Қостанай облысы Аманкелді ауданы
Қарасу ауылы
Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Садықов Аслан Ғабдылғамитұлы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың денсаулығын нығайту,мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.
Құрал жабдықтар: Ысқырық,доп,қап,орындықтар,арқан т.б.
Мұғалім: Қайырлы күн,құрметті спорт сүйер қауым!Бүгін сіздер «Әкем,шешем және мен!»спорттық ойынына қатысқалы отырған 4 б сынып оқушылары мен ата-аналардың өнерін тамашағалы отырсындар.
Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтемін:
Жанұялар отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы ептілік пен күштері.
Әрбірінің жігер-күші жалындап
Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.
Спорт десе таза біздің арымыз,
Жалындайды сайысқанда жанымыз.
Сайысатын ағаларды бүгінгі,
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.
Ортаға:
№ 1.
№ 2.
№ 3.
Әр жанұя өзін таныстырады да,төрдегі арнайы орынға барып тұрады.
Мұғалім: Ойын 11 турдан тұрады.
1.Жылдамдыққа жүгіру
2.Ракеткамен алып жүру
3.Қол күрес ( әкесі)
4.Иық күресі (баласы)
5. Көп болып жүгіру
6.Допты торға түсіру
7.Допты түсірме
8.Қап киіп жарысу
9 Кім жылдам
10.Қырқаяқ ойыны
11.Арқан тартыс.
Негізгі бөлім
1. Жылдамдыққа жүгіру
Команда бөлініп 10-15 метрдей қашықтықта тұрған жарға қолын тигізіп қайтып келеді,ойын кезекпен жалға береді.
2.Ракеткамен алып жүру
Ойынға үш команда бір уақытта қатыса алады.Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек сап түзеп тұрады.Мұғалімнің белгі берісімен ракеткамен шарикті түсірмей ұрып 10-15 м жерден айналып келеді,белгі (жалауша) қойылады.
3.Қол күрес ( әкесі).
Үш топтын әкелері ортаға шығып үстелге отырып екі-екіден қол күрестіреді кезектесіп.
4.Иық күресі (баласы)
Ортада шеңбер ішінде бір аяқтарын көтеріп ыйықтарынымен бір-бірін шеңбердін ішіен шығарады,бірінші шығып кеткен жеңілген болып есептеледі,ойын кезекпен жалғаса береді.
5.Көп болып жүгіру
Ойынға командалар бір уақытта қатыса алады Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады.Әр команданың сөре сызығынан 10-15 м қашық жерде айналып кері қайтатын белгі қойылады.
Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп,өз командасына оралады да,озінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды.Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп,белгіні айналып өтіп,тағы да өз командасына оралады.
6.Допты торға түсіру
Команда кезектесіп барып баскетбол шығыршығына допты түсіреді,қай команда коп түсіреді сол ойыншылар жеңіске жетеді.
7.Допты түсірме
Жарысқа қатысушылар қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады.Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келуі қажет.Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.
8.Қап киіп жарысу
Үш команда ұзындығы 10-15 метрдей болады.Мұғалімнің белгісімен саптың ең алдында тұрған ойыншылар екі аяғын қапқа тез кигізіп,екіқолымен жоғары жағынан ұстап ілгері қарай секіректей жүгіріп,жолаушаны айналып келеді.Осы ретпен ойын қайталана береді.Қай команда бірінші болып аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.
9.Кім жылдам
Жарысқа қатысушылар қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады.Саптың ең алдында тұрған ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады.Доп келесі ойыншыға,сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді.Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді.Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.
10.Қырқаяқ ойыны
Әр топ өз ойыншыларының белдеріне ұстап белгіленген жалаушадан айналады,қай команда ағытылмай мәре сызығынан бірінші өтсе сол команда жеңіске жетеді.
11.Арқан тартыс
Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады.Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді.Команда екі топқа бөлініп,арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады.Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екікоманда арқанды екі жаққа тартады.Ойынның мақсаты екі команданың бір ойыншысы ортадағы сызықтан өз жағынан тартып шығару.Ортанғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.
Ал,құрметті спорт сүйер қауым,бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары да анықталды.
Қортынды сөзді беру.
Құттықтау.
Сыйлықтарын тапсыру.