Басы » Cыныптан тыс » «Парасатты арулар» атты сайыс байқауы

«Парасатты арулар» атты сайыс байқауы

РаушанСолтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 (түзету) мектеп- интернаты» КММ
Мұғалім- дефектолог, тәрбиеші
Бисембаева Раушан Тұяққызы
Тақырыбы: «Парасатты арулар» атты сайыс байқауы
Мақсаты: Халқымыздың ертеден қалыптасқан дәстүрлерінің мәні мен ерекшелігін шәкірттердің өзін қатыстыра отырып ашу, олардың бойына ұлттық сананы қалыптастыру; ана тілі мен халық дәстүрін құрметтеуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, география.
Ж: Әр ұлттың өзіндік ерешеліктері, салт-дәстүрлері, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.
Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздері бар.
Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру бәріміздің борышымыз. Ендеше «Парасатты арулар» атты сайыс байқауын бастаймыз және сұлу, аруларымызды ортаға шақырамыз.

Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халықтың сақтай білген ізгі салтын

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
Сайыс 1 бөлімнен 5 кезеңнен құралған.
Сайыс кезеңдері:
1.Таныстыру
2. Жорға,сұрақтар
3. Сөздің көркі-мақал.
4. «Құндылықтар тостағаны»
5. Шығармашылық жұмыс «Махаббат елінде»
6. Жаттығу «Үш сипатты сурет (мозаика)»
7. Кеспе кесу
8. Өнер сайысы
9. Үйге тапсырма.
1.Таныстыру
2. Жорға
Сұрақтар:
1.Үш дана кім? (Абай, Ыбырай, Шоқан)
2.Үш байлық не? (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
3.Үш арсыз не? (Ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Үш тәтті не? (Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
5. Қазақ әйелінің киімі? (Сәукеле)
6. Белгілі әнші «Аппақ гүлдер»әнінің орындаушысы. (Ақбота)
7. Ұлттық музыкалық аспап. Домбыра
8. Айтыскер Тастанбекқызы ( Сара)
9. «Жеңге қойған астың ішінде желке жүреді» дегенде «жеңге» кім?
(Ағаның, жасы үлкен туыстардың әйелі)
10. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды» дегендегі «жиен» кім?
(Күйеуге шыққан қыздан туған бала)
3. Қазақта «Сөздің көркі- мақал» деген ұғым бар.
Мақал-мәтел, ақыл-нақыл сөздердің пайда болу тарихын, қай кезде тұңғыш рет кім айтқанын білу қиын. Дегенмен кейбір мақал-мәтелдердің шығу тарихы туралы аңыздар аз емес. Демек мақал-мәтел, ақыл-нақыл, атаулы сөздердің адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміз дұрыс-ау.
Олай болса, ойыншыларымызбен сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз.
4. «Құндылықтар тостағаны»
Тостаған суға толтырылады.
Тапсырма:
а) артындағы адамға су құйылған тостағанды қалай да беру керек;
б) тостағанды жоғары көтеріп, бастан асыра ұстап, артындағы адамға береді. Судың бір тамшысын төкпеуге тырысу керек.
5. Махаббат сезімнің ең асқақ түрі.
Жасөспірімдердің арасында алғашқы махаббат сезіміне бөлену, түрлі өнер туындылары арқылы белгілі болады. Олар махаббаттың құнды сезім екенін адамдардың сол сезімге ұмтылатынын біледі. Жасөспірім шақтағы сезім махаббаттың өзі емес. Көбінесе ол алғашқы көріністерінің бірі. Ол ой елегінен өткізуді, терең пайымдауды қажет етеді. Жасөспірім шақтағы махаббат қиялға толы. Оның қиялындағы сүйіктісі бойында ешқандай міні болмайтын кейіпте сезінеді. Жасөспірімдердің махаббаты достыққа жақын, соған ұқсас келеді. Тегінде жасөспірім шақтағы махаббат көбінесе достықтан туындайды деген дұрыс сөз. Жасөспірімдер махаббаты нәзік, әрі өмірден алшақтау болып келеді. Алғашқы махаббат сезімінің оянуымен бірге, көптеген қайшылықтар туып, сүйіспендіктен сергелдеңге түсу, ақыл-ойдың адасуы мүмкін екенін жасөспірімдер білуі керек.
Махаббат ұғымының мазмұны өте кең:
— жыныстық махаббат;
— белгілі бір кәсіпке махаббат;
— идеяға махаббат;
— Отанға деген махаббат;
— адамзатқа деген махаббат,
— Жаратушыға деген махаббат.
Махаббат сезімі-адамзат сезімдерінің ішінде талабы да, талғамы да мол, өте күрделі болуымен қатар, сәл нәрседен секем алғыш, нәзік те сезім. Осы нәзік сезімді қыз да, жігіт те бірдей аялап қадірлесе, олардың жұптасқан өмірі әрі ұзақ, әрі бақытты болары күмәнсіз.
Сүйікті және сүйгісі келетін адамның бойында белгілі дәрежеде өзін құрметтеу сезімі болмаса, онда махаббат баянды болмайды
Шығармашылық жұмыс «Махаббат елінде».
Тапсырма: «Махаббат елін құру»
Әр топ тақырып таңдайды:
-мен табиғатты сүйе аламын;
-мен жан-жануарларды жақсы көремін;
-мен адамдарды жақсы көре аламін;
-мен өз қаламды, ауылымды жақсы көре аламын;
— мен өз мектебімді жақсы көре аламын…
Әр топ , осы тақырып бойынша ватман қағазына өз жобасы бойынша сурет салады.
Тапсырма: өз жобасы арқылы нені және қалай жақсы көре алатындығын көрсетеді.
6. «Үш сипатты сурет(мозаика)»
Столға түрлі-түсті суреттер орналастырылады. Әр топ капитаны шығып конверттен тапсырма алады. Әр конвертте суретер бар соны жинақтау керек.
Тапсырма: 3-5 минут аралығында суретті құрап, оны қағазға желімдеп, атау беріп, мәнін ашу керек.
Көмек көрсету: суретте денсаулықтың құрамды бөліктері бейнеленген.
-Тазалық сурету
-шынығу суреті
-спорт суреті
-тамақтану суреті
-зиянды әдеттерсіз өмір суреті
-жыл мезгіліне сәйкес киін суреті.
Топ мүшелері суреттерін қорғайды.
7. Қонақ күте білеміз бе?
Кеспе кесу.
8. Өнер сайысы.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Парасатты арулар, аянбай-ақ жан салыпты.
Өлең айтып, би билейді.
9. Өздері істеген жұмыстарын әділ-қазылар алқасына тапсырады.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Ортаға әділ қазылар алқасын шақырайық!
«Қош» демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.

Әділ қазылар алқасы жарыс қорытындысын айтып, «Ең парасатты», «Ең епті», «Ең ақылды», «Ең білімді» деген мақтау қағаздарымен марапаттайды.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *