Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Күршім ауылы
Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Мухамадиева Ляйля Турспековна
Сабақтың тақырыбы: Санға 4-ті қосу,азайтуды қайталау.
Мақсаты:
Білімділігі:+4 және -4 жағдайын пысықтау арқылы оқушылардың білімін,біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту.
Дамытушылық:Оқушылардың ақыл-ойын,ой-өрісін дамыту. Ауызша есептей алу дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын,белсенділігін арттыру .Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулу.
Тәрбиелігі:Өз бетімен жұмыс жасай отырып,өзінің де,өзгенің де еңбегін қадірлей білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:карточка,слайд
Түрі:аралас сабақ
Әдісі:ойландыру,баяндау
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.
II. Дәптермен жұмыс:дәптерлерін ашып күн атын жазу
1.Көркем жазу:4 цифрын әдемі етіп толтырып жазады.
2.Математикалық диктант:жауаптарын үтірмен ажыратып жазады.
8 бен 4-тің қосындысының мәні;
13 пен 4-тің айырмасының мәні;6 мен 4-тің қосындысының мәні;
11 мен 4-тің айырмасының мәні; 7 мен 4-тің қосындысының мәні;
9 мен 4-тің қосындысының мәні;
III.Жұппен жұмыс:
Теңдеуді шешуге берілген тапсырманы 7 жұпқа таратып беру.
4+х=11 12-х=4 х-4=7 х-4=8 11-х=4 4+х=12 4+х=13
IV.Сергіту сәті:
V. Оқулықпен жұмыс:
Есептерді шығар,салыстыр.
Жүк-9м ? м. Жүк-9м.
Жеңіл-4м Жеңіл-4 м.
9+4=13(м) Жөнделді-3м.
Жауабы:барлығы 13 машинаҚалды-?м.
(9+4)-3=10 (м)
Жауабы:10 машина қалды.
VI. Топпен жұмыс:
3 топ теңдіктер құрады.Берілген сандардан қажетінше бірнеше теңдік қосу,азайту амалдарын пайдалану арқылы құрады.
1 топ:8, 10, 11, 5,18 2 топ: 10, 3,12,2,15; 3 топ:14,10,9,7,4;
10+8=18 18-8=10
8+10=18 18-10=8 т.с.с. (слайдтан тексеріледі)
VII. Өз бетімен жұмыс:
Өрнектер құр.
А+4 а=50,53,9; 50+4=54 53+4=57 9+4=13
Қатар отырған оқушы лар өзара тексереді.
VIII. Шығармашылық тапсырма:
1-ден 99-ға дейін санағанда 5 цифры неше рет аталады?
ІХ. Қорыту:
Ойын: «Жауапты анықта» Дұрыс жауапты бағытпен көрсетіп бер.(слайдтан көрсету)
17,15,13 14,12,13. 10,11,12. 13,11,12. 10,11,12. 11,12,13.
9+4 8+4 7+4 9+3 8+3 9+2
Х. Бағалау:
ХІ.Үйге тапсырма беру: