Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Құрық селосы
№9 бастауыш мектебі мемлекеттік мекемесі
Жонабаева Эльмира Халиуллақызы
Барысы: Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі «Білім биржасы» сайысына қош келдіңіздер!
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жәй отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды, білімді жас талантқа, — дей отырып ойынымызды бастайық. Жалпы бұл ойын аукцион есебінде жүргіземіз. Көріп отырғандай мен сіздерді 3-топқа бөліп қойдым, яғни үш сынып өзара жарысады.
1 «А» сынып – Ойшылдар.
1 «Ә» сынып – Білімділер.
1 «Б» сынып – Алғырлар.
Сайыс 4-кезеңнен тұрады. 1-ші кезең 10 теңгемен, 2-ші кезең 20 теңгемен, 3-ші кезең 50 теңге, 4-ші кезең 100 теңгемен бағаланады. Ойын соңында қай топтың қоржынында теңге көп жиналса сол топ жеңіске жетеді.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, — дей отырып, ойынымыздың «Сөз тапқанға» деп аталатын кезеңін бастаймыз. Шарт: әр топ мүшелеріне әріптер таратылып беріледі. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын сөзбен жылдам жауап берулері қажет. Әрбір дұрыс жауап 10 теңгемен есептеледі. Бұл сайыста сұрақ сатылмайды әр топ өзіне ұпай жинайды.
Ойшылдар тобына:
1. Қаламсапты не үшін қолданады?
2. Әжеңнің аты кім?
3. Күшік қарны ашқанда не істейді?
4. Добың қандай түсті?
5. Домбыраны қалай тартады?
6. Қандай жемісті ұнатасың?
7. Далада не бар?
8. Қолыңдағы не?
9. Жазуды немен жазады?
10. Қолыңдағы қандай әріп?
Білімділер тобына:
1. Қай әншіні ұнатасың?
2. Қандай кітапты көп оқисың?
3. Мамаңның аты кім?
4. Балапан қарны ашқанда не істейді?
5. Жерде не өседі?
6. Қолыңда не бар?
7. Түнде аспанда не болады?
8. Үйді немен сыпырасың?
9. Мектепке немен келесің?
10. Қазір қандай мезгіл?
Алғырлар тобына:
1. Қолыңдағы не?
2. Папаңның аты кім?
3. Өзіңнің атың кім?
4. Асықты неден алады?
5. Көп оқитын кітабың?
6. Жазуды немен жазады?
7. Қарның ашқанда не жейсің?
8. Жасың нешеде?
9. Қандай жемісті жақсы көресің?
10. Кімді жақсы көресің?
Сайыстың екінші баспалдағы – «Ойлан, тап!» деп аталады. Алдарыңызда берілген сөздердегі әріптерді құрастырып сөздер құрау. Көбірек сөз құраған топ мүшелері ұтады. Әр сөз 20 теңгеге тең. ҚҰЛЫНШАҚ сөзі беріледі.
Сайысымыздың үшінші кезеңі «Мақалды жалғастыр» деп аталады. Бұл жерде әрбір дұрыс табылған мақалға 50 теңгеден беріледі.
1. Дос жылатып айтады…………………. (дұшпан күлдіріп айтады)
2. Ырыс алды…………………………. (ынтымақ)
3. Бірлік болмай ………………………(тірлік болмас)
4. Ұрлық түбі …………………………(қорлық)
5. Өнер алды …………………………..(қызыл тіл)
6. Туған жердей жер болмас, ………………. (Туған елдей ел болмас)
7. Оқу білім бұлағы, ………………….(білім өмір шырағы)
8. Оқусыз білім жоқ, …………………(білімсіз күнің жоқ)
9. Білекті бірді жығар, ……………….(білімді ммыңды жығар)
10. Ғылым таппай мақтанба, ………………..(орын таппай баптанба)
11. Өнерлі өрге ………..(жүзеді)
12. Еңбек түбі — ……………(береке)
Сайысымыздың соңғы кезеңі «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл жерде сұрақтар қойлады әрбір дұрыс жауап 100 теңгемен есептеледі. Топтар шапшаңдық танытып сұрақтар тез жауап берулері керек.
1. Әліпбиде неше әріп бар? (42)
2. Сәбидің жататын орны? (бесік)
3. Тышқанның үйі? (ін)
4. Ақпаннан кейінгі ай? (наурыз)
5. Бірінші байлық не? (денсаулық)
6. Өмірдегі асыл адам кім? (ана)
7. Сиырдың баласы? (бұзау)
8. Нағашы жұрт кімнің туысы? (ананың)
9. Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдік)
10. Бес саусақты қолғапта неше саусақ бар? (5)
11. Аспанда неше жұлдыз бар? (сансыз)
12. Аптада неше күн бар? (7)
13. Бағдаршамда неше көз бар? (3)
14. Неше жыл мезгілі бар? (4)
15. Таңертең адамдарды ұйқысынан оятып, дауыс шығаратын не? (әтеш)
Қорытынды: жарыс соңында әр топтың жинаған теңгелерін санап жеңіске жеткен топты марапаттаймыз. Сайыс қашанда сайыс. Сайыс болған жерде жеңіс те, жеңілісте болады. Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі сайстарды кездескенше сау болыңыздар!
[bws_related_posts]