Алматы облысы,Ескелді ауданы, Қаратал орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тұрсынқұлова Сәуле Лесқызы
Тақырыбы : Ғасыр індетінен сақтанайық!
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД — тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан — жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана — сезімдерін дамыта түсу.
Сабақтың әдісі: дөңгелек үстел
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, арнайы дайындалған диск
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
— оқушылармен сәлемдесу;
— оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 8 сынып оқушыларымен бірге өткелі отырған «Ғасыр індетінен сақтанайық!» атты дөңгелек үстел басына жиналып отырмыз. Бұл жиынның мақсаты – темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру.
Құрметті оқушылар! Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Жалпы денсаулық дегеніміз не? Қысқаша түсінік беріп өтсек: Дені сау адам дегеніміз ол физикалық, психологиялық және рухани жан дүниесі таза адам.
Мұғалім: Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.
Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.
Бұлар қандай әрекеттер?
Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық және XXI – ғасыр індетіне айналып отырған СПИД ауруы. Бүгінгі сабағымызда біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.
Осы жиынға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін:
- Ауылдық емдік амбулатория терапевт дәрігері Жетпісбаева Айгүл Нұрмаханқызы
- Мектеп медбикесі Майхомбаева Айман Әбділдақызы
Мұғалім: Осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады.
Ендеше алдыңғы кезекте темекінің зиянына тоқталайық.
І бейне баян. (темекі туралы) Ендеше сіздерге қысқаша осы темекінің зияны туралы мына көріністен тамашалаймыз: «Темекіні тартқаның, өзіңді — өзің құртқаның»
Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол — аяғы дірілдейді.
Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростары достастық белгісі ретінде «өмір түтігін, яғни темекіні шеккен.
Бейне баян бойынша өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Балалар ойы тыңдалады.
Енді ішімдіктің зияны туралы сөз етсек.
2 бейне баян «Арақ бал емес»
«Қазақ пен арақ» терме бейне слайды
3 бейне баян. (Ішкі Істер бөлімінің маскүнемдікке салынған отбасыларға жасаған рейд жұмысынан үзінді. )
1.Ішімдікке салынған маскүнем отбасы туралы не айта аласыздар?
2.Осындай отбасылар аулымызда бар ма?
3.Қандай іс-шара қолдануға болады ?
Термеден не түйдіңіз?
Оқушылар ойы тыңдалады.
Қазіргі таңда белең алып келе жатқан дерттің бірі –нашақорлық. Енді назарларыңызды мына бейне баяндарға аударсаңыздар екен.
4 бейне баян «Нашақорлық ғасыр дерті», «Есірткі туралы» «Жастарға айтар сөзім бар»
Жетпісбаева Айгүл Нұрмаханқызына және Майхомбаева Айман Әбділда қызына сөз беріледі.
- Неге адам баласы зиянды әдеттерге әуес келеді?
Балалар пікірі тыңдалады.
Сонымен бірге жастарымыз кальян немесе қорқор тартуға үйреніп жүргені мәлім. Ендеше қорқордың зиянына кезек берейік.
5 бейне баян «Қорқордың зияны»
Қорқор туралы не айтасыздар?
Балалар ойы, пікірі тыңдалады.
Қорытынды :
«Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтса, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», — деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан. Сондықтан Елбасымыздың айтқан сөздеріне мән беріп салауатты өмір салтын қалыптастыруға ат салысайық.
деп бүгінгі дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз.
Мұғалімнің сөзі: Ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».
Назарларыңызға рақмет!