-тапсырма. 7- жаттығу. 1 топ жұмбақ шешу Түнде жортады, Жарықтан қорқады. (Жапалақ) 2 топ. Құстар қалай ұшады? Көп нүктенің орнына етістік қою. Қарға ұшар…… Шағала ұшар…….. Үйрек ұшар………. Қаз ұшар……….. 2-тапсырма 8-жаттығу. Берілген етістіктерді сұрақтарына қарай бөліп жазу. 1 топ. Не істеді? 2 топ. Не қылды?
Не істеді? |
Не қылды? |
Сергіту сәті. Ойын. «Үш қапта» Әр топтаг бір-бір оқушы шығып, қимылды көрсетеді, ал бір оқушы сол өимылды сөзбен тақтаға жазады. 3-тапсырма Төрт түлік малдың суретін көрсету. Мына малдардықң қайсысы қалай төлдейтінін айт.
1 топ. Малдардың төлдеуін айтады, етістікті табады. Қой қоздайды. Сиыр бұзаулайды. Жылқы құлындайды.
2 топ. Малдардың дыбыстауын айтады, етістікті табады. Қой маңырайды. Сиыр мөңірейді. Жылқы кісінейді. Ешкі маңырайды. 4-тапсырма 9-жаттығу, Ұйқасын табу. 1топ. Тастан тасқа секіріп, Жем тереді……………(кекілік) 2топ. Айбат шегер алыстан, Аң патшасы ……(арыстан) 5-тапсырма 10-жаттығу, Өлеңді оқып жатқа жазу. Әр топтан бір-бір оқушы өлеңді жатқа айтып, етістіктерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады. Сөздік жұмысы. Төскей – таудың қия беткейі.
6-тапсырма Шығармашылық жұмыс. 1топ. Көктем туралы өлең шығару. 2топ. Көктем туралы шығарма жазу.
ҮI Қорытынды. Етістік ағашына етістік туралы білгенімізді жазайық.
Балалар сендер бұлттардың барлық тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар. Міне күніміз жарқырап шыға келді. ҮII Бағалау. Мақтау, мадақтау. ҮIII. Үйге тапсырма. 11- жаттығу