Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Күршім ауылы
Н.Островский атындығы №4 Күршім орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кульбаева Замира Каиргаликызы
Сабақтың тақырыбы: «Гүлдер» Т. Молдағалиев
Сабақтың мақсаты: «Гүлдер» өлеңімен таныса отырып,мазмұнының негізгі идеясын ашу.Тұманбай Молдағалиев жайында мағұлмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі,сұлулығы,қажеттілігін түсіндіру.
2.Шығармашылықпен жұмыс істей отырып,оқушылардың ой -өрісін дүние танымын кеңейту,тіл байлығын арттырып,сөздік қорын молайту.
3. Елін,жерін сүюге тәрбиелеп,табиғаттың қажеттігін сезіну. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекі құралдар: Т.Молдағалиев суреті,қанатты сөздер,үлестірмелі карточкалар ,кубик,магнитофон,диафильм.
Стратегиялар: Ой қозғау,топтастыру,кубизм,екі түрлі түсіндірме,бағалау,
бақылау, портфель.
Сабақтың өту барысы.
I. Қызығушылықты ояту сатысы.
Ой қозғау.
Табиғат сөзін естігенде кімге,қандай нәрселер елестеді?
Жеке ,жұпта ,топта пікірлеседі.Ортақ пікірді лидер шығып ортада қорғайды.
Ой ашар. Құстар қайтып барады әнін тыңдау.қимыл іс-әрекеттерін жасату.
2. Мағынаны тану сатысы.
Өлеңі — ақыл, сөзі — ән
Тұманбай біздің ағамыз.
Бүгін біз Тұманбай ағамыздың «Гүлдер» атты өлеңімен танысамыз.
Өлеңді жазатын адамды кім дейміз? Ендеше, алдарыңдағы қағазға Тұманбай ақын туралы білгеніңді қағаз бетіне тізіп жазайық
Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын,Қазақстанның Халық жазушысы. 20.03.35ж Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” ауылында дүниеге келді. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959-1970 жылдар аралығында“Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды.1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атқарды.Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам
жинақ болып басылып шықты.
Оқулықпен жұмыс
«Гүлдер» өлеңін мәнерлеп оқу.
Табиғат көрнісі бейнеленген бейне фильмді тамшалай отырып,мәнерлеп оқыту.
Балалар енді өлеңнен не түсіндік соны байқайық. Ол үшін әрқайсымыз
- алдымызда жатқан қағазды екіге бөлеміз.
Өлеңге қатысты сөздерді жаз | Өлеңде гүлге қатысты емес сөздерді жаз. |
Қызыл,көк,тербеледі, жайқаладыөседі,сыйлайды | Өрт,отсәби
|
Ой ашар
Кең жазық далада,
Өседі гүлдер құлпырып.
Гуілдеген желменен
Тербеледі оңға,
Тербеледі солға
Жайқалған гүлдерді
Аялап отырдық.
Қимыл іс-әрекет арқылы оқушыларға орындату.
Ой толғаныс
Кубизм стратегиясын пайдалана отырып, сабақты бекіту.
1-ші Ақын өлеңінде не туралы жырланған? /гүл/ Гүлді суретеп бер.
2-ші Гүлдердің адамдарға тигізер пайдасын дәлелде.
3-ші От пен гүлді салыстыр.
4-ші гүлге қарсы шық.
Сабақта Тұманбай Молдағалиев ағамыздың «Шақырады көктем» әнін сыныптағы жас әнші Байшолақва Әселдің орындауында тыңдату.
Бағалау.
Үйге тапсырма.Өлең мазмұнына сай эссе жазып келу.
[bws_related_posts]