Басы » Cыныптан тыс » Киіну, өзін-өзі ұстау

Киіну, өзін-өзі ұстау

№ 25 қазақ қыздар гимназиясы

бастауыш сынып мұғалімі

Адилова Еркем Алдонғарқызы

 

Сабақтытың мақсаты: Қыз баланың дұрыс киініп, өзін – өзі ұстауға

тәрбиелеу.

  Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Қыздар гимназиясының әнұраны айтылады.

    II. Негізгі бөлім.

  1. 1.      «Дүкен» ойынын ойнаймыз. Тақтада есептер берілген, кім дұрыс шығарса, сол оқушы затты сатып алады да, тақтаға іледі. Ілінген заттардан тақырыптың аты шығады. Мақсат қою.  Қыздарды бағалау.
  2. 2.     Ендеше бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңдар
  3. 3.     Сұрақ-жауап:

Міне мына қыз бала дұрыс киіну және өзін -өзі дұрыс ұстау үшін не істеу керек?

Дәптерге де жазып отырамыз.

Жаңа айтқандай дұрыс киіну, дұрыс сөйлеу, тыңдау туралы тыңдап өтейік.

Сіздің киіміңіз!

Тап – таза, өзіне сенімді, сыпайы, көзге түсетін

артық  жылтырақсыз киінген адам сенімге тез ие болады.

Сөйлей білу.

 

Жақсы сөйлеуге үйрену не үшін қажет?

Біріншіден, әдеби кітаптар оқып, өлеңдер мен көркемсөздер жаттау арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін үнемі жаңғыртып отырасыз. Сіздің миыңыз неғұрлым көп мәтінді сақтаған сайын, Сіз қажет кезде оларды дайын күйінде қолдана қоясыз.

Екіншіден, өз сөзіңізді жақсы ұғыныңыз. Әрбір сөйлегеніңіз  қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөйлемдерден болуы тиіс. Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен ол дұрыс қабылданбауы мүмкін.

Тыңдау. Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де Сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, Сіз сөйлегенде, ол да Сізді сондай ынтамен тыңдамақ. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу – адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. Әдетте, қызметтегі жоғарылауларды жақсы сөйлейтіндерге қарағанда жақсы тыңдай білетіндер тез алады.

III. «Біз және сән үлгісі». Балалар киімінің моделдерін көрсетеді:

1-ші топ —  мектеп оқушысының киім үлгісі

2-ші топ – кешке, тойға киетін киім үлгісі

3-ші топ – қалалық мекемелерге киетін киім үлгісі

Әр топ сурет салады, қуыршақты киіндіреді, айтып береді.

IV.  Сәргіту сәті.

Музыка қосылады. Қыздар мода көрсетеді, ал көрермендер киімі таза және әдемі қызды қарап отырады.

V.  Көрініс.

1-ші топ —    басқа сыныпқа келген қыз

2-ші топ –  мектепке дұрыс киінбеген қыз

3-ші топ –  үлкенді алдаған қыз

VI. Сабақтың қорытындысы. Адамның киіміне қарап, оның мінезі, жүріс-тұрысы туралы айтуға болады?

Эссе, шығарма, тақпақ құрастыру.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *