Басы » Бастауыш сыныптар » Төрт түлік жырлары. Торы құлын (Презентация)

Төрт түлік жырлары. Торы құлын (Презентация)

кулынМаңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосының
№ 9 бастауыш орта мектебінің мұғалімі
Джулбаева Нұргүлдің 2 «А» сыныбына арналған
Ана тілі пәнінен қысқа мерзімдік жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Төрт түлік жырлары». «Торы құлын»
Сабақ мақсаты: Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту, малдың өрісімен, қадір-қасиетімен таныстыру.
Міндеті: Б. Төрт түлік соның ішіндегі құлын жайлы жайлы мағұлмат беру.

Д. өз ойларын тұжырымдап жеке, топта айта білуге, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру. Т. Төрт түлікті күтіп, баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Оқытудың нәтижелері:
1. сабақ мақсаттарының орындалуы
2. Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3. Шығармашылық қабілеттері артады.
Қамтылатын модульдер:
Модуль 1- оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
модуль 2 – сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
модуль 3 – оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
модуль 4 – АКТ-ны пайдалану.
Қадамдар:
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Интер.тақтамен жұмыс
3. Топпен жұмыс
4. Рефлексия
5. Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Ұйымдастыру
2. Топқа бөлу
3. Ой шақыру стратегиясы бойынша сұрақтар қою
4. Үй тапсырмасын бекіту кезеңінде «Бәйге» ойынын ойнату
5. Жаңа сабақ кезінде «Ойлан тап» ойынын ойнату
6. Ребус шешу
7. Топтық тапсырма кластер арқылы жұмыстану
8. Сәйкестендіру кестесі
Оқушының іс-әрекеті:
1. Үй тапсырмасын айту

Ой шақыру стратегиясы бойынша сұрақ беру.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Қойдың қандай пайдасы бар?
Сабақ қалай аяқталып еді?

1-тапсырма: Үй тапсырмасын бекіту кезеңінде «Бәйге» ойыны.
Төрт түлік малына қатысты мақал – мәтелдердің жалғасын табу.

1. Ел көркі — ……., өзен көркі— тал.

2. Сауып ішсең ….. күндік,
Сойып ішсең бір күндік.

3. Бақпаса ….. өспейді,
Баптамаса егін өспейді.

4. Қойдың іші — ………..
Жылқының іші — мереке.

2-тапсырма Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Мақал – мәтелдің жалғасын табу арқылы «Ойлан, тап» ойыны.

1. Тұяқ …… жеткізер,
Тай …… жеткізер.

2. Құнан ……. жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.

3.Тұлпар – …… қанаты.

4. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы ……… өсер.
3- тапсырма Ребус шешу.

4- тапсырма
Топтық тапсырма кластер арқылы жұмыстану
Топтық тапсырмада төрт түлік малының қалай дыбыстайтыны, малдың пірін атаңыз деген тапсырма берілді, конвертте берілген сөздерді желім арқылы қатесіз төрт түлік малының суреттерінің қасына жабыстыру керек.

5-тапсырма
Сәйкестендіру кестесін толтыру.

Жағы
Садақтай
Мойны Жалақтай
Жалы Білектей
Саны Жібектей
Құйрығы Жып – жымыр
Ерні Шашақтай
Көзі Құп – құлдыр
Басы Моншақтай
Рефлексия.
Бағалау. Смайлик арқылы бағалау.
Үйге тапсырма беру. «Торы құлын» жырды жаттау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *