Басы » Cыныптан тыс » Әке –шаңырақтың негізгі тірегібет 268

Әке –шаңырақтың негізгі тірегі

1478 Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы 

«Әке –шаңырақтың негізгі тірегі»

(сайыс)

 Тақырыбы: «Әке –шаңырақтың негізгі тірегі»

Мақсаты:         Балаларға  отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке    тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі  ыстық байланысты ұғындыру.

Барысы:

І-жүргізуші: «Ата –сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың» дейді қазақта.

Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәттсіз болсын,

«Әке» деген сезімді ұмытар кім,-дей отырып, сіздерге арналған «Әке –шаңырақтың негізгі тірегі» кешімізге қош келдіңіздер!

«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,

Жаманнан жақсы туады,  адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.

Ата болып, ақыл айтып көріңдер,

Әже болып, ертегі айтып беріңдер.

Әке болып, еркелетіп көріңдер

Ана болып, мейірімділік төгіңдер.

Аға болып, үлгі көрсет кішіге,

Іні болып, көмектес сен ісіне

Әпке болып, мейіріміңді аяла,

Қарындас боп  бауырыңды саяла.

Тәрбиеші:

—          Балалар, кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді  жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін кісіні кім дейміз. (Ата)

—          Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, концертке, циркке т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы.Ол кім (Әке)

Бүгінгі кешіміз ІІбөлімнен тұрады.

І. «Әке –шаңырақтың негізгі тірегі»- балалардың әкелері туралы ойы, тілегі, жыр шашулары. Ертегі «Тоқылдақ», «Бес саусақ»

ІІ. «Әжем және мен» сайыс

  1. Гүлбақыт. –     Қамқорсың ,әке ,өмірде

Қуатым -сенсің көңілге

Әлпештеп мені өсірдің

Ұшармын ертең көгінзде

  1. Ақгүлім.  —      Аңсадым жылы сөзіңді

Ақылшың болған кезіңде

Есімде, әке , сақтаймын

Асқар биік өзің өзіңді

  1.  Аэлита. —       Арманы едім аңсаған

Әкелем бақыт мен саған

Ұрпағым болып жалғастым

Қуаншы, әке, сен соған

  1. Асарбек. –     Теңіздей шалқып жүремін

Сүйенер сенсің- тірегім

Барсам да қайда, жан әке

Өзіңмен бірге жүрегім.

  1. Ерасыл.          Атам айтса «ұлым» деп,

Әжем айтар «күнім деп.

Екеуімен қаймығып

Ықыласы бір менде

Бір шытпайды қабағын

Үйде, түзде, жүргенде

Соған ұқсап бағамын

  1. Ерсұлтан.-      Атам-менің әманда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамды

Жасы үлкенге жол берем

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

Атам маған әманда

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамды

Мақтанбауды жөн көрем.

  1. Нұрайым.-      Кім сүймейді атасын

Асқар таудай көрінген

Бөбекке айтар батасын

Жаттап алған едім мен

  1. Назерке.Ғ.-     Кім болсаңда әйтеуір

Адамзаттың бірі бол

Туған елдің ұлы бол,

Ойға тоқы парқын сез

Ата сөзі-алтын сөз

  1. Айана .-          Ең жақын адамдар

Әке мен анам бар

Әкемнің әкесі

Ақ басты атам бар

Әкемнің анасы

Ақ шашты әжем бар

  1. Айнагүл.-       айтады ертек жан атам

Ақ сақалын сипалап,

Құмарымды тарқатам,

Жер мен көкті аралап,

Ертегілер еліне

Бір шеетін сапары

Ардақтаймын өмірде

Асөар таудай атамды.

  1. Назерке.-        Әке тілін аламын

Ана тілін аламын

Жақсы оқу-мақсатым

Таудай үлкен талабым

  1. Елдос.-                       Ата-анамның күнімін

Туған елдің ұлымын
Тілімде бал, өзім –бал,

Балдай тәтті қылығым

  1. Сабира.-         Өзіңнің ерке балаң бұл,

Арнайды бүгін саған жыр

Жақсылық тілеп жолына,

Әрқашан әке, аман жүр.

Хор: Сен бақытты ұлансың (тақпақ)

Ән: «Әкем әнім»

ІІ. Бейне таспадан әкелер туралы айтқан әңгімелерін тыңдау.

Ертегілер: «Бес саусақ»

Кешіміздің ІІІ –бөлімі «Әкем және мен»  сайысын тамашалаңыздар.

Сайысқа қатысушылар ортаға шақырылады.

  1. Гүлбақыт әкесімен бірге
  2. Сабира әкесімен бірге
  3. Асарбек әкесімен бірге
  4. Ерсұлтан атасымен бірге
  5. Ақгүлім әкесімен бірге
  6. Назерке әкесімен бірге
  7. Ерасыл атасымен бірге
  8. Елдос әкесімен бірге

Сайыс шарттары:

  1. Өзін –өзі таныстыру
  2. Тренинг: «Айналайын, толғанайын»
  3. Мен әкеммен біргемін (ән айту, қамшы өру т.б.)
  4. Мақал –мәтел айту
  5. Бата «Ата сөзі-бата сөз»
  6. Ойын «Кім шапшаң»

І. Гүлбақыт әкесімен бірге

Әке-шешем мақтаған

Гүлбақытқызың мен болам

Тақпағым бар жаттаған

Осы күнге сақтаған

Сайыс десе жайнймын

Намысымды қайраймын

Тоты құстай құлпырып

Сандуғаштай сайраймын

Ән де айта аламын

Би де билей аламын

Өзім кіп-кішкентай болсам да

Таудай үлкен талабым.

 

Асарбек әкесімен бірге

Былдырлаған сәбилер, шетімізден шеберміз

Тақпақ айтып, ән шырқап үйренеміз өнер біз

Ұрпағымын Рысқали немересі Асарбек

Күн санаймын үнемі ер жетем мен қашан деп

Мен Қазыбектің ұлымын қадірменді

Айтамын жүрегіммен жалын сөзді

Барша жұрттың алдында тізе бүгіп,

Баршаңызға беремін сәлемімді

Ерасыл атасымен бірге

Күні бойы думандатқан баламыз

Ертең-ақ біз мектепке барамыз

Амандық ата жалғасымын Ерасыл

Ержетіп біз қалаларды саламыз

Елдос әкесімен бірге.

Бисекеннің баласы

Көзінің ағы-қарасы

Елдос деген жалғасы

Мен боламын қарашы

Ойыншығым да, досым да

Бәрі, бәрі қасымда

Назерке әкесімен бірге

Армысыздар ,ата-анам, тәрбиешім

Бұл сайыста сыналар бағым менің

Айта беріп созбалап не етпекпін

Еркелеткен әкемнің юбір қызымын.

Өзімді мен таныстырсам

Назеркемін еркелеген

Қызымын мен Алпамыстың

Бір үйдің мен кенжесімін.

2. Балалар әкелерің сендерді қалай еркелетеді.

Ойын: «айналайын ,толғанайын»

-Күлімдеген бота көзіңнен айналайын

-Айналайын құлыным

-Жарасың ақылдым менің

-Қолғанатым менің ,қадамыңнан айналдым (дауыс ырғағына салып айтады)

3. Мақал –мәтел айту.

1. Әке –асқар тау

2. Әке көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер.

3. Жақсы әкенің даналығы-балаға мың жылдық азық

4. Әке шаңырақты

4. Әке- шаңырақтың негізгі тірегі

5. Әке-балаға сыншы

6. Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар атаджан өте туады, бір бала бар кері кете туады.

7. Әке ұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без

8. Әкесі құрдастың баласы құрдас

9. Әкесін сыйламаған адамды баласы да сыйламайды

10. Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі.

11. Атадан жақсы ұл туса , елінің қамын жейді.

12. Атадан ақыл алса, тентек ұ л да жөнделер

13. Атадан –ақыл, анадан-мейірім.

4. Мен әкеммен біргемін (ән, қамшы өру т.б.)

5. «Ата сөзі –бата сөз» бата беру

Гүлбақыт.

Дұшпаныңа киелі бол,

Халқыңа иелі бол

Айтқан сөзің әрдайым

Осылай жүйелі болсын

Сабира:

Жаз келіп көңілің жай болсын

Көргенің шаттық той болсын!

Абзал досың көп болсын

Бергем батам сол болсын

Асарбек.

Жас баланың күлкісін бер

Жомарттың қолын бер

Сапарлының жолын бер

Судың тұнығын бер,

Түнгі оттың жалынын бер

Асөқар таудың паңдығын бер

Бұлбұл құстың таңғы үнін бер

Даланың жазықтығын бер

Гүлдің нәзіктігін бер

Лашынның жүрегін бер

Нағыз достың тілегігн бар.

Ерсұлтан.

Ұсақ болма ірі бол

Өз ортаңның гүлі бол

Ата-анаңның көзінің

Сөнбейтұғын нұры бол

Ақгүлім.

Күнің шуақты болсын

Көңілің суатты болсын!

Қонысың өрісті болсын

Еккенің жемісті болсын,

Еңбегің кейісті болсын!

Назерке.

Жүйрік тілді ақын бол,

Жақсыларға жақын бол.

Достарыңмен тату бол,

Дұшпаныңа қату бол

Ерасыл.

Жарылқа, алла қабыл ет

Жарылқаудың қамын ет

Ізет-абырой, бақ-дәулет

Қызыр қарап бақ қонсын

Елдос.

Айтқаның әділ болсын

Тілегің қабыл болсын

Жортқанда жолың болсын

Қыдыр шылауында болсын.

Мадақтау рәсімі: «Өнерлі әке» номинациясына Қасимовтар отбасына, Баянғалиевтар отбасы,»Ақылшы әке» номинациясына Исағалиевтар отбасы, «Мейірімді әке» номинациясына  Есқаливтар отбасы, «шебер әке» номинациясына Сүйіналивтер отбасы, «Үлгілі әке» номинациясына Қыдырашевтар отбасы, «Өнегелі әке» номинациясына Матжановтар отбасы ие болды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *