Басы » Бастауыш сыныптар » «Саяхат» оқыта үйрену ойыны

«Саяхат» оқыта үйрену ойыны

райсаЖезқазған қаласы
білім дене шынықтыру және спорт бөлімінің  әдіскері
Райсова Гулбану Сериковна
Модуль №1
Сөйлесу бөлім. 2-сабақ
Тақырыбы: «Саяхат» оқыта үйрену ойыны.
                       Жүз көлеміндегі сандарды оқу, жазу, салыстыру.
Мақсаты:
     —    Жүз көлеміндегі сандарды оқылуы, жазылуы және салыстыру ұғымдары жайлы алған білімдерін жаттығулар арқылы пысықтау;
—          Білім, білік дағдыларын кеңейту, ой-өрістерін,есте сақтау, қиялдау қабілеттерін дамыту,
—          Өзгені тыңдап, өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Көрнекілігі: тірек-сызбалар, үлестірмелер, суреттер, фишкалар.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың жүру барысын түсіндіру.
Сынып 4 – 5 адамнан тұратын топтарға және кеңесшіге бөлінеді. Әр топқа нөмір беріледі. Қанша топ болса, сонша кеңесші бар; олар – «туристік агенттіктер».
Әр топ мұғалім берген тапсырмалар бойынша саяхатқа шығады.
Саяхат түрі жеребе тастау арқылы анықталады.
Саяхат түрлері: 1. Тауға саяхат
2. Орманға саяхат
3.  Теңізге саяхат
4.   Шөл далаға саяхат
Тақтада әр бағытта бірнеше тапсырмалар беріледі. Оқушылар бағыттары айқындалғаннан кейін тапсырмаларды кезекпен алып орындайды.
(тапсырмалар жеке үлестірмелермен беріледі)
Тау туристерінің тапсырмалары:
№1.
Жолға қажетті заттарды дайында.( суреттердегі мысалдарды орында)
5 +    = 10            1 +    = 10             2 +    = 10               3 +     = 10
4 +    = 10            6 +    = 10             7 +    = 10                8 +    = 10
№ 2  Есептерді шығар. Салыстыр. Не байқадың?
Нұржан 10 жаста, ал Айдар 7 жаста. Нұржан Айдардан неше жас үлкен?

  • Нұржан 10 жаста, ал Айдар 7 жаста. Айдар Нұржаннан неше жас кіші?

№3

Жауаптарын ғана жаз:

80 + 0           8 + 0        8 + 1           80 + 10          80 – 10

80 – 0           8 – 0        8 – 8            80 – 80          8 – 1

№4

Әр қорапта бір шардан бар, олар: сары, қызыл, көк және жасыл түсті. Бірінші қораптағы шар сары емес, екіншісіндегі – жасыл да, сары да емес, үшіншісіндегі қызыл да, жасыл да емес, ал төртіншісіндегі көк те, жасыл да  және қызыл да емес.

Әр қорапта қандай шар бар?

Орман туристерінің тапсырмалары:

№1

5 +     = 9            1 +     = 9             2 +     = 9                3 +     = 9

4 +     = 9            6 +     = 9             7 +     = 9                8 +     = 9

№2 Есептерді шығар. Салыстыр.

Дулат 10 дәптер, ал Самат одан 3 дәптер кем сатып алды.Самат неше дәптер сатып алды?

Самат 7 дәптер, ал Дулат одан 3 дәптер артық сатып алды. Дулат неше дәптер сатып алды?

№3

90 + 0                 9 + 0            9 + 1               90 + 10                    90 – 10

90 – 0                 9 – 0            9 – 9                90 – 90                    9 – 1

№4

4 бала екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипедтер теуіп жүр. Егер велосипедтердің барлық доңғалақтарының саны 9 болса, екі доңғалақты велосипед нешеу? Үш доңғалақты велосипед нешеу?

Теңіз туристерінің тапсырмалары:

№1

5 +     = 8            1 +     = 8             2 +     = 8                3 +     = 8

4 +     = 8            6 +     = 8             7 +     = 8

№2 Есепті шығар. Салыстыр.

Біржанның 5 оқулығы бар еді. Мұғалім оған тағы 3 оқулық берді. Біржанның оқулығы енді нешеу болды?

Біржанның 8 оқулығы бар еді. Ол мұғалімге 3 оқулығын тапсырды. Сонда Біржанның неше оқулығы қалды?

№3

60 + 0                 6 + 0            6 + 1               60 + 10                    60 – 10

60 – 0                 6 – 0            6 – 6                60 – 60                    6 – 1

№4

Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен жетінші болды. Олар алдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы бар?

Шөл дала туристерінің тапсырмалары:

№1

5 +     = 7           1 +     = 7             2 +     = 7

4 +     = 7           6 +     = 7             3 +     = 7

№2 Есепті шығар. Салыстыр.

Еңбек сабағында Мәлика мен Әсия 9 қиынды жасады. Мәлика 5 қиынды жасады. Әлия қанша қиынды жасады?

Еңбек сабағында Мәлика 5 қиында, ал Әлия 4 қиынды жасады. Олар барлығы неше қиынды жасады?

№3

70 + 0                 7 + 0            7 + 1               70 + 10                    70 – 10

70 – 0                 7 – 0            7 – 7                70 – 70                    7 – 1

№4

Үш ұл мен төрт қыз киноға бармақшы болды. Бірақ билет бәріне жетпеді. Дастан, Әйгерім және Даурия үйлеріне қайтты. Кино көруге неше ұл мен неше қыз қалған?

 

Ескерту: Әр тапсырманы орнында орындап, тақтаға шығып талдау керек. Әр топтың туристік агенттіктері топтағы оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына бағалап отырады. Баға фишка арқылы бағаланады. Көк фишка- «5», қызыл-«4», жасыл-«3». Топтар бағыттарын ауыстырып кезекпен тапсырмаларды орындайды.

Бағалау парағы.

Топтың атауы:———————

Оқушының аты-жөні 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма 4-тапсырма жалпы
1
2
3
4
5

Мұғалім қорытынды бағасын шығарады.

Үйге тапсырма:№3  8 бет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *