Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая»

Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая»

ФОАмангүл Сұлтанбекова

Тақырыбы: Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая»     

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісі кеңейеді, шығармашылықпен жұмыс істей отырып сөздік қорын молайтады, тіл байлығын арттырады, өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға үйренеді.

Міндеттері: 1) Өлеңді оқу арқылы адамның қос қанаты ата-анасы алдындағы міндеттері мен борыштарын өтеуге үйренеді.

2) Баласына ата-анасынан ең жақын, ең қасиетті адам жоқ екенін түсіндіру арқылы сезімдерін, сүйіспеншілігін, ой-өрісін дамыту.

3/  Адамгершілікке, жауапкершілікке, әдептілікке баулу, адалдыққа бағыттау. Ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Әдісі: Сұрақ-жауап, СТО технологиялары: галереяны аралау, ассоц. карта, көркем ойлармен жұмыс, Венн диаграммасы.

Пән аралық байланыс: бейнелеу, музыка, дүниетану, ана тілі.

Көрнекіліктер: слайд, көркем сөздер, маркер.

                              Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Психологиялық жаттығу. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(топқа бөлу)

«Ой қозғау». Галереяны аралау (сурет көрмесі)

Ұлы аналар

«Әйел-Ана»  А. Сейдімбек «Ана»  Ғ. Орманов «Қайран шешем»Құрманғазы
Дана, ақылгөй, парасатты әйел бейнесі Баланың анаға деген ыстық сезімі Қайрат, күш, жігер иесі -ана бейнесі. Анаға құрмет

Мұғалім: Бұл суреттерден біз қандай көрініс көріп отырмыз? ( оқушылардың әңгімелесуі)

а) Ассоц. карта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен, қандай қорытынды шығаруға болады?

ә/

І топ ІІ топ ІІІ топ
Ана жаны /қандай?/ Ана  көңілі /қандай?/ Ана азығы /қандай?/
———— ——— —————
————— ———— ————-

б/ «АНА» тақырыбында жазған шығармаларын оқыту.

Мұғалім:

Ана игермеген кәсіп

Ана көтермеген жүк

Ана алмаған асу жоқ екенін көрдік.

ІІІ.Үй тапсырмасын бағалау.

ІV. Сергіту сәті

Кәне сапты түзейік .

Тіземізді бүгейік

Ыршып алға түсейік

Ыршып артқа түсейік

Көбелекше ұшамыз

Отырамыз, тұрамыз

Сергітуге мың алғыс!

V . Жаңа сабақ.Қызығушылықты ояту.

  1. Құстар туралы не білесіңдер?
  2. Қандай пайдасы бар?
  3. Қандай киелі құстарды білесіңдер?
  4. Қандай құс өз баласына қарамайды?

Ендеше , бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Ф.Оңғарсынова апаларыңның  «Қанат туралы хикая»  атты  өлеңі.230 бет.

Түсіндірме сөздік жұмысы

Хикая-әдебиет жанрының   бір түрі. Арабша әңгімелесу мағынасында қолданылатын термин. Повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр.

Хикая-сюжетке құрылған оқиға желісі. Өлеңмен жазылған түрі- «хикаят» делінеді.

Ф.Оңғарсынова туралы 2-3 сыныпта ана тілі сабағында өттіңдер, зерттеп келуге үйге тапсырма берілген.

Қайда туған? Қандай шығармалары бар? Фариза апа жөнінде мен не білемін?

б) Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы

Бір балапан құлады

Ұясынан домалап

Ата-анасы жылады

Шырыл қағып, Обал-ақ!

Бір қанаты сыныпты

Дәрі жақтым, орадым.

Күш жинады, шынықты

Жалғыз қанат қонағым

Ауырсынып қанатын

Жүгіреді  сенделе.

Бар екен –ауқағатын

Екі қанат менде де

Оң қанатым-әкем де,

Сол қанатым-анашым.

Бірі түссе қатерге,

Мәңгі ұша алмай қаласың.

Қос қанатың болғанда

Табар өмір жарасым,

Бреуінсіз ор-жарда

Бір мүгедек  боласың

Қарап тұрып шекені

Шымшылады сан күдік

Қанатымның екеуі

Сау болса екен мәңгілік

Тізбектеп оқыту.

Топпен жұмыс. «Көркем ойлармен жұмыс» (өлеңдегі сөздерге сұрақ қою арқылы көркем сөз тіркестерін бөліп алу, талдау)

І топ.

Қарлығаш баласы жерге құлап қалғанда не істеді?

Жауап: Ата-анасы жылады

ІІ топ.

Дәрі жағып көмек берген соң балапанның қалі қалай болды?

Жауап: Күш жинады.

ІІІ топ.

Балапанның жағдайын көріп, балаға қандай ой келді?

Жауап. Екі қанат

VІ. Сабақты бекіту.

1.Өлең  не туралы болды?

2.Балапанға не болды?

3.Көмек берілді ме?

4.Бала ата-анасын қанатқа қалай теңейді?

5.Балапанның қанатын көріп бала не ойлайды?

6.Бүгінгі сабағымыздың өткен сабақпен байланысы бар ма, қалай ойлайсыңдар? Салыстырып көрелік.

Венн диаграммасы.

І топ.

 

VІІ. Қорытынды. «Терек ана» (Әр оқушы жапырақты алып, өзінің анасына арнаған жылы сөзін немесе ана туралы мақал-мәтел айтып терек бұтағына жабыстырады)

А) Ата-анаңа қандай тілек  тілегің   келеді?

Ә)Ата-ана туралы қандай мақал-мәтел білесің?

Мұғалім: -Сендердің ақ тілектеріңмен, жылы сөздеріңмен Терек ана Қандай әдемі болып шықты. Сонымен,  Ана-Ұлы адам, ана қымбат, ана құдіретті жан.Бүгінгі сабағымызды ұлы жазушы Ғ.Мұстафиннің «Ата-ана қадірін білген бала –халық қадірін білер, Ал халық қадірін білген бала-ата-ананың қадірін де біледі» деген сөзімен аяқтағым келеді.

VІІІ. Бағалау.

ІX. Үйге тапсырма

-«Қанат туралы хикая» өлеңін  жаттау.

-Ф.Оңғарсынова туралы деректер жинау, кестесін толтыру.

— «Ата-анаңа қандай тілек тілегің келеді. Тілегіңді дәптермен жұмыс. 3-4 тапсырма. 230 бет.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *