Басы » Tәрбие сағаттары » Ұлыстың ұлы күні берілетін баталар

Ұлыстың ұлы күні берілетін баталар

 №25 қазақ қыздар гимназиясы

Мектеп өмірінде тәрбие жұмысы әр түрлі тақыпта өтіп жатады. Осы тәрбие процесінде қазақ халқының көркем сөз өнерінің бірі бата беру жасалынады. Осы мақсатта сайтымыздың қолданушыларына Екібастұз қаласы № 25 қазақ қыздар гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі Адилова Еркем Алдонғарқызының топтастырған мақалдарын ұсынамыз. Тәрбие сағаттарында керектеріңізге жарап қалар.

Жаңа жыл бақыт,

Малың тоқ,

Уайым-қайғың жоқ болсын.

Көген толы қозы,

Желі толы құлын болсын.

Малың базарлы

Ұлың назарлы

Қызың ажарлы болсын!

Әумин

Құдай жарылқасын,

Бай қылсын!

Бақ қарасын!

Қыдыр дарысын!

Аруақ жебесін!

Дастарқанға береке берсін!

Кең пейіл берсін,

Ұзақ өмір берсін!

От айнала бас берсін,

Өріс толы мал берсін!

Айдан аман сақта,

Жылдан есен сақта!

Жүз бір қатерден сақта,

Мың бір пәледен сақта!

Аузы қанды бөріден сақта!

Қолы қанды ұрыдан сақта !

Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта!

Ізет, абырой, бақ-дәулет

Риза несібең арта берсін!

Әумин

Дастарқан батасы

 

Тәңір жарылқасын,

Кімді жарылқаса.

Соның жағында қылсын;

Жақсының жанында қылсын;

Жаманның алдында қылсын!

Жортқанда жолың болсын,

Адассаң, жолға салып жүрсін,

Сүріндірмей алып жүрсін,

Мың бір бәле, жүз бір қатерден қағып жүрсін!

Әумин

 

Бата бердім, бақ тіледім,

Ақ дастарқан басына,

Я, құдайым, шын тіледім,

Келсін деп менің қасыма!

Көңілің көлдей болып,

Көргенің түстей болып,

Қыдыр қонсын басыңа!

Әумин

Я, Тәңірі- құдірет,

Мал- бастарың аман ет,

Басына бер бақыт,

Асына бер берекет,

Өмір- жасын ұзақ ет,

Мехнат, зақметтен аман ет,

Дұшпанының күнін жаман ет,

Ұрпақтарын асыл ет,

Дүниедегі жақсылықты,

Дәл осы үйге нәсіп ет!

Әумин

Көпшілікке арналған баталар

 Уа, жаратқан, жарылқа,

Бақ-дәулетін аумас қыл!

Жарылқағанмен жалғас қыл:

Ала ауызды алас қыл,

Қорғанғаннан қалыс қыл!

Ниеттері ақ болсын,

Бейнеттері пәк болсын,

Мұраттарын асыл қыл!

Қолқасын шаң қаппасың,

Жүрген жерін жасыл қыл!

Әумин

Күнің шуақты болсын,

Көлің суатты болсын!

Қонысың өрісті болсын,

Еккенің жемісті,

Еңбегің кейісті болсын!

Жұлдызың ағаңда болсын,

Құндызың жағаңда болсын!

Жарың жібектей болсын!

Арың түлектей болсын!

Өнерің өрлей берсін,

Өмірің төрлей берсін!

Әумин

Бақ келіп қонып басыңа,

Көңілің көлдей шалқысын.

Пейліңе тойған қонағың,

Ішпей- жемей балқысын.

Әумин

Жас жұбайларға бата

 

Сезімнің пәктігін берсін,

Көңілдің ақтығын берсін,

Жылулы от бастарыңа

Сәбидің шатты үнін берсін!

Пейілдерің тарылмасын,

Шаршап- шалдыққандар

Төрлеріңде дамылдасын!

Көлденең кеселден сақтасын,

Күңкіл өсектен сақтасын,

Дау- жанжалдан сақтасын,

Достан көңіл қалғаннан сақтасын!

Шайтанның азғыруынан,

Елдің жазғыруынан, сақтасын!

Асып –тасқаннан сақтасын,

Алшаң басқаннан сақтасын!

Отауларың елге сән болсын,

Өмірлерің бал болсын,

Бибі Фатима анамыздың

Аруағы өздеріңе жар болсын!

Әумин

Келінің баянды болсын,

Үлкендерді сыйлайтын аяулы болсын!

Жылы жүзді болсын!

Жұмақ сөзді болсын!

Келінің бақытты болсын,

Ел қыдырса сыпайы жүрсін,

Күлсе сыпайы күлсің,

Ашпын деп жалаңдамасын.

Өз байымнан анау тәуір екен де,

Шаш қайырғанға алаңдамасын.

Алдымен еріне жақсын,

Қолға қонған қырғидай

Атасы мен анасына жақсын.

Әумин

Ұзатқан қызға бата

 

Құлыным-ау, құлыным,

Халқыңа қалаулы бол.

Еліңе елеулі бол.

Таудай талап бергенше

Бармақтай бақ берсін.

Ата-анаң дегізбе,

Ата-анаңа мейірбан бол.

Алдыңнан ай тусын.

Артыңнан күн тусын!

Үлкендердің алдынан

Кесе-көлденең өтпе.

Ата атандырма,

Сүйек сындырма, қалқам!

Әумин

Еліңе елеулі бол,

Халқыңа қалаулы бол,

Ата-енеңе жағымды бол,

Қайынаға, қайыныңа қайырымды бол.

Ауылыңа айбарлы бол,

Күйеуіңе жайдарлы бол.

Әумин

Ұл балаға бата

Жүсіптің дидарын берсін,

Мұхамбеттің иманын берсін,

Жанына даланың кеңдігін берсін,

Әзірет Әлидің ерлігін берсін,

Абылайдың байрағын берсін,

Бауыржан батырдың айбарын берсін!

Еліне ырыс-құт орнасын,

Жеріне тыныштық орнасын!

Өсек-аяңның құрбаны болмасын,

Озбырлардың шылғауы болмасын!

Алыс жолдарда,

Қалың орманда,

Тайғанақ мұздарда,

Көлденең келер қазадан,

Жазықсыз төнген жазадан

Әулие-әмбиелер қорғасын,

Ата-баба, аруақтар қолдасын!

Әумин

Жортқанда, балам, жолың болсын,

Қалтаң ділдәға толсын!

Бір толмасын, жылда болсын,

Өмір-жасың ұзақ болсын!

Қатарынан озған ерен бол,

Көл түбіндей терең бол!

Сынай қалса- құлақ сал,

Мақтай қалса- керең бол!

Әумин

Тұсау кесер бата

 Тұсауың кесілді, құлама,

Тізеңді жаралап жылама.

Құлындай құлдырап жүгірші,

Кәніки өзіңді сына да.

Секірсең құздардан сүрінбе,

Шыңдарға шыққанда бүгілме.

Болаттай қабырғаң қатайып,

От ұшқын ойнасын түгінде,

Ұзаұ боп Иншалла өмірің,

Тасысын шаттықтан көңілің.

Жарқырап күн санап өсе бер,

Жарқылдап семсердей сенімің.

Әумин

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір елдің атасы болма,

Көп қолдың аағасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала.

Өзегің талса, өзен бойын жағала,

Басың іс түссе, көпшілікті  сағала!

Өзіңе- өзің кәміл бол!

Халқына әділ бол!

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол!

Әумин

 

Сапарға бата

 

Бес қаруың сайлы болсын,

Жортқан жолың жайлы болсын,

Күнің шығып жарқырап,

Түннің тыныш, айлы болсын.

Ішкенің зәмзәм суы боп,

Ұртың толы майлы болсын,

Бір Алла өзі жебесін

Аруақтар демесің.

Ғайып Ерен, қырық Шілтен,

Тигізсін дәйім себесін.

Нұх пайғамбар алдыңнан,

Теңізде тоссын кемесін.

Алты күнде алты айлық,

Арымай- талмай жол алғын,

Аман- есен оралғын,

Қазіргідей қол алғын.

Әумин

 

Бақытты бол, қарағым,

Қара көзім маралым.

Алтыннан болсын тарағың,

Күмістен болсын жарағың.

Қуаныш, күлкің тыйылмай,

Жарқырай берсін қабағың.

Мақтаныш бола біл,

Ата менен ананың.

Тілегіне жете бер,

Оңыңнан есіп самалың.

Әумин

 

Үлкендердің жастарға беретін батасы

 

Балалардың ұзақ болсын өмір- жасы,

Бірге өссін біте қайнап мал мен басы.

Қашанда тіл мен көзден аман сақтап

Қасында жүрсін оның пір панасы.

Үйреніп өнер- білім өрге жүзсін,

Үлгі алсын қатар- құрбы замандасы.

Қондырып оң жағына отауларын,

Қызығын көрсін оның ата- анасы.

Алдынан шамшырағы қарсы жанып,

Гүлденсің жер мен көктің екі арасы.

Шалынсын періштенің құлағына

Біздердей қариялардың ақ батасы.

Әумин

 

Атың тұлпар,

Құсың сұңқар болсын,

Желің биелі

Көшің түйелі болсын.

Ісің жүйелі

Басың киелі болсын

Қызың қияға

Ұлың ұяға қонсын.

Сапарың сәтті,

Жегенің тәтті болсын.

Әумин

Діни баталар

Иа, Алла, жасаған,

Жамандыққа жазбасын,

Жақсылыққа бастасын!

Мал иесі Мұхаммед!

Жан иесі хазірет,

Не тілегін әзір ет,

Еткен ниетін қабыл ет!

Әумин

 

Құдая құлыным дегейсің,

Мұхаммед үмбетімін дегейсің.

Шадияр досым дегейсің,

Имам ағзамның қауымында қыл,

Шайтанның сәрінен сақта,

Патшаның кәрінен сақта,

Намаздың қазасынан сақта,

Пайғамбардың туында қыл,

Аузы кәусардың суында қыл,

Иман байлығын бер,

Деннің саулығын бер.

Әумин

 

Е, құдайым оңдасын,

Оң жолыңа бастасын.

Бір жарылқап тастасын.

Жамандыққа жазбасын.

Жақсылыққа бастасын!

Мал иесі Мұхаммед!

Жан иесі хазірет,

Не тілегін әзір ет,

Еткен ниетін қабыл ет!

         Әумин

� K< �o��Normal>                                                  Әумин

 

 

Діни баталар

 

Иа, Алла, жасаған,

Жамандыққа жазбасын,

Жақсылыққа бастасын!

Мал иесі Мұхаммед!

Жан иесі хазірет,

Не тілегін әзір ет,

Еткен ниетін қабыл ет!

Әумин

 

Құдая құлыным дегейсің,

Мұхаммед үмбетімін дегейсің.

Шадияр досым дегейсің,

Имам ағзамның қауымында қыл,

Шайтанның сәрінен сақта,

Патшаның кәрінен сақта,

Намаздың қазасынан сақта,

Пайғамбардың туында қыл,

Аузы кәусардың суында қыл,

Иман байлығын бер,

Деннің саулығын бер.

Әумин

 

Е, құдайым оңдасын,

Оң жолыңа бастасын.

Бір жарылқап тастасын.

Жамандыққа жазбасын.

Жақсылыққа бастасын!

Мал иесі Мұхаммед!

Жан иесі хазірет,

Не тілегін әзір ет,

Еткен ниетін қабыл ет!

         Әумин

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *