Оңтүстік Қазақстан облысы
Созақ ауданы
Жыныс Ата ауылы
Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі:
АБИШ АҚЕРКЕ
1 жүргізуші:
Армысыңдар, 2050 жылдың болашақ ел басқарар өндіріс иелері, білімді де саналы азаматтары!
Оқушылар хормен: Саламатсыздар ма!
2 жүргізуші:
Ее, Ақылбек дұрыстап түсіндіріп жіберсеңші, балалар түсінбей тұр ғой. Болмады, балалармен өзім дұрыстап амандасайын! Балалар саламатсыңдар ма ! Біз сендерге сонау болашақ өмірлеріңнен , барысқа айналған өркениетті Қазақстаннан сендерге қонаққа келдік. Байқаймын біз нағыз керемет тойдың үстінен түстік –ау деймін.
1 жүргізуші:
Ия, Ақылай! Міне тамаша! Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар деп Ыбырай бабамыз айтқандай, біздің жолымыз болғалы тұрған секілді.
2 жүргізуші:
Ту осы сенің Ақылбек асығыстығың-ай, балаларға түсініктірек етіп айтсаңшы.
1 жүргізуші:
Балалар біз сендерге сонау 2050 жылдан қонаққа келдік. Біздің келу мақсатымыз, мың рет естігінше, бір рет көзбен көр деген, біз 2050 жылдың ел басқарар өндіріс иелері, түрлі сала майталмандарының , суретшілеріміздің, күміс көмей әншілеріміздің, мың бұралған бишілеріміздің және батырларымыздың балалық шағымен танысқалы келдік.
2 жүргізуші:
Балалар біздің қуанышымызда шек жоқ. Біз өзімізді толғандырған сұрақтар мен ойларымызға бүгінгі мына сендердің тойлағалы отырған ертеңгіліктеріңнен жауап таба аламыз деген ойдамыз.
1 жүргізуші:
Балалар және құрметті ұстаз мына болғалы отырған ертеңгіліктеріңізді , яғни бүгінгі тойларыңызды жүргізуге рұқсат етесіздер ме?!
Ұстаз, балалар рұқсат береді.
2 жүргізуші:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда, адасқанда
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда,-деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солды танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйреткен – бұл, қолдарына алғаш рет ұстап, бетін ашып оқыған кітаптары «Әліппе» екені бәрімізге мәлім.
1 жүргізуші:
Әліппе кітабы білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше, Бүлдіршіндеріміздің және ата-аналарымыздың ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, құтты Әліппе» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.
2 жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған шығар баршаңызда
Қол соғып қошеметтеп қояйықшы
1 «ә» сынып бүлдіршіндері ортамызда.
1 жүргізуші — Армысыздар құрметті қонақтар!
2 жүргізуші— Қымбатты ұстаздар мен ата-аналар!
1 жүргізуші – Өнер мен ғылымның, тәрбие мен білімнің ордасына айналған
2 жүргізуші – Жалпы білім беретін С.Әліұлы атындағы орта мектепке
Бірге: – қош келдіңіздер!
1 жүргізуші:
Армысыздар мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
2 жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
1жүргізуші:
Ал балалар мен ата-аналар, ұстаздар бүгінгі Әліппе тойы тағыда құтты болсын!
2 жүргізуші:
Әлдиден кейін, Әліппе бетін аштың сен,
Бей күнәсің сен, бүлдіршінсің сен, жассың сен
Әлдиден кейін анаңа ұқсап «Әліппе»,
Дүние бетін жөнелдім дейсің танып сен.
1 жүргізуші:
Өзгеріп жатыр бүгін дала,қырың
Құп алып, ағалардың даналығын
Бет алып бара жатыр болашаққа
Аяулы жеті жасар балалығың
2 жүргізуші:
Бүгін біраз ойнайық
Сөздер сырын айтайық
Ал сонымен әріптер
Шежіресін бастайық.
Біздің білім алатын ордамыз мектеп. Мектеп екінші үйіміз.Оқумен қоса ән би үйренеміз. Қанекей олай болса,мектеп сөзіне арналған тақпақтар білсеңдер соны айтайық!
1 жүргізуші:
Мектепте үйрендің сен нені?
Көп пе оның сендерге бергені.
1 оқушы:
Мектепте бәріміз білім аламыз,
Жан-жақты дамып өседі санамыз.
Сіз секілді ағылшын тілін меңгереміз
Мектепке домбыра қағуды үйренеміз
2 оқушы:
Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енеміз
Ән сабағына қатысып ән айтамыз
Интерактивті тақтада жаңалықпен қайтамыз,
Спорттың неше түрімен шынығамыз,
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығамыз.
3 оқушы:
1-қыркүйек білімнің күні
Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні
Мектебім мінекей, ақ ордам тым асқақ
Ұстазым, достарым тұр мінекей қол бұлғап.
4 оқушы:
М
Мүсінші болар Мүсілім
Маралдың жасап мүсінін
Мұражайға мектептің
Мұны тарту етпекші.
5 оқушы:
Е
Есенкелді есті екен
Ерке Ерланға ермеді
Ерте тұрып есік пен
Еден сырлап ерледі.
6 оқушы:
К
Келер көктем көңілді
Көкпен бояп өңірді
Көкжиектен кешкісін
Кемпірқосақ көрінді.
7 оқушы:
Т
Түлкі,түлкі ,түлкі де
Түк айласыз бұл күні
Түгелісіп қулығы
Түгел жұртқа күлкілі.
8 оқушы:
Е
Есейіп құттай балғындар
Елге қызымет жасады
Ертең сенің алдыңнан
Есігін мектеп ашады.
9 оқушы:
П
Перде менен пернені
Панар білмей шатасты
Перде терезе жапқышқой
Перне неге қатысты.
ән: «Мектебім»
2 жүргізуші:
Жарадыңдар балалар, рахмет! Осы мектепке алғаш келгеніңде қолыңа алғаш ұстаған оқулықтың аты не?
Хормен: Әліппе,
1 жүргізуші:
Қане, олай болса, Әліппе достарыңды ортаға шақырып оған арнаған өлең ,жырларыңды ортаға салыңдар !
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе ортаға шығады.
ӘЛІППЕ:
Армысыңдар жас достар, армысыңдар ата-ана
Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың басталады сендерден
Таудай болса талабың, айтары көп әріптің
Қуанышы баланың, қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік, не үйреніп не білдік
Қане ортаға салайық!
10 оқушы:
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым
Үреніп, әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
11 оқушы:
Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың
Әр әріпті қостырып , сөзін құрап,
Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың
12 оқушы:
Бар әріпті үйреткен –
Міне менің Әліппем
Жақсы оқимын сабақты
Әріптерді танып мен
13 оқушы:
Әліппем, менің Әліппем! Сені қолға алып мен
Есігін ашып білімнің, ертеңгі сәуле жарықпен
Әліппем, менің Әліппем! Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Хормен: ӨЗІҢЕ КӨП-КӨП РАХМЕТ!
ән : «Әліппе»
2 жүргізуші:
Сенің нұрың сөнбесін
Ашық аспан, жарық күн
Келешегі сөйлесін қазақ деген халықтың
Тілі балдай баланың, талабына жарық бер!
1 жүргізуші:
Үйретіп мұғалім алғаш Әліппені
Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ой-арманы,мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
2 жүргізуші:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған егінші де, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі, бәрі ұстаздан білім алған, сондықтан да ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Барлығы бас иеді.
1 жүргізуші:
Қане балалар, олай болса осы Әліппені сендерге таныстырған ұстаздарыңа арнаған ән-жырларыңды көрсетіңдер!
14 оқушы:
Ғұлама , білігш ғалымнан , оқушы жас жалыннан
Аса ірі ойшылдан, президент, ақын, ғарышкер , ұлы батырдан
өнері тасқан актерден, ырыс қуған шахтерден
мың бұралған бишіден, ой тербеткен күйшіден
оқыған жас-кәріден , оқушының бәрінен
хормен: ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС!
ән: Ұстазым
15 оқушы:
Хан бол , мейлі қара бол
Дарын бол, мейлің дара бол
Өтетін бәрі алдыңнан
Ұстаздар бейне сара жол
16 оқушы:
Ұстаздар-ұлттың тілегі
Ұстаздар –мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тілегі
17 оқушы:
Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты
Білімдік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан
Сүйеді сондықтанда жақын, жаты
ХОРМЕН:
Жаса ұстаз қарышта,қарышта
Жетсін даңқың алысқа,алысқа
Мұғалім деп жырлаймыз
Барсақтағы Марсқа
2 жүргізуші:
Жамандықтан сақтандырған
Жақсы істі мақтан қылған
Білім берген ұстаздарды
Билерімен шаттандырған.
Бишілерді ортаға шақырамын
Би билейді ӘЛІППЕ
1 жүргізуші:
Қане келе қойыңдар
Мұнда қызық ойын бар
Әріптермен танысу
Деген қызық ойын бар.
2 жүргізуші:
Қане, қайда әріптер?
Бәрін бері алып кел
Айтып шықсын түр-түсін
Ал жыбырды тастайық
Аузымызды ашпайық
Тұрған мына қасқайып
Басты әріптен бастайық
1 жүргізуші:
Әріптердің тойында
Әркім құмар ойынға
Әріптер сыр ашады
Әсем биге басады. Би билейді
18 оқушы:
Әліппе менен басталады
Болған соң өзім бас әріп
Мереке, дулы жиында
Жүремін әр кез басқарып
Адам А-дан басталады
Ата-ана қостар оны
А арқылы жазасыңдар
Алматы, Астананы
19 оқушы:
Еске аласыңдар әліппені
Табасыңдар танып мені
Әже, әке, әлемді де
Бастайды ә әріптері
20 оқушы:
Исатайдай
батыр болам
Иса атамдай ақын болам
Игі іске батыл болам
Игілікке жақын болам
1 оқушы:
Фототілші Фархатты
Фарида келіп қуантты
Фантан суы жанында
Футбол ойнап тарасты
2 оқушы:
Табанымды ұштаған
Талантыңды қыспаған
Тұлпар сынды тарланмын
Үш тармақты үш таған
3 оқушы:
Ізбасар болар Ініміз
Ісіне мығым біліңіз
Ізгілікпен көгереміз
Ілтипатпен оңалармыз
4 оқушы:
Партамызда отырдық
Парақтап кітап оқыдық
Пысықталды олқылық
Пейілденіп , толқыдық
5 оқушы:
Науат жейсің несіне
Нан ғой ұлы несібе
Нар сыйладық сол үшін
Наубайхана иесіне
6 оқушы:
Отан деген-атамекен
Отан деген-туған жер
Отан-ана
Отан-үлкен
Қазақстан туған ел
7 оқушы:
«Үйрек» десе – бірінші
«Бүйрек» десе- екінші
Бұл « Ү» әріп екенін
Біреу айтып берсінші
8 оқушы:
Қағаз, қалам, қарындаш
Құрбы,құрдас,қарындас
Қ әрпінен басталар
Деп жазсаң да қара қас
9 оқушы:
Ынта менен ырыстың
Алдынан қашан ығыстың
Ызғарды да ыстықты
Мен бастауға тырыстым
10 оқушы:
Махамбеттей ерім бар
Мағжан сүйетін елім бар
Мұғалім жырлаған
Мақтан етер жерім бар
11 оқушы:
Өнеге мен өнерді
Өсімдік пен өркенді
Менен бастап жазасың Өрнекпенен өлеңді
12 оқушы:
Рахат,рахым, рахмет
Сұрасаң менің жұратым
Әріппін ерке балаға
Қиындау тиіп тұратын
13 оқушы:
Ғалым менің есімім
Ғалым қойған ата-анам
Ғылым қусам ертеңнен
Ғажап бала атанам
14 оқушы:
Білсең де И мен жай У-ды
Жаза алмас едің аюды
Ою, тою, қоюға
Ұмытпа Ю-ды қоюды
15 оқушы:
Шананың да, шардың да
Мен тұрамын алдында
Менен ғана басталар
Шұғыла да, шалғын да
16 оқушы:
Гүлдерді жинап өткендей,
Иіледі желменен
«Г» әрпі қаптап кеткендей,
Гүлжазира бел деген
17 оқушы:
Яссы атты шаһардан
Түркістан бүгін аталды
Басталмай сөйтіп сөз менен
Соңына қалдым қатардың
2 жүргізуші:
Әл әріптер рахмет. Ал енді осы әріптердің құрметіне ән тыңдайық
Ән:
1 жүргізуші:
Балалар , жарайсыңдар сендер әріптердің сырларына қанық болыпсыңдар! Бар әріптермен дос болыпсыңдар. Жарайсыңдар !
18 оқушы:
Білімімізді сараптап
Өнерімізді көрдіңіз
Әліппені аяқтап
Хат таныдық енді біз
19 оқушы:
Ширап іспен сөзіміз
Өсті осылай өреміз
Әжемізге өзіміз
Ертегі оқып береміз
20 оқушы:
Жазуды да жазамыз
Суретті де саламыз
Нұрға толы санамыз
Біз өнерлі баламыз
1 оқушы:
Осылай алға аттадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым
2 жүргізуші:
Ал енді балалар осы «Әліппені» ерінбей, жалықпай, жанымызға отырып үйреткен жандарға жыр жолдарын арнайық!
2 оқушы:
Асыл әкем, ақылгөйде асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріңе арналмақ
Біз айтатын келесі бір асқақ ән.
Ән : әке туралы
3 оқушы:
Шаршамай өсірген
Қатемді кешірген
Қадірлі ата-анам
Мен сенің көшірмең
4 оқушы:
Атыңды ататам
Бар жақсы ісіммен
Ардақты ата-анам
Жігерің, күшің- мен
5 оқушы:
Бақыт не?-деп сұрасаңыз атадан
Бақыт не?-деп сұрасаңыз анадан
Бақыт деген сол дер еді ойланбай
Еш жамандық көрмеу туған баладан
6 оқушы:
Жаратқаннан баласына нұр тілеп
Ата-ананың барлығында бір тілек
Жақсы бала – ата-анасы мың жасап
Жаман бала – ата-анасы жүр жүдеп
Ән: ана туралы
1 жүргізуші:
Жарадыңдар балалар! Қазақ халқы ежелден балаларын тазалыққа, кішіпейілділікке, инабаттылыққа тәрбиелеген емес пе? Ендеше балалар, қане қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
7 оқушы:
Төбеге қолды қоймайды
Тарығудың түрі деп
Жас ботаны соймайды
Нардың жолы ірі деп
8 оқушы:
Телміре қарап тесілмейді
Көзімнің сұғы тиеді деп
Кісіге қарап көсілмейді
Мыңның бірі киелі деп
9 оқушы:
Тізгінді тұйық тартпайды
Тұйыққа жолым тірелер деп
Жер бауырлап жатпайды
«Іс болар-ау күңіренер» деп
10 оқушы:
Ақты әсте төкпейді
Итаяқты теппейді
Асыранды күшікті
Жұртқа тастап кетпейді
11 оқушы:
Өскен көкті жұлмайды
Көктей ұрыласың- деп
Малды басқа теппейді
Киесіне жолығасың-деп
12 оқушы:
Сөз өнерін тыңдасаң
Бекіте сөйле бос айтпа
Көпіре сөйлеп кісіге
Саусағыңды шошайтпа
2 жүргізуші:
Балалар жарадыңдар, бұл сыннанда мүдірмей өттіңдер! О балалар мына жаққа қараңдар, сендерге біз секілді Ана тілі мен Қазақ тілі қонаққа келіпті. Қане қарсы алайық!
АНА ТІЛІ
Саламатсыңдар ма, балалар! Туған елдің тілімін!
Ақылы мен таңымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін!
Ана тілі ұраным
Ана тілі құралым
Ана тілі болмаса
Мықты болмас тұрағың
Ана тілі елдігім
Ана тілі ерлігім
Ана тілі болмаса
Бүтінделмес кемдігім
Ал балалар енді бұдан быылай мені оқып, менен білім алатын боласыңдар! Мені оқи отырып, өнегелі тәрбие алатындарыңа мен сенемін. Өз ана тілдеріңді , мына қазақ тілін құрметтеңдер!
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Мен қазақ тілімін
Халқымның үнімін
Біз бірге енді біргеміз
Жолында білімнің
Сендер мені де оқи отырып, саналылыққа,сауаттылыққа үйренер деген сенімім мол.жақсы оқыңдар, көзі мен көкірегі ояу саналы да, сауатты, жан-жақты дамыған азамат болыңдар, балалар!
1 жүргізуші:
О ардақты Ана тіті мен қасиетті қазақ тілім! Міне балдардың қандай екенін өздеріңізде көрдіңіздер! Бұлар өте саналы да, сауатты екен. Мен сіздердің алдарыңызда осы балалардан тағы да бір жайға көз жеткізгім келіп тұрғаны.бұлардың сандармен қандай дос екенін білгім келіп тұрғаны!
2 жүргізуші:
Қане балалар онда кезек сендерде!
13 оқушы:
Өзім жеке дарамын
Таудай биік талабым
Ауылына сандардың
Көшті бастап барамын
14 оқушы:
Аққудай жұп жазбаймыз
Қатар ұшқан қаздаймыз
Бірге туған егіздей
Жұбымызды жазбаймыз
Жұртта бөліп жатпайды
Екі дос деп мақтайды
15 оқушы:
«үш бар жерде күш бар» деп
«үш» алуға құштар көп
Дұрыс емес ол да аса
Жақсы оқушы болмаса
16 оқушы:
Төрт орындық аяғы
Төрт құбыла баяғы
Түн ұйқысын төрт бөлген
Анам құшақ жаяды
Тқр түлік ел ырысы
Төртеу үйдің бұрышы
Төрт аяғын тең басқан
Төрт амал ғой дұрысы
17 оқушы:
Бес саусағым қолдағы
Бес жұлдыздың тармағы
Бес асыл зат:қанағат.талап
Рахым,терең ой
Еңбек –елдің арманы
18 оқушы:
Ағайынды 6 ұлмыз
Сақтап ата салтын біз
Мәңгі бақи ұстаймыз
Татулықтың қалпын біз
Алтау ала болмайды
Бірін-бірі қолдайды
19 оқушы:
Жеті бірдей еренбіз
Жеті шумақ өлеңбіз
Жеті түрлі бояумыз
Жеті түрлі әуенбіз
Мейлі бізді мақтама
Бірақ бекер даттама
Көкте жеті қарақшы
Жеті күн бар аптада
20 оқушы:
Сегіз өрім қамшымыз
Қиянатқа қарсымыз
Сегіз қырлы бір сырлы
Жақсы іске жаршымыз
1 оқушы:
Тоғыз сауыт киініп
Досқа тоғыз иіліп
Біз шыққанда сапарға
Ел қарайды сүйініп
Тоғыз жолдың торабы
Тоғысқандай болады
Тоғыз ерді көргенде
Ел көңілі толады
2 оқуушы:
Қолдасқанда онымыз
Бір адамның қолымыз
Қатар тұрсақ онымыз
Кетер кеңіп жолымыз
Жұмыс істеп тынбаймыз
Күш жігерді шыңдаймыз
1 жүргізуші:
Бәрекелде! Айтарға сөзім жоқ жарайсыңдар! Ал балалар мына тұрған Әліппеде сендердің өнерлеріңе өте риза болды.
ӘЛІППЕ
Ия. Рахмет балалар, өте риза болдым сендерге. Талаптарың таудай, қанаттарың талмай, осы білімнің шыңына шығуларыңа мен шын жүректен тілектеспін! Ал уақытта болып қалыпты ,сендермен қоштасқалы тұрмын!
Жеміске құты тола ма,бір-бірлеп теріп алмасаң
Әп сәтте шыға қоярма, еккен дәнің ойласаң
Білім де сондай шырағым, біртіндеп сіңір бойыңа
Ұғып ал білім боларын,шамшырағың жолыңда
Ал сау болыңдар балалар!
ХОР: бізге білім салып берген, қош-қош енді ӘЛІППЕ
2 жүргізуші:
Қ ош-қош құтты әліппе
Көп нәрсені үйреттің,
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің қош сау болыңыз әліппе!
Әліппе кетеді
1 жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа оқулық аласың
Ата-ана! Қуанышқа ортақ бол!
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
2 жүргізуші:
Қазақ жұрты киелі
Өнерліні сүйеді
Тойы тойға ұлассын!
Салған әні қыр ассын! Ендігі кезекті ән мен биге берелік!
КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА КЕТЕДІ.
1жүргізуші:
Сонымен 1 «ә» сынып оқушыларының концерттік бағдарламаларын тамашалаңыздар!
2 жүргізуші:
Ал ұстаз лебізін тыңдайық!
1 жүргізуші:
Ал ұстаз ата-аналарды тыңдайық! Ата-аналарға сөз беремін!
1 жүргізуші:
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар
Балалардың есімдері әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтанда ертеңгілік басында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар
2 жүргізуші.
Алайық келер сәтті ойға түйіп
Қалар бір шапағаты көпке тиіп
Қол жайып періштенің пейіліне
Бәріміз бір ауыздан « Әумин» дейік
1 жүргізуші: ал біздің де уақытымыз таяп қалыпты, ау халайық 2050 жылда кездескенше қош сау саламатта болайық!
[bws_related_posts]