Басы » Бала бақша » Таным әлеміне саяхат

Таным әлеміне саяхат

Шығыс қазақстан облысы Семей қаласы
№ 8 Балбөбек ясли бақшасы
Жексенаева Майгул Калибековна
ересек тобы «Таным әлеміне саяхат»
ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Мақсаты : Таным саласы бойынша білетін білімдерін тиянақтап қортындылап бекіту.Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Заттарды салыстыра білу, кеңістікті бағдарлай білу, ойлау,есте сақтау қабілеттерін , сөздік қорын байыта отырып,танымдық қабілетін дамыту.

Сөздік жұмыс: Таным әлемі, сиқырлы текше, жабайы аңдар,үй жануалары,жыл мезгілдері.

Билингвальды компонент: Сиқырлы-волшебный, жабайы аңдар-дикие животные,үй жануарлары-домашние животные.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балаларды жылулық шеңберге тұрғызады.
Балалар бүгінгі күнге тілектерін айтады.
Сәлем саған күннің нұры!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған қоршаған орта!
Ұйымдастырушы ізденуші Балалар бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өте ерекше болғалы тұр. Бізге тәрбиеші апайлар қонаққа келді.
Қонақтардың келгеніне қуаныштысыңдар ма? Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем айларын атаңдар?
Бір аптада неше күн?
Сергіту сәті: Оң қол, сол қол. Оң аяқ, сол аяқ. Алдыға, артқа Түзу тұрамыз Түзу отырамыз.
Балалар менің қолымдағы сиқырлы текшені қараңдаршы осы сиқырлы текшенің көмегімен «Таным әлеміне » саяхатқа шығамыз.
«1,2,3 сиқырлы текше » бізді таным әлеміне апар деп айтайық.
Міне «Таным әлеміне келдік»
Балалар таным әлемінің сол жағында орман және жайлау орналасқан екен.
Балалар орманда нелер жүреді?
Мына жерде жайлау екен, жайлауда нелерді өсіріп бағады?
Дидактикалық ойын : «Қайсы қайда тіршілік етеді?»
Таным әлемінің ортасында сиқырлы сандар бар екен ,біз нешеге дейін санай аламыз.Кім маған сандарды қойып тура және кері санап береді?
Геометриялық пішіндерді атаңдар ? Оларға ұқсайтын айналамыздағы заттарды атаңдар?
Таным әлемінің оң жағында құрастыруға арналған құрлыс жабдықтары бар екен.Балалар қане құрлыс жабдықтарынан үлкен үй тұрғызып «Үйшік » ертегісін қойып көңілімізді көтерейік?
Сиқырлы текше көмегімен тобымызға қайтайық.
«1,2,3 сиқырлы текше » топқа апар.

Балалар тыңдайды.
Қол шапалақтады.
Көктем. Наурыз, сәуір, мамыр.
Дүйсенбі , сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі , жұма, сенбі ,жексенбі.

Балалар салыстырады.
Сергіту сәтін жасайды.
Балалар текшені көргенде қуанды.

Саяхатқа қуана шықты.

Жабайы аңдар аю,қоян , қасқыр, арыстан, жолбарыс т.б.
Қой ,ешкі, сиыр, жылқы, түйе.
Ойынды қызыға ойнап әрқайсын өз орнына орналастырды.
Сандарды қойып тура және кері санады.
Геометриялық пішіндерге ұқсайтындар шатыр, есік, тарелке, орамал , парта т.б.
Құрлыс жабдықтарынан үйшік тұрғызып кейіпкерлерге бөлініп ертегіні қойды.
Текше көмегімен топқа келді.

Рефлексивті түзетуші «Кім жылдам» ойындарын ойнату арқылы ұғымдарды қортындылап бекіту. Ойынға қызығушылықпен қатысады.

Күтілетін нәтиже :
Болу керек:Таным саласы бойынша білімдері болу керек.
Білу керек : Заттарды салыстыру бағдарлау амалдарын білу керек.
Істей білуі керек : Берілген тапсырмаларды істей білулері керек.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *