Аңыз бойынша, “Башпай” Қорқыттың өмірінің соңында шығарған ақырғы күйі екен. Қорқыт кілемін төсеп дарияның бетінде отырғанда қарындасы Ақтамақ ағасына тамақ әкеліп беріп тұрған екен. Күндіз – түні күй тартып, өліммен алысып әбден шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін бойы маужырап, көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дорбамен қайрақ жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады. Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан Қорқыттан Әзірейіл: “Қандай тілегің бар?” – деп сұрайды. Сонда Қорқыт: “Менің өмірде екі күнәм бар. Біріншісі – өлімнен қырық бір жыл бойы қашқаным. Кілем жайып Сырдың бетінде отырғанда бірде алай – түлей дауыл тұрған еді. Сол кезде қарындасыма башпайым тиіп кеткен болатын, екінші күнәм – сол. Сол себепті мені көмгенде осы екі башпайымды ашық қалдырыңдар”, деп қобызын қолына алып, ең соңғы Башпай күйін тартқан екен.
[bws_related_posts]