Басы » Бастауыш сыныптар » Көңілді сандар

Көңілді сандар

санБастауыш сынып мұғалімі: Рыстина Аққу Баймолдақызы
«Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балалаларға арналған Айыртау мектеп-интернаты»
Ашық сабақ. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Математика 1″а» сынып
Сабақтың тақырыбы: «Көңілді сандар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Сабақтың типі: ертегі ойын сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, тест, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,оқулық, қимақағаздар
Сабақтың барысы:
Саша: Ассалаумағалейкум, халайық!
Армысыздар, қонақтар! Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, көңілді сандарды қарсы алып өнерімізді көрсетуге дайынбыз.
Ангелина: СӘЛЕМДЕСУ Саша:
Арайланып таңатты, Жақсы білім көрімдік,
Алтын сәуле таратты. Болсын сізге халайық.
Жарқырайды күніміз, Не үйреніп не білдік
Жарқырайды даламыз. Кәне ортаға салайық!
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!
І. Ұйымдастыру кезеңі
Саша: Ангелина:
Ал, достарым, келіңдер, Бір дегенім-бесік
Біріңе – бірің еріңдер. Шықтық содан өсіп
Біліміңді тексеріп, Екі дегенім-еңбек
Шешімін тауып көріңдер! Еңбек бәрін жеңбек
Үш дегенім –үміт
Үміт артар жігіт
Саша: Алмаз:
Төрт дегенім-төзім Жеті деген-жалау
Төзе білем өзім Жүректегі алау
Бес дегенім-бақыт Сегіз деген-сөзің
Бағалайтын уақыт Серт беретін кезің
Алты деген-ақыл
Тыңдағаның мақұл

«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:
Кел, тыңдайы қертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді.
Ерте, ерте, ертеде….бір ата мен әже болыпты
Алмаз Атасы: -кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Ангелина Әжесі:- неден пісірейін ұн жоқ қой.
Алмаз Атасы:- қаптың түбін қақ, бауырсақтық ұн табылып қалар.
Әжесі солай істейді: қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де, суытып терезе алдына қояды.( іс-әрекеттерін көрсетеді) Бауырсақ домалап кетеді…
Орман ішіне домалап келіп, қоян ананың көжегін үйретіп жатқанын естиді:
Люда Ш.:
-Сұр көжегім, көжегім,
Еркелігін сеземін.
Сабаққа мойын бұратын
Сенің де келді кезегің.
Білмесең надан боласың
Жау қолында қаласың
Үйреніп бәрін біле алсаң,
Ақылын, жетіп толасың.
Көжегі бауырсақты көріп қорқып, қашып кетеді.
Қоян: -бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.
Бауырсақ: -жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.
Атадан да қаштым,
Ападан да қаштым,
Қоян сенен де қашып кетемін.
Қоян: -қой, бауырсақ сенің өлеңің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында .
Бауырсақ: енді не істеймін, балалар, сендер маған көмек көрсетіңдерші.
Тапсырма 1:0 – ден 10-ға дейін және кері санау.
Тапсырма 2:7 +3 = 5 + 4 = 8 + 2 = 6 + 3 = 10 – 5 =
7 – 4 = 6 – 6 = 9 – 2 = 7 + 2 = 5 + 3 =
Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі.
Аю: -бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ : -жемеші мені, мен саған қандай өлең айтып береді екем
-ападан да қаштым, атадан да қаштым,
сенен де аю қашып кетемін.
Аю: Әй, балалар, балалар!
Менде қызық ойын бар,
Ал ықылас қойындар
Кәне, тәртіп сақтайық,
Мен берген тапсырманы,
Бұлжытпай орындайық.
Тапсырма:Қандай санамақ білесіңдер?
Санамақтар
Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық
Біреу,екеу, үшеу, төртеу ,бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Тапсырма 2: Сандары бар қандай өлең білесіңдер?
Тұсау кесер өлеңі.
Бауырсақ: -жарайсыңдар балалар, мені тағы бір құтқарып қалдыңдар.
Бауырсақ домалап аюдан қашып, ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі.
Қасқыр:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: -жемеші, мен саған өлең айтып беремін.
Қасқыр: -жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
Тапсырма: Логикалық тапсырмалар
1. Екісиырдың мүйізі нешеу?
2. Бір мысықтың аяғықанша?
3. Бес қойдың басы нешеу?
4. Үш адамның қолы нешеу?
5. Бес баланың аяғы нешеу?
2 тапсырма: Қандай фигуралардың түрлерін білесіңдер?
Фигураларды атау.
Бауырсақ:- рақмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп әрі қарай домалап келеді.
Бауысақ домалап келе жатып, бір дыбыстардые стиді:
Түлкі: Түлкішегім, құлыным
Сен ғой менің тілегім.
Аңшы кімді қумаған?
Жарылмасын жүрегін!-деп түлкі баласын үйретіп жатыр екен.
Түлкі: -бауырсақты көріп –амансың ба бауырсақ көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы, мен сені жеймін.
Бауырсақ: жеме, мен саған өлең айтып беремін.
Атадан да қаштым, ападан да қаштым,
Сенен де оңай құтылып кетемін.
Түлкі: оңай құтыла алмасың, менің тапсырмамды орында.
Түлкінің тапсырмасы:
Кел, балалар, ойнайық Үш алманы бақтағы
Ойнайық та, ойлайық Ең әдемі біреуін
Қандай сұрақ болса да Ақ тиінге сыйлады
Таппай оны қоймайық. Ыдыстағы алманың
Қане кім шапшаң? Санап көрші қалғанын?
Кірпі алып жинады
Келесі тапсырма:
Теңдіктер және теңсіздіктерді құрастыр. (сурет бойынша құрастыру).
Ауызша есептер шығару:
Жасыл стақанда 5 қарындаш, ал көкте 2 қарындаш артық. Көк стақанда неше қарындаш бар?.
Дүкеннен 3 қызыл доп және 3 көк доп сатып алдым барлығы неше доп?
Бұтақта 7 торғай отырды оның 4 ұшып кетті нешеуі қалды?
Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Несімен ұнады?
Не үйрендік?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Барлығы хормен:
Күн міне, ерте оянды,
Әйнекке біздің қарады.
Асығамыз сабаққа
Шақырған соң ма-те-ма-ти-ка.

Қолданылған әдебиеттер:
1) 1 сынып математика пәні.
2) Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту. Авторы Т.К Оспанов. -«Мектеп» баспасы,1987 ж.
3) Математикадан стандартты емес тапсырмалар: 1-4 сыныптар Кедрова Г.В. -М:ВАКО, 2006ж.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *