А.Б. Сыгаева
«Балауса бөбекжай-балалар бақшасы» МКҚК әдіскері
Алматы облысы, Райымбек ауданы
Тақырыбы: Үй жануарларын мүсіндеу /қозы/
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Мүсіндеу әдіс-тәсілдерін меңгерту, ұсақ қол қимылдарын дамыту. Өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының ойыншықтары, суреттер, үлгі
Керекті құралдар: Ермексаз, тақтайша, сүлгі,үлгі.
Әдіс-тәсілдері: Әңімелесу, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру,ойын, т.б
Сабақ барысы:
- Жылулық шеңбері.
Атам мені «құлыным»-дейді, Әжем мені «боташым»-дейді.
Әкем мені «шырағым»-дейді,
Шешем мені «қозым» -дейді.
Ал, шынында мен кіммін?
Мен кәдімгі баламын.
«Міне, балалар! Бізді еркелеткенде ата-әжелеріміз, әке-шешелеріміз төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады. Кейбір балалардың аты да осы төлдерге сәйкес болады. Еске түсірейікші?(Ботакөз, Бота, Тайлақ, Танакөз және т.б) Ал енді, бір-бірімізді төлдің атымен еркелетіп көрейікші»
- «Төлін тап» ойыны
Бұл ойында әр малдың суретінің астындағы қалташаға өздерінің анықтаған төлдерінің суреттерін дәл тауып салу керек.
- Мақал-мәтел
«Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір»
- Сызба құрау:
Қозы | жүн | Жіп, көрпе | Шұлық, киім, бас киім | Дені сау бала |
- Ұсыныс:
Үлкендерді шақыртып, ұршықпен жіп иіруге және балалардың өздерін е жіп иіртіп көрсетуге болады.
- Жұмбақ
Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді көзі……………… (қозы)
Кіп- кішкене момақан, қошақанды ұнатам. Сүйеді апам «қозым»-деп, «қошақаным өзің»-деп.
Тәрбиеші өлең жолдарын оқи отырып, үлгі бойынша қошақанның дене мүшелерін көрсетіп, талдау жасайды.
«Қозы» тақырыбы бойынша мүсіндеу.
/Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру./
- кесек ермексаздың бір бөлігін үзіп алып, денесін домалақтап мүсіндеу.
- екінші бөлігін алып, мойынын, басын, аяқтарын жасау
(балаларға сұрақтар қою арқылы әңгімеге өздерін де қатыстырып отырады)
«Қошақандар» сергіту сәті.
Қошақандардың жайылып жүрген бейнелерін келтіру.
Жұмыс аяқталған соң. «Өрісте жайылып жүрген қошақандар» атты көрме ұйымдастырту. Осылайша балалар өздері жасаған жұмыстарына баға береді.
- «үйде, ата-аналары және жақындарымен бірге……»
Үйде үлкендермен үй жануарлары туралы әңгімелеу. Төрт түлікке байланысты тиым сөздерді үйрену.
- «Біз не білдік?»
Адаммен үй жануарлары тығыз байланыста.
Үй жануарларына күтім керек.
Соңында тәрбиеші қорытынды жасайды:
-Балалар өте жақсы еңбектендіңдер!
-Барлығыңыда өте жақсы деген баға.
-Еңбектерің жана берсін!
[bws_related_posts]