Қарағанды обылысы
Қарқаралы ауданы
Ақтерек ауылы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №26 негізгі мектебі
тәлімгері Смагулова Бақытжан Бауыржановна
Салтанатты жиынның тақырыбы: Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Мақсаты: Патриотизмнің негізін қалыптастыру, ҚР-ның Мемлекеттік Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. 5-сынып оқушыларын «Жас Ұлан»балалары мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау.
Жоспар:
1 Салтанатты жиынның ашылуы
2 Жетекші оқушы
3 Құттықтау сөз мектеп директоры Абенова Светлана Құсайыновна
4Тәлімгердің құттықтауы
5 Баянат қабылдау
6 «Жас Ұлан » балаларын мен жасөспірімдер ұйымы қабылдау!
7 Мәнерлеп оқу
8 Салтанатты жиынды жабылуы
Өту барысы:
Сап түзел! Тік тұр! ҚР-ның Мемлекеттік туы енгізілсін!
(барабан соғылады)
ҚР-ның Мемлекеттік Гимні орындалсын!
Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Абенова Светлана Құсайыновна сөз беріледі.
Жетекші оқушы:
Құрметті мектеп тәлімгері Смагулова Бақытжан Бауыржановна құрамында 33 оқушы бар А. Байтұрсынұлы атындағы №26 мектеп негізгі мектеп оқушылары ««Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты жиынға дайын!
Тәлімгер : Баянат қабылданды, еркінсің!
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін
Арман еткен ,қыршын кеткен ағалар
Елдің алды егеменді теңдігін
Армандарды жақындаттым тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егеменді ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш
Құрметті оқушылар 1986жылғы желтоқсанның 16-сы қазақ тарихындағы ұлы күні 1991 жылы Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Еліміздің егеменді мемлекет болды Биыл тәуелсіздігімізге 22 жыл толып отыр. Желтоқсан оқиғасына 27 жыл Егемендігіміз тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын. Олай болса желтоқсан құрбандарына 1 минут үнсіздік жариялаймын.
Салтанатты жиын ашық деп жариялаймын.
Мәнелер оқу Байғожан Нұрболат пен Жақан Жайнасын Матан Айдана
Қазір елім достықтың гүлстаны,
Қуаныштың бақыттың ырыс бағы
Мейрамдарын елімнің бірге тойлап,
Мұнда сан ұлт қосылып ту ұстаған.
Арнап отыр елімнің тәуелсіздігін
Қолға тиді елдің ерік тізгіні
Ұлты үшін жанын берер ұлдары
Жетекші оқушы
Сап түзел! Тік! топ басшылары жиынға дайын екендерін білдіріп баянат беріңіз!
1-3 сыныптар Топтың аты:
Топтың ұраны
Топтың әні: «Достық»
4-сынып: Топтың аты:
Топтың ұраны
Топтың әні «Елім менің»
5-6 сыныптар Топтың аты:
Топтың ұраны
Топтың әні «Көк тудың желбіргені»
7-8 сыныптар Топтың аты:
Топтың ұраны
Топтың әні «Егемен Қазақстан»
9- сынып Топтың аты:
Топтың ұраны
Топтың әні
Баянат қабылданды еркінсің!
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің қабылдау
АНТЫ
Мен,_______________, Республикалық біріңғай «Жас Ұлан»балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным- Қазақстан Республикасының патриоты болуға ;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңғы ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде .
АНТ ЕТЕМІН , АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН.
Ән: Жолтай Ұлпан орындауында «Мой Казакстан»
Ән: Бесбай Аяулым мен Жолтай Ұлпан «Қазақ елі осындай»
Сап түзел! Тік тұр! ҚР-ның Мемлекеттік туы енгізілсін!
(барабан соғылады)
ҚР-ның Мемлекеттік Гимні тыңдалсың!
Тәуелсіздік 22 жылдығына арналған салтанатты жиын жабық деп жариялаймын.