Басы » Бастауыш сыныптар » Сиыр (Презентация)

Сиыр (Презентация)

сиырМаңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосының
№ 9 бастауыш орта мектебінің мұғалімі
Джулбаева Нұргүлдің 2 «А» сыныбына арналған Ана тілі пәнінен қысқа мерзімдік жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сиыр

Сабақтың мақсаты: Сиыр туралы жырға тоқталып,пайдасы жөнінде түсінік беру. Міндеті: Б.Сиыр туралы анықтама беріп ,олардың өнімінің денсаулыққа пайдасы жөнінде түсінік беру. Д.Оқушыларға сиырды қалай шақыру керек,пірлерінің атаулары жөнінде түсінік бере отырып ,ойлау қабілеттерін дамыту. Т. Сиыр малын күтіп-баптауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Маркер, клей,қайшы үлестірме қағаздар. Кетіргіш, қарындаш, түрлі түсті қағаздар,видео проектр,слайд.
Оқытудың нәтижелері:
1. Жаңа тақырып туралы түсінік қалыптасады.
2. Берілген жырдың мағынасын түсініп,тереңірек ойлауға ынталанады.
3. АКТ-ны пайдалану арқылы қызығушылығы артады.
4. Түрлі тапсырманы орындай отырып ,өз ойын жеткізе алады.
5. Оқушы өз ойын талдай алады.
6. Кейбір оқушылар топтық жұмыс көмегімен берілген тапсырманы орындай алады.
Қамтылатын модульдер:
Модуль 1- оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
модуль 2 – сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
модуль 3 – оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
модуль 4 – АКТ-ны пайдалану.
Қадамдар:
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. АКТ-ны пайдалану
3. Топпен жұмыс
4. Рефлексия
5. Бағалау
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Ұйымдастыру
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
3. Топқа бөлу
4. Топтық тапсырма беру
5. Сөзжұмбақ шешу
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі.
Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз.
I.Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. Жақсы ат жанға серік, Жақсы ит …….. серік.
2. Жылқы — …….. патшасы, Түйе — малдың қасқасы.
3. Теңге тиыннан өсер, Жылқы ……… өсер.
4. Аттың бәрі …….. болмас, Құстың бәрі сұңқар болмас.
5. Жылқының …… жесең тісіңе кіреді, Жемесең түсіңе кіреді.
2-тапсырма. Ассоциация.
«Сиырдың төлі бұзау» (Суретпен жұмыс)

Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту.
3-тапсырма:

4-тапсырма:
Модуль : СТО.Әдіс «Ребус шешу»

5-тапсырма: Мақал – мәтел. Ой ізденім
1. Сиырлының үйі – айран, Сиырсыздың үйі – сырдаң.
2. Сиырдың сүті – тілінде.
6 – тапсырма: Дәптермен жұмыс Сырдаң – жұтаң, тапшы, кедей. Айдай иілген – мүйізі айға ұқсас. Көкке шүйірген – жоғары көтерген. Керілген желін, сала емшек – емшегі сүтке толған. Жаның сүйінген – қуану. Тілді үйірген – дәмділігі ауыздан кетпес, өте дәмді
7 – тапсырма: Ой қозғау стратегиясы бойынша сұрақ — жауап
Сиыр атасы қалай аталады? Сиыр малының қандай пайдасы бар? Сиыр төлі қалай аталады?
8 – тапсырма: Топтық тапсырма кластер арқылы жұмыстану
Топтық тапсырмада төрт түлік малының төлі қалай аталады, малды қалай шақырады? деген тапсырма берілді, конвертте берілген сөздерді желім арқылы қатесіз төрт түлік малының суреттерінің қасына жабыстыру керек.

9 – тапсырма: Ой қорыту
1. Бұзаудың енесі қалай аталады? А) Түйе Ә) Жылқы Б) Сиыр В) Қой
2. Қойдың төлі….. А) Бұзау Ә) Құлын Б) Лақ В) Қозы
3. Теріден …. тігеді А) Етік Ә) Алаша Б) Көрпе В) Жүн
4. Көлік ретінде пайдаланатын мал. А) Қой Ә) Жылқы Б) Бұзау В) Сиыр
10 – тапсырма: Сөзжұмбақ шешу
с у
и т
ж а м а н д ы қ
е р

Рефлексия
Бағалау
Үйге тапсырма: Сиыр жырын жаттап келу

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *