Қызылорда облысы.Қармақшы ауданы
№5 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Тұрсынай Өмірәлиева
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Экология негіздері
Кіріктірілген оқу іс-әрекет: Көркем әдебиет,Қарапайым математика,Ән-әуез.
Тақырыбы: Табиғатты қорғау – тазалықты сақтау.
Мақсаты: Табиғат туралы мағлұматтар беру,ой-өрістерін дамыту.Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру ,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып,қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу
Көрнекілік: интерактивті тақта, орман,ормандағы үйшік,ертегі кейіпкерлері,Қазақстан картасы, табиғат суреттері
Әдіс-тәсіл: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.
-
әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялыққозғаушы Ұйымдастырушы ізденушілік
Рефлексивті
коррекциялаушы
Арайлап таң аттыАлтын сәуле тараттыЖайнай түссін даламызЖайнай түссін қаламыз Қайырлы таң,балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінің қандай айлары бар?
Қазір күздің қай айы?
Таңертең оянғанда ең бірінші нені көреміз?
Күн бізге не береді?
Балалар бізді қоршаған орта –табиғат деп аталады. Табиғат екіге бөлінеді .
1.Тірі табиғат
2.Өлі табиғат.
Қане балалар барлығымыз интерактивті тақтаға қарайық
Балалар табиғатты қорғау керек.Табиғатты қорғау дегеніміз- ол тазалықты сақтау. Ауаны ластамау,қағаз,қалдықтарды жерге тастамау,суға лас, улы заттарды төкпеу керек. Ортаға 2 бала шығады.
Уланса ауа-
Уланамыз бәріміз
Уланса су-
Уланатын тағы біз
Уланса жер-
Уланады өсімдік
Уланса мал-
У тарайды бізге де
Улы затпен күреспейміз бізге де.
Есік қағылып ішке қонаққа әжей келеді.
Амансыңдарма балалар!Мен тазалықшы әжеймін .Қазір күз мезгілінде барлық жерде тазалық айы жүріп жатыр. Осы маңнан өтіп бара жатыр едім ,балабақшадағы балалардың дауысын естіп бұрылдым.Сендер білімпаз балалар екенсіңдер риза болып отырмын. Енді мен сендерге «Үйшік» деген ертегіні айтып берейін.
Ерте,ерте, ертеде бір орманда сұр тышқан өмір сүріпті. Жылдың күз мезгілі болатын. Ағаштағы жапырақтар сарғайып, орманның іші неше түрлі әдемі түске енеді.Күннің қызуы кетіп, аз жылытады. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр жауа бастады. Жаз бойы сайран салып жүрген сұр тышқан дедектеп үйшік іздеуде .Жүгіріп жүріп бір үйшікке кез болады.
Тышқан: Ой,неткен керемет үйшік!
Тық-тық етіп есігін қағады. Ешкім үндемейді.
Тышқан: Алақай, алақай мен өзіме үйшік тауып алдым. Бұл енді менің үйім болады -деп қатты қуанады.
Әжей: Үйшіктің ішін шаң басып қалған екен.Ішін тазартып, дұрыстау қажет.
Тышқан: Жоқ маған осы үйшікте болады мен жұмыс істегенді жақтырмаймын. Мен одан да өлең айтып, би билеймін .
Бақа: Бақ-бақ . Қандай керемет үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады екен?
Тышқан: Бұл үйшікте мен сұр тышқан тұрамын.
Бақа: Үйшігіңе кіргізесіңбе?
Тышқан: Әрине, кел екеуміз дос болайық ,ән салып, би билейміз. Достым сенің қарның ашты ма? Менің дорбамда жинаған дәндерім бар. Осы азықпен тамақтанып алайық.
Бақа: Рахмет, саған достым.Ал енді екеуміз ән салып ,сайран салайықшы.
Әжей: Достар, сендер қайда барасыңдар мына қалған қалдықтарды кім жинайды?
Тышқан: Жоқ бұл жерге енді қайтып келмейміз.Қазір басқа үйшік тауып аламыз.
Әжей: Достар сендердің бұларың жарамайды.Шашқан қоқыстарыңды жинап ,тазалап кетулерің керек.
Бір бұтаның арасынан екі құлақты қоян көрінеді.
Қоян: Сәлем, достар.Бұл мен ақ қоянмын. Сендермен бірге осы үйшікте тұрсам бола ма?
Тышқан: кел,достым үшеуміз дос болайық.
Мысық: Мяу-мяу- мияу. Сәлем достар! Мен тазалықшы мысықпын. Мен де сендермен мына әдемі үйде тұрсам бола ма?
Қоян: Қане достар барлығымыз бірігіп шашқан жерімізді жинап тазалайық.Ал сен тазалықшы мысық бізбен бірге тұрып әрдайым тазалықты бақылайсың.
Хормен: Біз тазалықты ,еңбекті сүйеміз!
Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Сұртышқан,бақаның істері дұрыс па?
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.
Ал енді кім қандай тақпақтар біледі?
Барлығымыз табиғатты сүйеміз
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз
Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз
Бейбіт өмір баршаңызға тілейміз
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейікші жараса
Жер шары дәу әлем
Қоршаулы ауамен
Ауасыз кім шыдар
Ауасыз тұншығар
Сүйейік табиғатты аялайық
Бізде одан жақсылықты аямайық
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша дем алайық
Компютер арқылы математикалық сұрақтар қою.
Ойын: «Туған жерді гүлдендір!»
Шарты:Балалар өздерінің суреті салынған гүлді ғажайып сөздерді айта отырып Қазақстан картасына жапсыру керек.
Сұрақтар арқылы балалардың алған білімдерін тиянақтау.
«Зеңгір көктем» әнімен қорытынды жасау.
Келген қонақтармен қоштасу.
Күндей жадырапАйдай арайлапЖұлдыздай жарқырапСудай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі күнімізді бастаймыз!
Балалардың жауаптары тыңдалады
Нұрай мен Әли шығады
Хормен
Әжеймен амандасады
Ертегіні тышқан-Нұрила, бақа-Аружан,қоян-Назерке, мысық-Батыржан сахналады.
Ұнады
Жоқ олар тазалық сақтамады.
Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен орындады.
Ақбота
Айдос
Динара
Арай
Сұраққа жауап берді
Табиғатты аялаймыз!
Құстарды қорғаймыз!
Гүлдерді жұлмаймыз!
Гүлденсін қаламыз!
Гүлденсін даламыз!
Аспанымыз ашық болсын!
Айналаны ластамайық! Т.б
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Тазалық сақтауды ,еліне деген сүйіспеншілікті.
Түсінуі керек:Табиғатты қорғауды ,адам мен табиғат арасындағы байланысты
Меңгеруі керек: Сұраққа толық жауап беруді,ойынды ойнауды,ертегі кейіпкерлеріне енуді.