Тақырыбы: Ару қыздар
Мақсаты : Балаларды мейірімділікке ,аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге ,сүйіспеншілікті арттыруға ,үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету . Бала бойындағы ізгілік ,инабаттылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру
Жүргізуші:
Аналар,әжелер,қадірлі қонақтар , қыздар сіздерді Халықаралық әйел-қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық,жүздеріңізлен қуаныш пен шаттық кетпесін.Осы мерейлі мереке тек қана игі жаңалықтар әкелсін..Бүгін сіздерге арналған «Ару қыздар » атты сайысымызды тамашалаңыздар. Қазір осы сайыстың әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
1.
2.
3.
4.
5.
Жүргізуші:
Мың бұралаған арулар дөңгелене би билеп,
Келеді міне ортаға көңілдері бір толқып,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық
Аруларын қашанда халқым менің сыйлаған.
Бай болсын қыздарымыз ізгілікке,
Жақсы дәстүр көп біздің ішімізде ,
Қол соғып ,қошеметпен шақырамыз,
Мың бұралған арулар сәлем береді көпшілікке- дей келіп ,ортаға аруларды шақырамыз.
1.ару. Сөзі салмақты,ісі тиянақты,дене бітімі жинақы қыз ЕСМҰХАН ДИЛЬЯРА ,Жасқайрат Зейнеп
2 ару. Баппен сөйлеп,биязы күліп жүзі жылы,өзі ұяң , тәні нәзік қыз САҒЫН ЯНА,Елекеш Гүлзат
3 ару .Көз жанары өткір,бет –әлпеті бал-бұл жанған,тәні шымыр қыз ЖҮСІПҚАЛИ АЙКӨРКЕМ ,Қазбек Шынайы
4 ару.Сөзі өткір,өзі пысық,келбетті,сұңғақ бойлы қыз САТЫБАЛДИЕВА АЙЗАТ ,Марат Айжан
5 ару. БЕт пішіні ,дене мүсіні келіскен , сөзі сыпайы,өзі әдепті ,терең ойлы қыз Қабдығали Дәмегүл , Мұстафа Айшат
Жүргізуші :
Уа,арулар ,арулар
Ешкімнің жоқ алалар,
Ару қыз атқа лайықты
Қайсың кәне жеңе алар ?
Бүгінгі сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін :
1шарт . Таныстыру
2шарт.Өз өнерлерін көрсету
3шарт. «Сәндік киімдер » үлгісі
4.шарт. «Тапқырлар, білгірлер ,білімділер»
5. шарт. «Қонақжайлық –ата дәстүріміз »
1 шартымыз : Ал енді қымбатты арулар , сіздерге қойылатын сайыстың бірінші шарты өзін таныстыру.
Ал кімнің өнері бар қаншалықт ы
Таныстырып өздерін ән салыпты
Бүгінгі сайысымызға бәйге алуға
Арулар аянбай –ақ жан салыпты .
( арулар өздерін таныстырады )
Сіздер қыздарымыздың өнерін тарзылап, әділ бағасын берерсіздер . Біз мерекемізді :
Ана сүтінен барлық бала нәр алған ,
Ол азығың өзіңмен бірге жаралған ,
Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,
Күш –қуат боп бар бойыңа таралған.
Алғашқы сезімді аналардың анасы әжелерге, аналарға және аналардың көмекшілері әпкелерімізге және сіңлілерімізге арнаймыз.
Балалардың орындауында өлең шумақтар :
1.НҰРЖОЛ
Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегңді ақтайын
Аман болшы анашым
2.АРМАТ
Менің әжем , бұл әжем ,
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем
3.ДОСЫМЖАН
Баланың да тірегі ,
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
4.ИСАТАЙ
Бар өмірдің жүрегі
Өзің алтын ордасың
Тілегімнің тірегі
Уайымың болмасын
5.РҮСТЕМ
Менің әжем , гүл әжем
Алтын әжем , күн әжем
Анам үшін , мен үшін
Нағыз ана тілі әжем
6. МАХАМБЕТ
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам,
Ай налайын , ақ мамам
7. СЕРІБЕК
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт,ана күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын
8.ӘДІЛЕТ
Мұрат,мүлде мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін
2 шартымыз :
Аруларымыз мың бұралған биімен,тамылжыған әнімен өз өнерлерін көрсету сайысына түседі.
Қазақтың түрлі дәстүрлері бар
Оның сырын біледі ме ару қыздар ?
Сол себепті қоятын сауалда бар
Ал арулар сайысқа қалайсыңдар ?1\
Ару қыздарымыздың өнеріне баға беріліп алғанша , ұлдарымыздың биін тамашалап алайық .
3 шартымыз : «Сәндік киімдер »үлгісі
Ән: АНА
Орындайтындар : Нұржол,Исатай,Махамбет, Рүстем
4 шартымыз: «Тапқырлар , білгірлер, білімділер »
Ару қыздар 2 сұраққа жауап берді және 1 мақалдан айтады .
Мақал –мәтелдер айту
Аруларымызды ортаға шақырайық.
1.Есмұхан Дильяра ,зейнеп
2.Сағын Яна ,Гүлзат
3.Жүсіпқали Айкөркем,Шынайы
4.Сатыбалдиева Айзат ,Айжан
5.Дәмегүл, Айшат
5. шартымыз: «Ас –адамның арқауы » деп аталады. Аналар мен қыздардың қолдарынан жасалған мерекелік дастарханға салат даярлау. ( салатқа ат қойып,жасалуы туралы түсінік беру керек.)
Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен., Ана-перзент тәрбиелеуші,Ана –қызметкер,ана –ғалым,Ана-зейнеткер.сондықтанда болар ,әркім өз анасы жөнінде толғанады,ойлайды,сағынады.
Келесі сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
- Бас жүлдеге иегер қыз «Сынып аруы »
- «Көрермендер көз айымы »
- «Өнерлі қыз »
- «Мың бұралған биші »
5 «Көрікті қыз »
6. «Білімді қыз »
7.
8.
9.
Әсем әнім сырнайды –ай
Әлем сүйіп тыңдайды –ай ,
Тамылжытып ән салмай
Күнде думан болмайды –ай , дегендей
ӘН : «Аяулы анашым »
Құрметті аналар балаларыңыздың өздеріңізге арнап әзірлеген сыйлығын қабыл алыңыздар .
Жүргізуші :
Аналар , қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа ,
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға – дей отырып , бүгінгі сайысымызды аяқтайық .
Ардақты аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын. !
[bws_related_posts]