Басы » Бастауыш сыныптар » Бостандық таңы аттыбет 257

Бостандық таңы атты

Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Күршім ауылы
Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Мухамадиева Ляйля Турспековна
Сабақтың тақырыбы: Бостандық таңы атты.
Мақсаты: Шәкәрім өлеңінің мазмұнын ашу.Өлеңге талдау жұмыстарын жүргізе отырып,автордың негізгі ойын табу.
Ойлау қабілеттерін,мәнерлеп оқу дағдыларын,сөздік қорларын дамыту.
Жаман әдеттен аулақ болуға,жақсы қасиеттерді бойларына жинай білуге,адамгершілік қасиеттеріне,шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі:топпен жұмыс.
Көрнекілік: слайд,тапсырмалар жазылған карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабақты тиянақтау.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
Әнұранның авторы кім?
Әнұран қайда және қалай орындалады?Салтанатты жиында еліміздің Әнұраны тыңдалады.
Әнұран нені дәріптейді?Мемлекеттік Әнұран бостандықты,бейбіт өмірді,татулық пен достықты,бірлікті дәріптейді.
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Балалар,Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Тәуелсіздігімізді қашан алдық?
Кіріспе әңгіме.
-Біздің ата-бабаларымыз тәуелсіздікті бұрыннан аңсаған.Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке де қол жеткіздік.Еркін де,ерікті ел болдық.Тәуелсіздікті армандаған ата-бабаларымыздың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Халықты езгіден құтқару мен қараңғылық қапасынан алып шығуды,бақытқа қолын жеткізуді армандай отырып,ол сол заманға апаратын бірден-бір жол тек қана оқу мен білім алу,ғылым үйрену деп білді.Оның бү
кіл өмір бойы аңсап келген арманы орындалды,бостандықтың таңы атты,халқын жарыққа шығарар сара жол ашылды.
Ш.Құдайбердіұлының өмірбаяны туралы біліп келуге алдын-ала тапсырма берілді.
Сұрақтар: Ш.Құдайбердіұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
Өлеңдері туралы не білдіңдер?
Өмірден не үшін өтті?
-Ендеше,балалар,бүгін біз Ш.Құдайбердіұлының «Бостандық таңы атты»өлеңімен танысамыз.Бұл өлеңді ақын өз заманында      жылға дейінгі аралықта айналасындағы жаңалықтар мен игі өзгерістерді қуана жырға қосады.Баспасөз беттерінде осы рухтағы көптеген шығармаларын жариялайды.
-Бұл өлеңді бүгін сабақта топқа бөлініп талдаймыз.Бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
Бірінші топ-бірінші шумақты,екінші топ-екінші шумақты,үшінші топ-үшінші шумақты,төртінші топ-төртінші шумақты түсініп оқиды.Оқып болғаннан кейін түсінгендерін әңгімелейді.
IV. Сергіту сәті.
V. Топпен жұмыс.

  • Әр топқа тапсырма беріледі.-Өлеңдегі жақсы-жаман әдеттерді екі бағанға бөліп жаз.

Екінші топ-Топтастыру.-Ақын өлеңде нелерден аулақ бол дейді?

 

  Арамдық

 

өсек жалқау

 

өтірік екіршек

 

      араз

-Үшінші топ:Бостандық таңы атты дегенді қалай түсінесіңдер?

-Төртінші топ:-Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болу керек дейді?

Топтастыру.Слайдтан тақтада шығып тұрады.

-Балалар,осы біз оқып жатқан өлең мазмұны жағынан біз оқып кеткен қай ақынның өлеңіне ұқсас келеді.Абайдың «Адам болам десеңіз»деген өлеңімен мазмұны жағынан ұштастырылады.Осы өлеңді оқушыларға жатқа айтқызу.

-Ендеше осы өлеңдегі жақсы,жаман қасиеттерді атайық.Слайд.Бес асыл іс,бес дұшпан.

 

       Еңбек      еріншек

 талап өтірік

қанағат   өсек

 

Рақым мал шашпақ

                               Терең ой мақтаншақ

 

-Олай болса осы екі өлеңдегі әдеттерді салыстырайық.Жақсы әдеттер екеуінде де қай сөздер?(талап,еңбек)Екі өлеңдегі де ортақ жаман әдеттер:өсек,өтірік,еріншек.

Сергіту сәті.(музыка ырғағымен)

Интерактивті тақтада өлең жазылып тұрады.Бірінші,екінші топқа тапсырма.Өлеңнің астында күннің суреттері тұр.Әр күннің түсіне мән бер.Біреуі сары күн,екіншісі күңгірт бояумен салынған күн бейнесі.Өлеңдегі қызыл түспен ерекшеленіп тұрған сөздерді қай түспен боялған күнге жазар едің?Көкшіл түспен ерекшеленіп тұрған сөздерді қай түспен боялған күнге жазар едің?Оқушылар өздері дәптерлеріне орындайды.Слайдтан тексеріледі.

Үшінші,төртінші топқа тапсырма.-Эссе жазу.

 

Өлеңнен алған әсеріңді әңгімеле. «Менің алған әсерім»

Қорытынды.

-Балалар,Қазақстан Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты.Сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланысыңдар,өз жерлеріңді ,өз еліңді ата-бабамыз сияқты қадірлеуге, сүюге,қорғауға тиіссіңдер,бұны әрқашан естен шығармау керек.

Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп жаттап келу.

Бағалау.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *