Басы » Бастауыш сыныптар » Көз — көру мүшесі

Көз — көру мүшесі

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
№1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Мұхан Арна Ордалықызы

Көз — көру мүшесі
Сабақтың мақсаты: 1. Көз және оның қызметі туралы түсінік беру.
2. Көру гигиенасы,көз жаттығуларын жасау, көзді сақтай білуге үйрету.
3. Тазалыққа, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы:
Ребус шешу:

Сюжеттік көрініс:

Тақтаға екі оқушы шығады. Біреуі-сергек, екіншісі-шаршаңқы.
Мұғалім: «Айдос, сен неге шаршап тұрсың?»
Айдос: «Түу, менің басым ауырып тұр.»
Мұғалім: «Қане, Айдос, Айнұр, мына ребусты шешейік.»
Ребустың шешуі:

Мұғалім: «Балалар, жаңа Айдос пен Айнұр тақтаға шыққанда не байқадыңдар? Олар өздерін қалай ұстады?»
Балалар кезек-кезек жауап береді.
Айдос шаршап , ренжіп тұрды. Ал, Айнұр өзін сергек ұстады.
— Айдос, Айнұр кешегі күндеріңді қалай өткіздіңдер, айтып беріңдерші.
Айнұр күн тәртбін сақтап демалғанын айтады, Айдос түнімен компьютер ойнағанын айтады.
— Жүйке жүйесін күту үшін, ең бастысы адам өзінің күнделікті іс-әрекетін, айналысатын ой және дене еңбегін дұрыс ұйымдастыра білу керек. Ой және дене еңбегін, өзінің демалысын ұйымдастыра білген адамның жүйке жүйесі қалыпты, шаршамай жұмыс істейді, көңіл-күйі жақсы болады, жұмысқа қабілеті артады.
Ал, Айдос секілді түнімен компьютер ойнаса, күн тәртібін сақтамаса, онда жүйке жұмысының қызметі де бұзылады.
Компьтердің зияны: ми шаршайды, бас ауырады, көздің көруі нашарлайды.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Біз көреміз, естиміз, әр түрлі иістерді , дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажайып қабілеттер бізге бес сезім мүшесі арқылы берілген. Олар:

-көз- көру мүшесі,
-құлақ- есту мүшесі,
-мұрын- иіс сезу мүшесі,
-тіл- дәм сезу мүшесі,
-тері- ыстық пен суықты сезу мүшесі.

Осы бес сезім мүшелері арқылы біз өзімізді қоршаған әлемді танып білеміз.

Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымз: «Көз – көру мүшесі».

Мұғалім түсіндірмесі:
Адам көзбен заттың пішінін, түсін, мөлшерін ажыратады. Айналадағы әлемнің әсемдігін көреді, кітап оқиды, теледидар қарайды. Егер көзді зерттеп қарайтын болсақ, оның ортасында нұрлы қабықшасы бар екенін көреміз. Нұрлы қабықшаның ортасында қарашық орналасқан. Ол көзге жарық өтетін терезеше тәрізді. Жарық көз бұршағы арқылы өтіп, бейне көздің торлы қабықшасына түседі. Бұдан кейін көру жүйесі оны миға жеткізеді. Содан барып, біз бейнені көреміз.

Көз дәрігері-окулист

Көздің қорғанышы-кірпік, қас, қабақ.

Олар көзді шаң-тозаңнан, қоқымнан, сұйық тамшылардан қорғайды.
ІҮ. Дәптермен жұмыс.
3 қатар 3 мақалды жазу, мағынасын түсіндіру.

ҮІ. Бекіту.Оқулықпен жұмыс. Суретке қарай отырып, оған қорытынды жасау. Сұрақ-жауап.

ҮІІ. Сауықтыру сәті.

ҮІІІ. Ойын.«Пайдалы-зиянды»

1. Электр жарығы
2. Үшкір заттар
3. Қолшатыр
4. Жасыл түс
5. Көзілдірік
6. Компьютер
ІХ. Қорытындылау.
Х. Бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *